kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т??ымны? ?нуіне ?ажетті жа?дайлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылармен амандасу, т?гендеу, саба??а дайынды?ын тексеру, саба??а ынталандыру,  зейінін  ма?сат?а ба?ыттау. Топ?а б?лу.

Сізде бар бол?аны 40 секунд

бар екенін ?мытпа?ыз.

  1. Е? алдымен тапсырманы со?ына дейін о?ып шы?ы?ыз.
  2. 2 рет отырып т?ры?ыз.
  3. Сол ?олы?ызбен 3 рет м?рыны?ызды сипа?ыз.
  4. «Мен а?ылдымын» деп басы?ызды сипа?ыз.
  5.  ?з есімі?ізді айты?ыз.
  6. 2 рет мияула?ыз.
  7. Сол ая?пен 3 рет секірі?із.
  8. М??алімге ?арап к?лі?із.
  9. Кез-келген 3 адаммен амандасы?ыз.
  10. Тапсырманы толы? о?ып бол?аннан кейін тек ?ана 11 тапсырманы орында?ыз.

Тапсырманы? артында жазыл?ан с?зді о?у ар?ылы топ?а б?ліні?із.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т??ымны? ?нуіне ?ажетті жа?дайлар »

Пән: Биология

Сынып: 6

Күн: 8.10.

Сабақтың тақырыбы:

Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар.

Мақсаты:

Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды (су, ауа,жылу) білу дағдыларын дамыту, ой-өрістерін кеңейте отырып сынитұрғыдан ойлануға үйрету.

Сілтеме:

6-сынып биология оқулығы, биология жұмыс дәптері, 6-сынып зертхана жұмыс дәптері.

Негізгі идеялар:

Тұқымдар, өсімдіктер, су, ауа.

Сабақтың дидактика

лық кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Жұмыс әдіс-тәсілдері, формалары

Психологиялық ахуал тудыру(ұйымдастыру кезеңі):

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа ынталандыру, зейінін мақсатқа бағыттау. Топқа бөлу.

Сізде бар болғаны 40 секунд

бар екенін ұмытпаңыз.

  1. Ең алдымен тапсырманы соңына дейін оқып шығыңыз.

  2. 2 рет отырып тұрыңыз.

  3. Сол қолыңызбен 3 рет мұрыныңызды сипаңыз.

  4. «Мен ақылдымын» деп басыңызды сипаңыз.

  5. Өз есіміңізді айтыңыз.

  6. 2 рет мияулаңыз.

  7. Сол аяқпен 3 рет секіріңіз.

  8. Мұғалімге қарап күліңіз.

  9. Кез-келген 3 адаммен амандасыңыз.

  10. Тапсырманы толық оқып болғаннан кейін тек қана 11 тапсырманы орындаңыз.

  11. Тапсырманың артында жазылған сөзді оқу арқылы топқа бөлініңіз.

«Көтеріңкі көңіл-күй» сергіту арқылы 2 топқа бөлу. Зейіндерін сабаққа аударды.



Сұрақ- жауап, ой толғау.

Ұжымдық жұмыс.

Үй тапсырмасын тексеру:

Әр топқа жеке тапсырмалар беріліп, білімдері тексеріледі.

1 – тапсырма

1- топқа

Қос жарнақты тұқымның құрылысы






Кілтті сөздер:

1.Қабығы 2.Екі жарнағы 3.Ұрығы

а) алғашқы сабақша

б) алғашқы тамырша

в) бүршікше

2-топқа

Дара жарнақты тұқымның құрылысы





Кілтті сөздер:

1.Қабығы 2.Бір жарнақ 3.Эндосперм 4.Ұрық

а) алғашқы сабақша

б) алғашқы тамырша

в) бүршікше

2 – тапсырма. ЭО. Интерактивті тапсырма № 17


3 – тапсырма. Өсімдіктерді тұқымның құрылысына қарай жіктей отырып кестені толтыр.

Өсімдіктер

Мысалдар

Даражарнақтылар


Қосжарнақтылар



1) Інжугүл; 2) Қара бидай; 3) Күріш; 4) Қызанақ; 5) Бұршақ;

6) Пияз; 7) Асқабақ; 8) Шалғам; 9) Сұлы; 10) Жүгері.












Әр топ өздерінің тапсырмаларын топ ішінде талқыға салып орындайды, бір-бірімен пікір алмасады, ой бөліседі және ортақ шешімге келіп жауап береді.

Электрондық оқулықта берілген тапсырманы тыңдайды, ой-өрісінен өткізіп топпен бірігіп орындайды.

