Жұмыс орны: Алматы облысы,Жамбыл ауданы «Қарғалы №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Күні 18 09.14 жыл | Биология 7 а-сынып |
Сабақ тақырыбы: | Жасыл эвглена-жануарлар мен өсімдікке тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. |
Сілтеме | М. Гильманов.Соловьева А |
Жалпы мақсат | Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктер әлемінің төменгі сатылы өкілдеріне тән ерекшеліктерді және олардың арасында айқын шектеудің жоқ екенін ашып беру.. |
Оқу нәтижесі | Оқушылар жасыл эвглена туралы жалпы мағлұмат алады,қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін дәлелді деректермен түсінеді. |
тіршілігін Негізгі идея | Жануарлардың тіршілік әрекетіне тән тыныс алу, қоректену, зәршығару, зат алмасу,қозу т б қасиеттердің барлығы біржасушалы ағзалар сипаттайтын ерекшеліктер екенін ашу. |
Тапсырма | Қызығушылығын ояту (ұйқасын тап) Мағынаны ашу (бейнеролик қарау) Ой-толғаныс (3 минуттық тест) Шығу парағын толтыру |
Әдіс-тәсілдер | СТО стратегиялары, оқытумен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, |
Сабақта қолданатын құрал- жабдық | Интербелсенді тақта, оқулық, дәптермен жұмыс. Түсті стикерлер |
Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Психологиялық ахуал (3минут) | «орманда адасу» логикалық ойлануға арналған ойсергек Сіз ну орманда адасып қалдыңыз делік, алдыңыздан бір кісі шығып одан сіз жолды сұрадыңыз. Ол кісі сізге орманнан шығатын жолды сілтеді.Сіз енді екі әрекеттің қайсысын таңдайсыз. 1). Әлгі адамның айтқаны бойынша орманнан шығатын жолды іздеймін. 2) сөзіне иланбай , сол адамның өзі жол бастап мені шығарып жіберуін өтінемін. | Екі жауаптың біреуін таңдау арқылы оқушының өздігімен үйрене алатындығын немесе жетекті қажет ететіндігін анықтауға болады .Ойлана отырып өз жолын таңдау. |
Топқа бөлу (2минут) | «Заттар бойынша бөліну» Алды бұрын оқушылардың майда заттарын жинап, 5 тен жинақтап, әр партаға бөліп қою. | Оқушылар өз заттарын танып алып, 5 топқа бөлінеді.. |
Уй тапсырмасын сұрау (10 минут) | Әр топ 5сұрақтан үй тапсырмасынан сұрақтар қояды, биологиялық термин сөздер мағынасын ашу. Саркос, плазма, вакуоль, саркодина, т б . | Топтан шыққан оқушыға қошемет көрсетіп отырады.. |
Қызығушылығын ояту (3 минут) | «Ұйқасын тап!» жануарлар мен өсімдікке тән жүйелеудің қатарын ұсынамын. Бір текті,құрылысы ұқсас,мекені бір, Әлемде сан алуан хайуанат жүр. Соларды топтастырып,жүйеге сап, Ғылымда өз алдына атайды ?(түр) Түрлерді топтастыру -ол да дұрыс, Ол тобын жануарлардыңдейді? (туыс) Бұларды топтастырмай тағы болмас, Туыстас жануарлар тобы-? (тұқымдас) Тұқымдастар шегі емес топта бірақ, Жинақталып, соларды құрады? (отряд) Түрден- туыс, ал туыстан-тұқымдас, Тұқымдастан-отряд,одан класс Олай қалай класқа тұрмақ сыйып, Кластардың жинағын деді ? (тип) Ал сонша бөліктерге шын ие- Жіктеудегі ең ірі топ--? (дүние) | Топ мүшелерінің ойлау қабілетінің жылдамдығын қажет етеді. |
Сергіту сәті ( 2минут) | Бір парақ қағазды төбелеріне қойып, қарсы отырған оқушының суретін салу. | Ойын шарты суретке ренжуге болмайды. Салған суретін бір-біріне сыйлау. |
Мағынаны ашу (5минут) | Интербелсенді тақтадан жасыл эвгленаның жалпы құрылысын сипаттайтын бейне ролик көрсету. | Бейнебаян тамашалау |
Оқулықпен жұмыс. (5минут) | Талшықтылар мәтінін топ болып оқулықтан оқу. | Оқулықпен жұмыс |
Дәптермен жұмыс (5 минут) | Оқулықтағы кестені жұмыс дәптерге толтыру. | Оқулықты басшылыққа ала отырып, тип атауларын,өкілдерінің пайдасы мен зиянын жазу |
Типі | өкілдері |
| пайдасы | зияны |
Ой-толғаныс (7 минут) | Оқушылардың білімін тексеру мақсатында танымдық ойын ретінде төмендегі жұмбақты пайдаландым. 1). Күнде қоректенгенде,зат жинайды денеге, Түнде қоректенгенде, заттарды жейді ол неге? Өсімдік пе, жәндік пе, құпия мұнда не сырбар. Біржасушалы талшықты . Бұл қай жәндік, айтшы ал? (Жасыл эвглена) 2). Биологиялық тест 1.Амебаның қозғалыс мүшесі: А. Кірпікше Ә. Талшық Б. Жалған аяқ 2. Циста қай кезде түзіледі: А. Көбею кезінде Ә. Қолайлы жағдай туғанда Б.Қолайсыз жағдай туғанда 3. Денесі тұрақсыз: А. Трипанасома Ә. Амеба Б. Кебісше 4. 2 ядросы бар: А. Амеба Ә. Құртамыш Б. Кебісше 5. Талшық арқылы қозғалады: А. Лямблия Ә. Қантұрғын Б. Амеба 6. Тері ауруы: А. Безгек Ә.Лейшманиоз Б. Ұйқы 7. Тек паразиттік тіршілік ететін класс өкілдері: А. Кірпікшелілер Ә.Талшықтылар Б. Споралылар 8. Теңіз түбіне жарық шашады: А. Лямблия Ә. Түн шырақ Б. Құмыты 9. Құртамыш тарататын ауру А. Безгек Ә.Лейшманиоз Б. Кокцидоз 10. безгек ауруын таратушы: А. Құмыты Ә. Қантұрғын Б. Кебісше Тест жауабы: 1) Б 6) Ә 2) Б 7) Б 3) Ә 8) Ә 4) Б 9) Ә 5) А 10) Ә | Бірін-бірі тексеріп, бағалау. |
Үйге біліп келуге (1минут) | Қосымша ақпараттар дайындау, талшықтылар тақырыбын оқып10 сұрақтар жазып келу. | Күнделіктеріне түртіп алу. |
Бағалау(1минут) | От шашу, қошемет көрсетіп отыру. | Оқушыларда бағалауға қатыса алады. |
Кері байланыс(1минут) | Шығу парағын жазып қалдыру Бүгін не үйрендіңіз? Бүгінгі үйренгеніңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Сабақ сізге ұнады ма? Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді? | Сабақтан алған әсерін жазу |
Өзін өзі бағалау. Түзету енгізу. | | |