Сабақтың тақырыбы | Ұлыбританияның дәстүрлері мен мерекелері. |
Оқу мақсаты | Оқушылар Ұлыбританияның дәстүрлері мен мерекелері туралы біліп, Қазақстанда тойланатын мереклермен салыстыра алады. |
Оқытудың нәтижелері | Сыни ойлана алады. Сөздік қорлары дамиды. Топтық жұмыста бірлесе жұмыс істейді. |
Бағалау критерийлері | Білім алушы: Жаңа сөздіктерді оқылуымен үйренеді. Мәтінді оқып, түсінеді. Мерекелерді әңгімелеп айтып бере алады, өз ойын жеткізе алады. |
Модульдің кіріктірілуі | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Оқушыларды жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытудағы басару және көшбасшылық. |
Сабақ бөлімінің кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар, көрнекіліктер |
Кіріспе 4 мин 5мин | Сәлемдесу | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. | | |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Tongue twister» өткен сабаққа байланысты жаңылтпаш оқытамын. | Оқушылар тақтада жазылып тұрған жаңылтпашты оқиды, тез оқуға тырысады. | мадақтау | АКТ |
Үй тапсырмасын тексеру. «Кір жайғыш» әдісі бойынша үй жұмысын тексеремін. Оқушыларға жуылған киімдерді таратып беріп, сұраққа жауап бергізіп, ілгіземін. | Оқушылар үйге берілген жаттығуды кір жайғыш әдісі бойынша киімдерге жазылған тапсырмаларды тақтаға жазып, киімдерді жіпке іледі. | Мадақтау арқылы бағалау, таза жуылды, таза жуылмады деп айту арқылы бірін-бірі бағалайды | қағаз киімдер |
3 мин | «Шеңбер» әдісі бойынша оқушыларға қима сурет қағаздарды таратып беріп, топқа бөлемін. | Оқушылар шеңбер болып тұрып қима сурет қағаздарды алып, сурет бойынша сыни тұрғыда ойланып 3 топқа бөлінеді. Қолдарындағы мерекеге байланысты суреттер бойынша топқа ат беріледі. | Мадақтау арқылы бағалау. | Қима қағаздар |
Жаңа сабақтың таныстырылымы 5 мин | Қима суреттер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы не екенін сұраймын. Оқушыларға мәтіндерді таратып беремін. Жаңа тақырыптың сөздігін жазғызып, оқып қайталатқызамын. Интербелсенді тақтадан мәтінді оқытамын. | Оқушылар қолдарындағы қима қағаздарының мерекелерінің ұқсастықтарына байланысты 3 топқа бөлінеді. Интербелсенді тақтадағы жаңа сөздікті жазып алады, мұғалімнен кейін оқып дұрыс оқылуын үйренеді. Сөздікпен жұмыс жасап болған соң мәтінді бірінен кейін бірі оқиды. | Бас бармақ арқылы формативті бағалау, топты бағалау, бірін-бірі бағалау. Бақылау арқылы бағалау. | |
Жаңа сабақты қолдану 13 мин | Постер жасатамын. Осы арада С деңгейіндегі оқушыларға «фил вордс» тапсырмаларын таратып беремін. | (А,Б,С деңгейіндегі оқушылар)Топ атауларына байланысты мерекелеріне постер жасап, қорғайды. Ал, С деңгейіндегі оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды. | Бірін-бірі бас бармақ көрсету арқылы формативті бағалау. | постер |
Жаңа сабақты қорытындылау 9 мин 5 мин 1 мин | «Венн диаграммасы» бойынша Қазақстанмен Ұлыбританияның ерекшеліктерімен ұқсастықтарын жасатамын. Сөйлемдерді мәтінге байланысты аяқтатқызамын. | «Венн диаграммасы» бойынша Қазақстанның мерекелерімен Ұлыбританияның мерекелеріні ерекшеліктерімен ұқсастықтарын жазады. (А деңгейіндегі оқушылар) Ал Б,С деңгейіндегі оқушылар мәтінге байланысты сөйлемдерді дұрыс аяқтайды. | Бірін-бірі бағалау, топтық бағалау, бақылау арқылы бағалау. | АКТ |
Бағалау. «Фиш Боун» әдісі бойынша жасалынған бағалау парақшасын таратып беремін | Бағалау парақшасына жаңа сабақта не түсінгендерін жазады. Деңгейлік сұрақтарға жауап береді. | | Бағалау прақшасы. |
Үйге тапсырма беру. Сөздік жаттау Қазақстанның бір мерекесі туралы кішігірім шығарма. (5-10 сөйлемге дейін) | Күнделікке жазып алады. | | Күнделік |