№ | Сабақтың тақырыбы | «Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі» |
1 | Сабақтың мақсаты | Білімді белсенді түрде игеру процесін жаңа тәсілдер арқылы ұйымдастыру. |
2 | Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері | |
3 | Сабақтың нәтижелері | қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады, функционалдық сауаттылыққа бейімділікті қалыптастырады. |
4 | Коучингті өткізу әдістері | топтық жұмыс, миға шабуыл, АКТ. |
5 | Өткізілген уақыты | 30.11.2016ж. |
6 | Ұсынылатын ресурстар | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Қосымша дерек көздері. |
Уақыты | Коучердің іс-әрекеті | Мұғалімнің (тыңдаушының) іс-әрекеті | Қолданылған құралдар |
2 минут | Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті әріптестер. Бүгінгі коучингіге келгендеріңізге үлкен рахмет. Мен ойлаймын бүгінгі коучинг сіздерге маңызды болады деп. Көңіл болып келгендеріңізге рахмет. | Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі. | |
5 минут | Танысу. Нұсқау: Құрметті әріптестер барлығыңызды шеңбер бойымен тізбектеліп тұруларыңызды сұранамын. Шеңбер жасап орналасқан болсақ, қолымдағы допты оң жағымда тұрған адамға беремін. Бұл адам допты алып, өз есімін айтады да келесі адамға береді. Осылайша екінші адам допты алып алдынғы адамнын есімін айта отырып, өз есімін жариялайды. Доп менің қолыма жеткенше процесс осылайша жалғасады. Сұрақ: | Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді,бір-бірімен танысады. Допты кезекпен алып, өздерінің есімдерін айта отырып, топтармен танысады. Жағымды әсер қалдыратын сөздер айту арқылы допты бір-біріне ұсынады. Осылайша өздеріне ахуал туғызады. Сұрақтарға өз пікірлерін айтады. | Доп |
5 минут | Топ ережесін құру, топқа бөлу. Нұсқау: Құрметті әріптестер топқа бөлінейік. Ол үшін Нұсқау: Құрметті әріптестер біз әуелі топ ережесін құрып алайық. Сұрақ: | Суреттердің мағынасына қарай топқа бөлінеді. Әріптестер өз ойларын білдіреді. Бірінші ережеден кейінгі ережелерді әріптестер құрады. Нәтижесінде 3 топқа құралады. А3 әріптестер құрған ережені алдағы уақытта қолданатынын растап, қолдарын қояды. | А3, маркер |
3 минут | Тақырыпты көрсету. Нұсқау: Мұғалімдерге бүгінгі «Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулін»көрсету. | Мұғалімдер бүгінгі тақырыпты көз алдарына елестеді. | Презентация |
10 минут | Топтық жұмыс І Топ «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» ІІ Топ «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» ІІІ Топ «талантты және дарынды балаларды оұқыту» Нұсқау: Топта мұғалімдер Талқыланған идеяларыңыздан постер дайындаңыздар. | Мұғалімдер өздеріне берілген тақырыптарды талдайды және топтық жұмыс жасай отырып, тақырыпты ашады. Түйген ойларынан постер дайындайды. Постерде жазылған ойларын басқа топтарға таныстырады. | А3, маркер, |
5 минут | Талдау, өзара бағалау. Нұсқау: барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар. Тақырыпты ұтымды ашты деген тұпқа формативті бағалау жасаңыздар. Яғни ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлеріңізді стикерге жазып, сол топты постеріне жабыстырыңыздар. Сұрақ: Тапсырманы жан-жақты талдау үшін қандай сұрақтар қояр едіңіздер? | Топтаға мұғалімдер ақылдаса отырып, тақырыпты толық аша алған топқа формативті баға береді. Неліктен олай шешкендігі жайлы өз пікірлері жазылған стикерді постеріне жабыстырады. Сұрақтарға өз пікірлерін айтады. | Стикер |
10 минут | Сергіту сәті. Нұсқау: «Бала мен алма ағашы» әңгімесін тыңдай отырып мұғалімдер өз ойларын жеткізеді. Сұрақ: | Сұрақтарға өз пікірлерін айтады. | |
10 минут | Кері байланыс Нұсқау: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі коучинг семинарларда кездескенше күн жақсы болғай. | Кері байланыс парағына өз пікірлерін жазады. | Кері байланыс |