Дамытушылығы:Оқушылардың өз ойымен тақырыпты ашуға өз бетімен жұмыстануына бағыттар бере отырып дамыту
Сабақтың әдісі: Жаңа материалды меңгерту
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі
1.Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді (Тақтадан сызбалар көрсетіп орындалады)
2Тамыр суреті бойынша тақтаға орындау
3 Тамыр жүйесін электронды оқулықтан орындау
4.Тамыр бөлімдерін қаламмен орындау
Түйін;Сонымен біз өсімдіктердін өсу мүшесімен таныстық Тамыр-өсімдіктің жер асты мүшесі,Атқаратын қызметі:Қоректік заттарды жер үсті мүшесіне өткізеді,қоректік заттарды қорға жинайды,
көбеюге қатысады.
Проблемалық сұрақтар
1.Өсімдік қалай қоректенеді?
2.Өсімдіктің қоректенуі үшін қажетті заттарды ата?
ІІІ Жаңа сабақ
Жоспары:
Тамыр өсімдіктің қоректену мүшесі
Минералды қоректену
Тыңайтқыштар туралы мәліметтер
Кіріспе
Өсімдіктерде қорек жасушаның қабықшасы арқылы сіңіреді.Қоректік заттар қозғалып сабақта,тамырда,жемісінде т.б мүшелерінде сақталады.Оны өсімдік түндеде,қыстада пайдаланады.
Қоректік заттарды ерітінді күйінде тамыр арқылы сорады.Керексіз заттар шығарылмайды вакуольде,қабықшада жиналады.Күзде керексіз заттар,қабық,сарғайып түскен жапырақтармен, бірге кетеді.
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін-минаралды қоректену дейді.Минералды қоректену-өсімдіктің тамыры арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі.Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітінділері түрінде жеткізіледі.Қоректік заттар тамырға өткен соң ұлпаға таралады,онымен барлық тірі ағза қоректенеді.Өсімдіктің жақсы қоректенуіне дамуына,топырақта азот,фосор,калий болуы қажет.
Топырақтан қоректенуде азоттың орны ерекше
Егер-азот жетіспесе өсімдіктің өсуі баяу,жапырақтары бозара бастайды.Ағаштың жанама бұтақтары дамымай қалады.Бидайдың түптенуі баяулайды,төменгі жатырақтары сарғайыды,қызарады,ақырында қурайды.
Калий жетіспесе өсімдік аласа болып өседі.Жапырақтары мен сабақтары нашар дамиды,тірек ұлпасы жетілмейді.Өсімдік сабақтары әлсіз болып,жатып қалады.Калий негізінен тамыр мен түйнек жақсы дамып,қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек
Қоректік ұлпалары қатысса,мүшелеріне тамыр қатысады.
Топырақта өсімдікке қажетті минералды тұздар бірқалыпты болмайды.Себептері:
1. Орман ағаштарын жылда кесіп,азайту өте зиян,Ойткені ағантан сынып түскен бұта,жапырақ,жеміс қалдықтары топырақта минералды тұздармен байытады екен.
2.Орып жинау кезінде өсімдіктің сабақтары,дәндері, топырақтар алған қоректік затты бірге алып кетеді.Топыраққа керекті элементтер мөлшері азайғандықтан өсімдікке тыңайтқыштар беріп,үстеп қоректендіреді екен.
Тыңайтқыштар
Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы өзгеріп отырады.Өсімдік тіршіліг үшін су,минералды тұздар,ауа қажет.Сондықтар құнарландыру үшін-тыңайтқыштар керек.
Тыңайтқыштар минералды және органикалық болып бөлінеді.
1.Органикалық тыңайтқыштар-Қи.шымтезек,құс саңғырығы,қарашірік жатады.
Минералды тыңайтқыш-азот,фосфор,калий. 3.Кестемен жұмыс (Жұмыс интерактивті тақтамен орындалады.)
Түйін:Өсімдіктің топырақтан қоректенуін минералды қоректену дейді.Топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашып,үстеп қоректендіреміз.
ІҮ Бекіту тапсырмасы
1.Биологилық диктант
1.Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін-минаралды қоректену дейді.2.Минералды қоректену-өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтердітопырақтан сіңіруі.3.Егер азот жетіспесе-өсу баяулайды,жапырақтары бозарады.4Фосфор жасуша қабықшасын түзеді.5.Калий жеткіліксіз болса өсімдік аласаболып өседі.
