Просмотр содержимого документа
«ЗКО, г. Уральск, Зеленовский район, КГУ "Чувашинская средняя общеобразовательная школа" »
Химия және биология пәні мұғалімі: Жаумбаева Шынар Сайлауқызы.
БҚО, Зеленов ауданы, Чувашка ЖОБМ.
7 сынып Биология
Сабақтың тақырыбы: Шала түрленіп дамитын бунақденелердің аса маңызды отрядтары:
Турақанаттылар,Теңқанаттылар және Кандалалар
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға шала,толық түрленіп дамитын бунақденелілер және
олардың пайда-зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушыларды табиғаттың және жануарлардың адам
өміріне тигізетін пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,өз ойларын
дұрыс жеткізуге,саралап талдауға,ізденуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,салыстыру,тірек-сызбамен, кестемен жұмыс
Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына қатысты суреттер,тірек сызбалар
Сабақ барысы: I – Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Сыныпты тексеру
-Сабақ даярлығын тексеру
-Зейінін сабаққа аудару
II Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Оқушылар өткен сабақта не туралы білдіңіздер?
- Бунақ денелердің пайдасы зияны құрлысы,мекені мен таныстыңыздар?
- Ендеше біз қарастырып отырған жәндіктер тобын анықтайық.
- Жануарлар дүниесі көп жасушалы жәндіктер.
-Дүние тармағы Буынаяқтылар
-класы Бунақденелілер
2.Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне анықтама беріңіздер?
Буынаяқтылар
Бунақденелілер
Шаянтәріздестер
Өрмекшітәріздестер
Бунақденелілер –буынаяқтардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. Көпшілігі құрлықта, мекендейтін.демтүтік арқылы ауамен тыныс алатын,дара жынысты, буынаяқты жәндіктер.
47-сурет – Аналық зауза қоңызының жіктелуі: 1 - басы; 2 - антенна; 3 - төменгі жақ қармалауышы; 4 - алдыңғы кеуде; 5 - ортаңғы кеуде; 6 - үстiңгі қанат; 7 - артқы кеуде; 8 - қанаттарының артқы жұбы (астыңғы қанат); 9 - құрсақ; 10 - стигма (тыныс тесіктері)
Насекомдардың кеуде немесе көкiрек бөлiмi үш сегменттен тұрады; алдыңғы кеуде, ортаңғы және артқы кеуде (47-сурет). Үш сегменттің әрқайсысында бiр-бір жұп буындалған аяқтары болады.
Насекомдардың үш жұп аяқтарының құрылысы бiрдей болып келедi және бес буыннан тұрады: жамбасша; ұршықбас; сан; сирақ. Ең соңғысы табан, ол 2-5 буыннан құралған Табанның соңғы буынында екi тырнағы болады
48-сурет – Аяқтардың әр түрлi типі: 1 - жүргiш, 2 - жүзгіш, З - қазғыш, 4 - секiргіш, 5 - ұстап алғыш
Насекомдардың тiршiлiк ету жағдайларына және қозғалуына бейiмделе дамыған аяқтары әр түрлi типтес: жүргiш; секiргiш; жүзгiш; жинағыш; қазғыш; ұстап алғыш. (48-сурет).
49-сурет – Насекомдардың қанатының жүйкелену схемасы: С - костальдi жүйке, Sс - субкостальдi жүйке, R - радиальдi жүйке, М - медиальдi жүйке, Сu - кубитальдi жүйке А - анальдi жүйке, Ju - югальдi жүйке
Қоректенуі: -Бунақденелілер немен қоректенеді?
Ішкі құрылысы :
Тыныс алуы .Олардың тыныс алу ерекшілігі трахея арқылы енеді.бунақденелер демтүтік трахея арқылы тыныс алады.
Зәр шығару жүйесі мальпигий тамыршалары
Қанайналым жүйесі ашық тамыр жүйесі арқылы жүзеге асады
Көбеюі дамуы: Оқушылар кеспе қағаздарды пайдаланып тірек сызба құрайды.
Тура даму (қанатсыз жәндіктер)
Шала түрленіп даму инелік, дәуіт, қоңыз,көбелек, бүрге,шегіртке,бұзаубас,шыбын,маса,
Толық түрленіп даму бит,кандала,құмырсқа,ара.бал ара.