Топ басшы құрылған критерий бойынша бағалау жүргізеді.

Сұрақ-жауап, пікір алмасу, зерттеу, ой толғау, топтық жұмыс.

Қызығушылықтарын ояту(жаңа сабаққа дайындық):

Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Тұқымның өнуі үшін қажетті жағдайлар су, ауа, жылу






  1. Таңмен көзін ашады, 
    Әлемге нұрын шашады (Жылу)

  2. Түсі бар көрінбейтін, 
    Біртұтас бөлінбейтін. 
    Тынысы ол тірліктің, 
    Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)

  3. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
    Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
    Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
    Айтыңдаршы осыны кім біледі? (Су)


  • Су - тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөрітуіне қажет. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты.

  • Ауа - өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді.

  • Жылу - тұқымның өнуі үшін қажет.

  • Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды тәжірибе жүзінде анықтау.

Жаңа сабаққа дайындық негізінде жұмбақ шешеді. Әр топ жұмбақты шеше отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Жұмбақтың әр жауабына түсініктеме береді.

Топ басшы құрылған критерий бойынша бағалау жүргізеді.

Сұрақ-жауап, іздену, ой толғау, дәлелді ізденіс, пікір алмасу.

Мағынаны ашу(жаңа сабақты түсіндіру):

  • Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады;

  • Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;

  • Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;

  • Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау;

  • «Миға шабуыл» арқылы әр топқа тәжірибе жүргіздіру.

1.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне еш нәрсе төсемей, кез-келген тұқымның 10-15 талын салып, құрғақтай қалдырамыз.

2.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне мақта төсеп сумен дымқылдап, тұқым салып, бетін әйнекпен жабамыз.

3.Тәжірибе. Ыдыстың жартысына дейін су құйып, тұқымдарды саламыз. Үш ыдысты да жылы жерге орналастырамыз.

4.Тәжірибе. Дымқылдап мақта төсеп, үстіне тұқымды салып, тоңазытқышқа қоямыз.

    • Берілген тәжірибелерді әр топ жеке орындайды. Топ мүшелерімен ақылдаса отырып жасалады. Бір-бірімен ақылдаса отырып жұмыс атқарылады.


    • Топ басшы құрылған критерий бойынша бағалайды.

Ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу; зерттеу, дәлелдеу.

Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Ғылыми дәлелдерге сүйену.

Сергіту сәті:

  • «Австралия жаңбыры» атты сергіту сәтін өткізу. Қолмен және саусақтармен әртүрлі қимылдар көрсетіледі, ал оқушылар мұғаліммен бірге қайталап отырады.

«Австарлия жаңбыры»

  1. Екі алақанды ысқылау – жаңбыр жауғалы тұр.

  2. Саусақтарды сыртылдату – жаңбыр тамшылай бастады.

  3. Кеудені екі қолмен кезек соғу – жаңбыр жауа бастады.

  4. Екі санда алақанмен соғу – жаңбыр күшейді.

  5. Аяқпен еденді соғу – найзағай ойнады.

  6. Аяқтың соғуын тоқтату – найзағай басылды.

  7. Екі санда алақанмен соғу жаймен соғу – жаңбыр азайды.

  8. Кеудені екі қолмен ақырын соғу – жаңбыр басыла бастады.

  9. Саусақтарды ақырын сыртылдату – жаңбыр тамшылап тұр

  10. Екі алақанды ақырын ысқылау – жаңбыр басылды.

  11. Құшақ жаю – күн ашылды.



    • Оқушылар мұғалімнің саусақтармен көрсеткен қимылдардын бірге қайталар отырады.

Жекелей жұмыс, ой толғау.

Ой толғаныс(жаңа сабақты бекіту):

  • Тапсырмаларды орындата отырып бұрынғы, бүгінгі білімдерін пайдалана отырып, практикалық негізінде ізденіске, өз ойын айта білуге қолайлы сәт тудыру.

«Ой қозғау». Постер қорғау – энциклопедия мен оқулықтан қосымша ақпарат іздеу арқылы екі топ өзара білімдерімен алмасады.

«Даражарнақтылар» тобы – су мен ауа.

«Қосжарнақтылар» тобы – су мен жылу.

  • Әр топ берілген тақырып бойынша постер жасайды. Постер жасау барысында бір-бірлерімен пікір алмасып ой бөліседі, дәлелдейді.

  • Топ басшы құрылған критерий бойынша бағалау жүргізеді.


Дәлелді ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру. Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.

Жаңа сабақты қорыту:

  • Жекелей жұмыс орындату. Жұмыс дәптерлерімен жұмыс атқарылады.

