Просмотр содержимого документа
«Жеке ?зіндік білім к?теру жоспары »
Бестөбе №2 орта мектебі
Жеке өзіндік білім көтеру жоспары
2010 ж. - 2015ж.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Какимова Дана Амангелдіқызы
Жалпы мектеп тақырыбы: «Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жеке ыңғайда қарау»
ӘБ-нің тақырыбы: «Шет тілі сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту»
Жеке білім көтеру тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді пайдалану»
Тақырыппен жұмыстың басталуы: 2012-2013жж.
Тақырыппен жұмыстың аяқталуы: 2016-2017жж.
Білімі (қашан, қай оқу орнын бітірді): 2012жыл, Көкшетау қ., «Абай Мырзахметов» атындағы университеті.
БЖК қашан оқыды: 2013жылы.
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:
Негізгі тәрбиелік мақсаты – оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
Жаңа технологияларды, ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы ағылшын тілі пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.
Оқушы білімін тексерудің барлық түрлерінде оқушыларға жекелей және дифференциалды тапсырмалар беру
Оқушы білімін тексерудің диагностикасын және мониторингсін жасау.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі идеясы :
Әр оқушыға тұлға ретінде қарау
Білім мен тәрбие беру;
Ғылымға құштарлығын арттыру
Дифференциалданған және жекелей тапсырмалар беру;
Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру;
Инновациялық технологияларды сабақта қолдану
Дамыта оқыту теориясын қолдану (Л. В. Занков );
Танымдық қызығушылығын дамыту теориясын қолдану
(И. Гальперина, Щукина ).
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары:
Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
Ағылшын тілі білімдерін тереңдету.
Педагогика ғылымының жетістіктерін,озат тәжірибені оқып-үйрену.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:
ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті:
Компьютерлік техниканы
Интернет
телекоммуникациялық желі
электрондық және телекоммуникациялық құралдарды
мультимедиалық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысының мазмұны мына төмендегі төрт сала бойынша жүргізіліп келеді:
1.Теориялық білім жетілдіру;
-Психология, педагогика,социология және дидактика салалары бойынша теориялық білімін жетілдіру;
Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;
Қазақстан Республикасының білім туралы негізгі нормативтік құжаттарын оқып-үйрену;
Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену, білім берудің жаңа парадигмаларының мәнін терең түсіну;
Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқып-үйрену.
2.Пәндік білім жетілдіру;
Пән бойынша жоғары оқу орнындағы білім деңгейінде білімін толықтыру;
-Білім стандарттары,оқу бағдарламалары , оқу жоспарларын зерттеу, сараптау,жаңа буын оқулық-
тары және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену;
-Өз мамандығын сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарды үнемі оқып, білімін толықтырып отыру;
-Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу, жаңа білімдер игеру.
3.Әдістемелік білім жетілдіру;
-Жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену;
-Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс-формаларын,қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін
оқып-үйрену;
-Озат педагогикалық тәжірибе мен педагогика ғылымының жетістіктерін оқып-үйрену,практикаға ендіру;
-Мектептегі әр түрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысц;
-Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену.
4.Жалпы мәдени білім жетілдіру;
-Саяси,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу арқылы білімін тереңдету және ой-өрісін кеңейту;
-Театр, мұражай және кітапханаларға бару,
- Әр түрлі ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік шараларға қатысу;
-Этика мен эстетика, экология мен экономика мәселелерін оқып-үйрену.
Іс-шараның тақырыбы
мерзімі
1
Жалпы мәдени деңгейді көтеру.
"Оқушылардың танымдық қызығушылығын және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары" тақырыбы бойынша әдебиеттер оқу
ӘБ отырысында оқып- үйрену қорытындысы туралы есеп беру (ӘБ жоспары бойынша)