Бунақденелілер
Пайдасы
Зияны
III.Жаңа сабақ Шала түрленіп дамитын бунақденелердің аса маңызды отрядтары:
Турақанаттылар,Теңқанаттылар және Кандалалар
Бунақденелілер класы—жануарлар әлеміндегі ең алуан түрге бай ,көп таралған жәндіктер тобы.Сондықтан бұл класс екі класс тармағына бөлінеді:біріншісі—туақанатсыздар,екіншісі—қанаттылар.Туақанатсыздар –қарапайым құрылысты бунақденелілер ,оларда ешқашан қанат болмаған.Туақанатсыздар –жай көзді ,тура дамитын бунақденелілер.Ал қанаттылар—денесі едәуір жоғары құрылысты бунақденелілер тобы.Жалпы бунақденелілердің 35 отряды бар.
Даму жолдары
1.Шала түрленіп даму 2.Толық түрленіп даму
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер
Турақанаттылар отряды
Бұлардың алдыңғы қанаттары денесіне қомдалатын ,қатқылдау келген , денеге тура орналасқан,енсіздеу болады.Қанаттың жалпақтау келген екінші жұбы—жарғақ қанат ,тура қанаттың астына орналасады.Ауыз мүшелері кеміруге бейімделген.Шегіртке,шекшек,шілделік,саяқ,бұзаубас тәрізді бунақденелілер турақанаттылар отрядына жатады.
Тарақандар отряды
Тарақандар жалпақ денелі болып келеді.Үйде тіршілік ететін ірі қара денелі және шағын денелі қоңыр тарақандар азық-түлікті бүлдіріп қана қоймайды,адамға әр түрлі қауіпті ауруларды да таратады.
Инеліктер –жемін күндіз аулайтын жыртқыш бунақденелі жәндіктер.Олар су маңында ұшып жүріп көбінесе масаларды құртады.
Биттер отряды
Биттер –ауыз мүшесі шаншып –соруға бейімделген қанатсыз ұсақ,бунақденелі жәндіктер,олардың 40-қа жуық түрі белгілі.
Шалақатқылқанаттылар немесе қанаттылар отряды
Қандалалардың кейбіреуі жануарлар мен адамдарда ,ал басым көпшілігі мәдени өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді,сөйтіп оларға үлкен зиян келтіреді.Бұлардың аузы шаншып-соруға бейімделген ,бунақталған тұмсықшадан құралады.Қанатүстінің қалыңдығы біркелкі болмағандықтан ,отряд шалақанаттылар деп аталады.
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер
Қатқылқанаттылар немесе қоңыздар отряды
Қатқылқанаттылар түрі сан алуан .Қанаттарының үстіңгі жұбы—қанатүсті қатты да қатқыл, дөңестеу келген хитинді тақташадан құралатындықтан,отряд қатқылқанаттылар деп аталады.
Бүргелер отряды
Бұлар—қатқылқанаттылар мен қосқанаттыларға ұқсас қан сорғыш бунақденелілер отряды.Ауыз мүшелері шаншып-соруға бейімделген.
Қосқанаттылар отряды
Қосқанаттылар –бунақденелілер ішіндегі ең ұшқыр жәндіктер.Бұлардың тек алдыңғы екі қанаты ғана болады,отряд сондықтан қосқанаттылар отряды деп аталады.Соңғы екі қанаты өзгеріп,ызылдауыққа айналған.
Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды
Көбелектер отрядындағы жәндіктердің қанаттарын хитинді ұсақ қабыршақтар қаптайды,сондықтан бұл отряд қабыршаққанаттылар деп аталады.Көбіснің ауыз мүшесі соруға бейімделген.
IV.Тапсырма.
Төмендегі кестені толтырыңдар:
Тура даму Қанатсыз бунақденелілер
Шала түрленіп даму Инелік,дәуіт,,бит,қандала,шегіртке,бұзаубас
Толық түрленіп даму Қоңыздар,көбелектер,бүргелер,шыбындар,масалар,шаншарларт.б
V.Сабақты қорыту
1.Биологиялық диктант
Бунақденелілер класы ...класс тармағына бөлінеді:біріншісі--... ,екіншісі--.. .Туақанатсыздар –жай көзді ,... дамитын жәндіктер .Жалпы бунақденелілердің ... отряды бар.Даму жолдарына байланысты отрядтар ... түрленіп және ... түрленіп дамиды.
2. Дұрыс тұжырымын тап(иә немесе жоқ)
1.Бунақденелілердің үш класс тармағы бар .иә
2.Туақанатсыздар тура дамитын қарапайым құрылысты жәндіктер .иә