2.Ассоциация әдісі Тыңайтқыштар
3.Ой ашар сергіту Сәті жаттығу жасау
4 Зымыран сұрақтар Жеміс жидектер жинау тақтада көрсетіледі.
Түйін: Атқаратын қызыметіне қарай жасушалар топтасады.Өзіне тән пішіні мөлшері бар дененің бір бөлігінде үйлесімді қызымет атқаратын жасушалар тобы-ұлпа деп аталады.
4.Кестемен жұмыс
Өсімдік мүшелері
Жануарлар мүшелері
Мүшелер жүйесі
Жапырақ,жүрек,тамыр,құлақ,қарын, сабақ ,гүл, ми;
Түйін:Көпжасушалы жануарларда мүшелер жүйелері қалыптасқан
«Жасуша–ұлпа–мүше–мүшелер жүйесі» тізбегінің біртұтастығын баяндалып жаңа сабаққа көшеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақ тақырыбы:Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі.
Жоспар:
1. Қоректік зат және тіршілік.
2. Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы.
Қоректік зат және тіршілік. Кез келген тіршілік иесі сияқты жануар ағзасы де үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды. Олардың орны дәл сондай жаңа жасушалармен толығып, калпына келеді. Сонымен қатар бүкіл тіршілік процестерінің үздіксіз жүруіне қуат пайдаланылады. Жануар ағзасы мұндай «құрылыс материалы» мен қуатты қайдан алатынын қарастырайық.
Ағзаға қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған «құрылыс материалын» да, энергияны да беретін заттарға нәруыз, май және көмірсулар жатады. Сонымен бірге мұндай материалдарға көптеген минералды тұздарды және суды жатқызуға болады. Осындай заттардан ағза өз денесін құрып, тіршілік етеді.
Нәруыз – мөлшері мен тіршіліктегі қызметі жағынан жасушаның ең маңызды органикалық заты. Нәруыздардың тірі ағзада атқармайтын қызметі жоқ.
Жасуша құрамындағы майлардың мөлшері аз, 5-10%-дан аспайды. Олар да тіршілік процесінде құрылыс материалы, қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат ретінде маңызды рөл атқарады.
Көмірсулар жануар жасушасында 1-5%-дай болады, ал бауыр мен бұлшықет жасушасында көбірек кездеседі:
Көмірсулар (глюкоза, сахароза, т.б.) – ағзадағы негізгі қуат көзі.
Жануарлар дайын органикалық заттармен (өсімдікпен, басқа жануармен және т.б.) қоректенеді. Бірақ қоректің (жемнің, азықтың) құрамындағы нәруыз, май және басқа қоректік заттар ешбір өзгеріске түспей, бірден жануар жасушаларын түзеді, оны «жөндеп», қалпына келтіреді деген қате ұғым тумауы керек. Жануар ағзасында ол заттар ыдырап, ерітіндіге айналады. Сол ыдыраған бөлшектерден жануар ағзасы тек өзіне тән нәруыздарды, майларды және басқа заттарды синтездеп алады.
Бұл заттар ағзаның мүшелеріндегі өз қызметін атқарып тозған, жойылған жасушалардың қайтадан түзіліп жаңаруына жұмсалады. Оларды «құрылыс материалы» деуге болады. Органикалық заттар үздіксіз ыдырағанда үнемі қуат бөлініп шығады. Ол жаңа органикалық заттардың синтезделуіне, тыныс алуға, қозғалуға және т. б. жұмсалады.
Түйін:Ағзаның тіршілік етуі үшін қоректік заттар қажет.Ол үшін ағза қоректенеді,оның ағзасында ас қорытылады.
Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы. Көпжасушалы жануарлардың даму деңгейіне және тіршілік қалпына қарай асқорыту жүйесінің құрылысы әр түрлі. Жәндіктердің асқорыту жүйесінің құрылысын, оның біртіндеп күрделенуін нақтылы түсіну үшін ерекшеліктері айқын көрінетін бірнеше өкілдерін салыстырып қарастыралық.
Бұлардың ең қарапайым құрылысы бар өкілдерінің бірі – гидра.