Просмотр содержимого документа
«Такырыбы: «Туйе –торт туліктін торесі» »
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебі
«Түйе –төрт түліктің төресі»
Химия және биология пәнінің мұғалімі: Бисенгалиева А.С.
Сыныбы: 7 «а» Сабақтың тақырыбы: Түйе –төрт түліктің төресі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға түйенің арғы тегі, адам үшін маңызы, Қазақстанда кең таралған қолтұқымдары, жергілікті жердегі қолтұқымдары туралытүсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушыларға түйе шаруашылығының маңызын ұғындыру, алған білімдерін кеңейту, практикамен ұштастыру.
Дамытушылық:
Іскерлігін, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Өздігінен еңбек ету қабілеттерін дамыту. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу іскерлігін дамыту. Әр түрлі сұрақтарға жауап ізденту арқылы ойланту
Тәрбиелік:
Оқушыларды өзара топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, еңбек етуге тәрбиелеу. Өз пікірін айта отырып, басқалардың пікірін тыңдауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- Түйе туралы түсінік алады;
- Оқушылардың «Түйе шаруашылығы» туралы өз ойларын білдіріп, ойлау қабілеттері қалыптасады;
- Мәселені шешуде әркімнің пікірі есепке алынатындығына көздерін жеткізеді;
- Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылықтары артады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Қолданылатын модульдер: диалогтық оқыту, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, өзін-өзі бағалау, АҚТ, дарынды оқушымен жұмыс.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар: топтық жұмыс, әңгіме, сұрақ-жауап, рефлексия, кластер.
«Шаттық шеңбері». Оқушылар дөңгеленіп тұрып, қолдарына жіп алып, бір –бірлеріне жақсы тілектер айтады.Нәтижесінде өрмекшінің торы шығады. Ол деген топпен жұмыс барысында ұйымшыл болуды білдіреді.
Әртүрлі қағаздан жасалған жануардың суреті таңдау арқылы сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Топ лидерлерін сайлау, оларға бағалау парақтары беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру:
Ұсынылған тұжырымдардың ішінен, тек дұрысын таңдаңыз: (флипчарт-4бет)
1. Жылқы сүтінен жасалатын сусын қымыз. 2. Жылқы сүйеді баласын «торпағым» деп 3. Жылқы боздайды 4. 19 ғасыр тарпан жойылған 5. Жылқының иесі қалай аталады? «Қамбар ата» 6. 5-6 мың жыл жылқы қолға үйретілген 7. Жылқыда өт бар 8. Көлік орнына пайдаланылатын үй жануарлары ат 9. Жылқы төлі-қошақан 10. Жылқы сүйеді баласын «торпағым « деп, 11. 250 жылқының қолтұқымы бар 12. Жылқыны көс-қөс деп шақырады. 13. 20 Қазақстанда жылқының қолтұқымы бар 14. Мұғалжар жылқысы 3000 литр сүт береді. 15. Қымыздың 40түрі бар 16. Жылқының қылынан текемет жасайды
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
І. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау стратегиясы» (флипчарт-5бет)
Топтағы оқушыларға «Түйе шаруашылығы» туралы интербелсенді тақтадан бейнефильм көрсетіледі. Топтағы оқушыларға сұрақ: Түйе қандай жануар?
Үй жануарларына не жатады? Не себептен тек қана түйені көрсеттім деп ойлайсыңдар?
Ал, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай ? Бүгін нені білгілерің келеді? Өз ойларын айтады.
ІІ. Мағынаны тану.
Топтағы оқушылар орталықтармен жұмыс жасады.
І. «Әдебиет» орталығы
ІІ. «Ғылыми-ізденіс» орталығы
ІІІ. «Ақпараттық» орталығы
І. «Әдебиет» орталығы. Оқулық мәтінімен жұмыс. (флипчарт-6бет)
INSERT.
«V»
мен мұны білемін;
«+»
жаңалық;
«–»
менің біліміме қарсы жаңалық
«?»
мен үшін жаңалық;
«!»
бұл өте қызық.
Топтың әр мүшесі оқулықтағы тапсырмалар қарап шығып, белгілеп, ортаға салып талқылайды да, кестені толтырады.Белгіленген уақытта әрбір топ, кесте толтыру кезінде жаңалықтарды, сәйкес келмейтін оқиғаларды, түсінбегендерін талқылап, тұжырымдайды. Үш топ мүшелері өз жұмыстарын түсіндіреді.
ІІ. «Ғылыми-ізденіс» орталығы. Оқушылар деңгейіне қарай деңгейлік тапсырма. (флипчарт-8 бет)
А. Түйе туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ырымдар.
Б. Түйенің адам өміріндегі маңызы.
С. Түйе атына қатысты өсімдіктер атауы. Түйенің жасына түріне қарай атауы
Деңгейлік тапсырмаларда балалардың білімін саралады. Әр оқушы өз біліміне сай тапсырмаларды орындап, өзін өзі бағалады және өзін өзі реттеді.
ІІІ. «Ақпараттық» орталығы. Топпен ақылдасып берілген тақырып бойынша білгендерін әңгімелеп, флипчартқа түсіру. (флипчарт-9 бет)
1-топ- Түйе шаруашылғы
2- топ - Түйе өнімдері
3-топ- Шұбаттың пайдасы
Әр топ өзіне берілген тақырыпты ашып, флипчарт құрады, қорғайды.
III. Толғаныс.
1. Синквейн әдісі: (флипчарт-12)
1- топ- Түйе 2- топ -Шұбат
3- топ- Нар
Зат есім (1- еу)
Сын есім ( 2-еу)
Етістік (3-еу)
Сөйлем (4-сөзден тұрады)
Синоним (1-еу)
2. «Венн диаграммасы» (флипчарт-13 бет)
1- топ Жылқы Түйе
2,3 -топ“ Екі жақты күнделік” толтыру Сипаттама бер:
Көнтабандылар
Бактриан
Дромадер
Арауна
Бура
Мая
Бағалау (флипчарт-15 бет)
Аты – жөні
(Тест тапсырмасы)
( 1 – 5 ұпай)
(Әдебиет орталығы)
(1 – 5 ұпай)
(Ғылыми ізденіс орталығы
(1 –10 ұпай)
Тапсырма №4 (ақпараттық орталық)
( 1 – 5 ұпай)
Тапсырма №5
(Венн диаграммасы, “Синквейн” )
(1 – 5ұпай)
Қорытынды балл
(Барлық жинаған ұпай саны)
Рефлексия «Бүгінгі сабақтан не алдым, алда не білгім келеді? Сабақ бойынша ұнаған, ұнамағанын, ұсыныстарын ортаға салады. (флипчарт-16 бет)
Үйге тапсырма: §63 оқып келу. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, түйе түлігі туралы хабарлама жазыңдар.Халық арасынан түйеге қатысы бар аңыздар жинап, талдаңдар.