Жаңа сабақ Бекіту | Электронды оқулықтан бейнефиль көрсетеді, жұптасқан , топтасқан оқушыларға тапсырма береді. Деңгейлік тапсырмалар береді. Биологиялық диктант Пирамидалық қатар бойынша үлкен саннан кіші сандарға қарай реттестіріп орналастырады Тапсырмаларды орындау барысында Оқушылардың құзыреттілігін байқайды | Электронды оқулық. Бейнефильм Мәтінмен жұмыс. Тыңда. Назар сал.Оқы. Жұмыр құрттардың түр саны қанша? Қандай жұмыр құрттарды білесіңдер ? Жұмыр құрттар неше қабаттан тұрады ? Неге жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды ? Гиподерма қандай қабат ? Түлеу дегеніміз не ?Сандарды есіңе сақта ? Тазалық сақтау не үшін маңызды ? Осы сұрақтарды жұптасып ,топтасып талқылау Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей «Пирамида» ойыны 1/Ішексорғылардың ортаға түскен жұмыртқалар саны 200.000 2/Дүние жүзіндегі жұмыр құрттар 20 000 3/Суыртқының аналығының ұзындығы 150 см 4/Ішексорғының аталығының ұзындығы 15 см 5/ Ішексорғының аналығының ұзындығы-40 см 6/Кит ішексорғысы 8 м 7/Жылқы ішексорғының ұзындығы 18 см 8/Суыртқының жуандығы 0,2 мм 9/Үшкірқұрттың аналығының тұрқы 1,5м м 10/Қылқұрт тұрқы 1м Жауабы : 1,2,6,3,10,5,7,4,9,8 ІІ деңгей . Биологиялық диктант. Жұмыр құрттардың ----- цилиндр пішінді, ------ ұқсас.Дүние жүзінде ------- ға жуық түрі бар. Денесінде ------ алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан -------- қуыстылар деп аталады.Жұмыр құрттың денесі --- қабаттан тұрады.Сыртқы қабат -------, ортаңғы қабат------.ең астыңғы қабат ---------- қабат.Сірқабық – ---- ұлпа,өзі өспейді.Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы ------деп аталады.Жұмыр құрттардың түрлері :жіпшеқұрт,--------,------ ІІІ деңгей. РІSA 1-тапсырмасы Неге қылқұрт жиырылып созыла алмайды ? а/ денесіне зақым келгендіктен ия/жоқ ә/ бірыңғай салалы бұлшық еті жоқ ия/жоқ б/көлденең жолақты бұлшықеті жоқ ия/жоқ себебі ,дәлелде 2-тапсырма Мына құрттарды қалай екі бағанға бөлуге болады. бауырсорғыш,сиыр цепені,ақ сұлама, ішексорғы,зымырақ,мысық сорғыш,қылқұрт. а/құрттардың типіне ия/жоқ ә/аралық иелеріне ия/жоқ б/құрттардың класына ия/жоқ себебі,дәлелде | Электронды оқулықтан жұмыр құрттар туралы мәліметті тыңдайды,талқылайды Жұптасып тақырыпты бір-біріне түсіндіреді Пирамидалық қатар бойынша үлкен саннан кіші сандарға қарай реттестіріп орналастырады Биологиялық диктантты орындайды Тапсырмаға жауап беріп,өз ойларын айтып, дәлелдеме келтіреді | Критери арқ бағалау | Электронды оқулық Жұмыр құрттар туралы презентация Деңгейлік тапсырмалар Биологиялық диктант Таратпа қағаздар Кестелер |
Қорытынды Үй жұмысы | Тақырыпқа сәйкес постер жасауға бағыт-бағдар береді. Үйге тапсырма береді | Постер жасап ,қорғау 1/Жұмыр құрттарға сипаттама 2/мүшелер жүйесі,қай жерде тірішілік етеді 3/Тазалық –денсаулық кепілі. Жұмбақ,мақал-мәтел Жұмыр құрттар туралы мәлімет жинау,сұрақтар құрастыру | Оқушыларлар топтасып,постер жасап қорғайды | Критери арқ бағаланып, қорытынды баға шығады | Плакаттар мен фломастерлер |