  • Әр тотың мүшелері жекелей жұмыс атқарады.


Тұқымды топыраққа себу үшін адам нені білу қажет?

  1. __________________________________________________________

  2. __________________________________________________________

  3. __________________________________________________________


Сонымен балалар бүгін біз «Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары» тақырыбын өттік. Осы тақырып барысында біз білмейтін көптеген мағлұматтар алдық. Табиғатта өсімдіктердің түрлері өте көп, олар саналуан, бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Оқушылар жұмыс дәптеріне 16-беттегі 4-тапсырманы орндайды).

Түсіп қалған сөздер мен сөз тіркестерін орнына қойып, мәтінді толықтыр.

Өніп келе жатқан тұқым______жұта және _____бөле отырып тыныс алады. Тыныс алу кезінде_______бөлінеді. Әсіресе, _______тұқымдардың тыныс алу кезінде көп________бөлінеді.Егер дымқыл тұқымдарды бір жерге үйіп қойып, сол күйінде үзақ уақыт қалдырса, онда олардың ұрықтары_____________ . Сондықтан мұндайға жол бермеу үшін тұқымдарды тек_________күйде сақтайды және оларды сақтайтын қойма _______________қажет.

(Оқушылардың жұмыс дәптері, 5-тапсырма, 17-бет.)

Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу, ой толғау.

Жекелей жұмыс.

Рефлексия:

«Өмір ағашы» кері байланыс жүргізу.

Оқушыларға смайликтер тарату.

  • Кері байланыс арқылы өз білімдерінің деңгейі анықталады, дәлелденеді.

  • Смайликтерді таңдау арқылы сабақтың түйіндісі шығады: көңіл-күйім керемет, көңіл-күйім орташа, көңіл-күйім төмен.

Жеке-жеке жекелей жұмыс, ой толғау.

Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасы- келесі сабақтың іргетасы. Сыныпта орындаған тапсырмалар төңірегінде үй тапсырмасын беру, дұрыс орындауға бағыт беру.

  1. §28 оқу мазмұндау.

  2. Оқушының жұмыс дәптерінен 6,7 – тапсырманы орындау

Үй тапсырмасын орындау кезінде жауапкершілікті сезінеді, қосымша материалдармен жұмыс істейді, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашады.

Сұрақ-жауап алмасу, ой толғау, ұжымдық жұмыс.

Бағалау

Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.

Бағалау парағы.

Аты-жөні

Үй жұмысы

Жаңа сабақ

Жалпы ұпай

Баға

№1 тапсырма

№2 тапсырма


№3 тапсырма ЭО

Миға шабуыл

З/ж

Ой қозғау

Постер

Қорытынды

1,2-тапсырма





















Әр тапсырмаға 5 ұпайдан.

10 – 20 ұпай – «3»

20 – 25 ұпай – «4»

25 – 30 ұпай – «5»

Әр топтың топ басшылары құрылған критерий бойынша жинаған ұпайларының қорытынды бағасын шығарады.


Жұптық және жекелей жетістіктерді бағалау.


Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Бестерек орта мектебінің

биология пәнінің

екінші санаты мұғалімі

Билеухан Айнур



Сабақтың басындағы ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға жұппен жұмыс жасайтыны жайлы хабарлап қысқаша сабақтың құрылымымен таныстырдым.Үй тапсырмасына барлық оқушылар жауапкершілікпен дайындалып келіпті.Әр оқушы өз ойын дайындаған суререттері және слайдтар арқылы еркін әрі толық жеткізе алды.Жоспар бойынша жаңа білім беру кезеңінде оқушылар жұп бойынша инсерт стратегиясы арқылы танысып шығып жұпта және сыныпта талдады. Оқушылардың іс әректінің жүйелі болуына мұғалімнің дайындап келген АКТ құралдары, инсерт стратегиясы тиімді ықпал етті.Соның нәтижесінде тақырып бойынша берілген ашық сұрақтарға ,қорытынды бөліміндегі бекіту тапсырмаларына оңай жауап берді. Жалпы сынып белсенді қатысты, енжар оқушылардың да қызығушылығы байқалды .Сабақ соңында оқушылар жұп бойынша бірін- бірі бағалады, Мұғалім бағыттаушы ролінде болған бұл сабақ оқушының өз іәрекеттерін еркін әрі толық пайдалануына мүмкіндік жасады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Т??ымны? ?нуіне ?ажетті жа?дайлар

Автор: Билеухан Айнур

Дата: 09.01.2015

Номер свидетельства: 152184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства