Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану ?ылымыны? ?ажайыбы »
Кештің мақсаты:
1.Оқушылардың биология,химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын
меңгерту.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3.Химия,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Кештің безендірілуі:
Кештің аты, жоспары жазылған плакат, «Химия,биология тұрмыста » бүктемесі, шарлар, гүлдер, маңызды химиялық заттардың формулалары,интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар.
Кештің жоспары:
1.Сәлемдесу, таныстыру.
2.Химиялық,биологиялық тілде құттықтау
3.”Білгішболсаң, шешіп көр”
4.Лездік сұрақтар
5. “Қызықты тәжірибелер”
6.Полиглот
7.”Егерде мен....”
8.Марапаттау
Қатысушылар 8,9,10,11 сынып оқушылары 4 адамнан төрт топ құрды.
Кештің жүру барысы:
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химия мен биологияның кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар арасында химия және биологиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз.
Ғали Ормановтың мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Жүргізуші:
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті.
(Әділ қазылар алқасы таныстырылды)
Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.
«Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Кеш бастайық жарысып.
Химиялық тілде құттықтау
Жақсылық әр кез тілейік,
Химияны оқып білейік.
Осы тілде құттықтап
Аман-есен жүрейік.
Алтындай ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.
«Шытырман»
х
и
и
ң
м
я
д
қ
л
і
ә
ы
д
в
р
м
и
т
е
р
ы
і
е
а
т
д
н
а
к
ы
й
п
т
т
м
р
л
а
к
у
о
ө
б
г
е
Лездік сұрақтар 1
1. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым – экология
2. Элодея- бөлме өсімдігі
3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл- йод
4. Бүйрек- зәр шығару мүшесі
5. Ас тұзының формуласы - NaCl
6. Темірқазық- жұлдыз
7. Темір элементінің оқылуы - феррум
8. Палеозой- дәуір
9. Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр- коэффицент
10. Алтынемел- қорық
Лездік сұрақтар:2
1.Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы- ас тұзы
2.Қанның құрамына кіретін металл- темір
3. Тыныс алумүшесі- мұрын
4.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ
бөлшегі - атом
5. Инсулин-гормон
6.Фосфор қышқылының формуласы- H3PO4
7.Жылдық шеңбер нені білдіреді- жасын
8.Кремний элементінің оқылуы - цилисиум
9. Жасушаның ең кіші бөлігі- ядро
10. Калий- сілтілік металл
Лездік сұрақтар:3
1. Қоймалжың сұйық зат - цитоплазма
2. Қалыпты жағдайда сұйық күйінде болатын
бейметалл- сынап
3. Кальций карбонатының формуласы- CaCO3
4. Адамдағы тістің саны- 32
5. Күміс элементінің оқылуы - аргентум
6. Бекіре- балық
7. Ас тұзының кристалдық торы- иондық
8. Сусар- жануар
9. Жылу бөле жүретін реакция - экзотермиялық
10. Сәбіздің тамыр жүйесі- кіндік
Лездік сұрақтар:4
1. Катализатор- өршіткі
2. Жүйелеудің ең кіші бірлігі- түр
3. Аммиактың формуласы - NH4OH
4. 1 г көмірсу ыдырағандабөлінетін энергия- 17,6кДж
5. Қорғасын элементінің оқылуы - плумбум
6. Өсімдік жасушасының қор заты- жасұнық
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?-
М.В.Ломоносов
8. Кайнозой- дәуір
9. Жануар жасушасында болмайтын органоид- пластид
10. Фенолфталейннің түсі- қызыл-сары
Шырпысыз от
КМпО4 калий перманганатына
(марганцовка) 1-2 тамшы Н2SО4күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісін тамызып, үстіне тимейтіндей етіп ағаш жаңқаларын қалаймыз. Мақтаны спиртке батырып алып, үстіне 1-2 тамшы тамызамыз, сонда ағаш шырпысыз тұтанады.
Ауыртпай жасалатын операция
КСNSкалий роданиді ерітіндісін мақта арқылы қолға жағып, пышақтыFеСI3темір ( III) хлориді ерітіндісіне батырып алып , оның үстінен сызады. Сонда қан қызыл түс пайда болады.
3КСNS + FеСI3= Fе(СNS)3+ 3КСI
Жанбайтын орамал
Мақтадан жасалынған шағын орамалды әуелі су құйылған құтыға батырып алып, сығамыз сосын спирт құйылған құтыға батырып алып ұзын қысқышпен ұстап тұрып, шырпымен тұтатамыз . Сонда орамал сыртындағы спирт жанып , сөнген уақытта орамал жанбай қалады.
Отсызтүтін
Концентрлі НСI тұз қышқылының ерітіндісіне шыны таяқшаны батырып алып, екінші шыны таяқшаны NН4ОН аммоний гидроксиді ерітіндісіне батырып екеуінің ұштарын тигізген уақытта, будақтаған түтін пайда болады.