kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                        Кіріспе

 

        Б?гінгі к?ні ?аза?станны? Білім т?жырымдамасы жан-жа?ты, ?релі шы?армашыл т?л?аны ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан. Сонды?тан да Елбасы Н?рс?лтан Назарбаев “?аза?стан – 2050” Стратегиясы – ?алыптас?ан мемлекетті? жа?а саяси ба?ыты” Жолдауында білім беру мен ?ылым?а да  айналуымыз керек. Балаларымыз ?азіргі заман?а бейімделген болуы ?шін б?л аса ма?ызды”, – деп атап к?рсетті. Елбасыны? елімізде білім беру саласын дамыту туралы к?терген м?селелері негізінен педагог мамандар?а жа?а міндет ж?ктейді. ?йткені, ?стаз елді? ерте?гі тізгінін ?стайтын ?рпа? т?рбиелейді, сондай-а? білім негізі мектепте беріледі де, жо?ары о?у орнында одан ?рі маманды? ба?ытында ?алана т?седі.

          ?аза?стан Республикасыны? жалпы?а міндетті білім беру стандарты тіл ?йренушілерге к?сіби білім беруде ж?не о?у ?рдісінде к?птілділік білім беруді енгізу м?мкіндігін ?арастырады. Тілдік п?ндерді о?у барысында о?ушылар ?р ?лт пен ?р тілді? ?зіне т?н ерекшеліктерімен танысып, ?р тілді? ?лтты? нормаларыны? к?пт?рлілігіне, оларды ба?алау?а немесе салыстыру?а болмайтынына к?з жеткізеді ж?не тілдерге т?н б?л ерекшеліктерге т?сіністікпен ?арай отырып, ?р азамат ?з бойында бас?а ?лттар?а деген ??рметтеушілік сезімді ?алыптастыруды? ма?ыздылы?ын т?сінеді. К?птілділік білім беру туралы с?з ?оз?а?ан кезде ?р т?рлі тілдер мен м?дениеттер арасында?ы ?арым-?атынастар м?селелеріне ерекше к??іл аудар?ан ж?н, ?йткені б?л білім беру саласында?ы ?аза? тілін о?ыту м?селесіні? ке?інен ?анат жаюына ж?не б?л ар?ылы елдегі бас?а ?лттар мен м?дениеттерге деген сыйласты? ?арым-?атынасты? дамуына ы?пал етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту »

Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 Балабақша-бөбекжайы»





















Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту















Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Темірхан Ақгүл









Өскемен қаласы, 2014-2015 оқу жылы







Мазмұны



  1. Кіріспе .................................................................................... ......................... 1

  2. Негізгі бөлім

  3. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту.......2-5

  4. Қорытынды............................................................................................................6

  5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................7

































































Кіріспе



Бүгінгі күні Қазақстанның Білім тұжырымдамасы жан-жақты, өрелі шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында білім беру мен ғылымға да айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды”, – деп атап көрсетті. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа міндет жүктейді. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді, сондай-ақ білім негізі мектепте беріледі де, жоғары оқу орнында одан әрі мамандық бағытында қалана түседі.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үрдісінде көптілділік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді. Көптілділік білім беру туралы сөз қозғаған кезде әр түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастар мәселелеріне ерекше көңіл аударған жөн, өйткені бұл білім беру саласындағы қазақ тілін оқыту мәселесінің кеңінен қанат жаюына және бұл арқылы елдегі басқа ұлттар мен мәдениеттерге деген сыйластық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.











Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту

 Оқушылардың ұстаздары мен ата-аналары қойған ең басты сұрақ: үш тілде оқыту кезінде оқу материалын меңгерудің сапасын қалай қамтамасыз етуге болады. Себебі, оқушылардың ақыл-ойының дамуын, тыңдау, сөздік қорын байыту, балалардың фонематикалық есту және фонематикалық қабылдауын дамытуға, сондай-ақ тілді табысты үйренуге қажетті біліктілік пен дағдылар қалыптастыруға басты назар аударуымыз қажет. Сондықтан, тіл құзіреттілігі дамуының негізін құрайтын, оқушыға тілдерді терең меңгеруге мотивация тудыратын, 3 тілде меңгерген пәндер бойынша жоғарғы нәтиже көрсетуге негіз беретін білім беру кеңістігін құру қажет.

Бұл мәселені шешу  жүйелік көзқарасты, көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсаттық бағдарламасына   үйлесімді әдістер мен технологияларды іздестіру қажеттілгін талап етеді.  Бүгінгі таңда білім беруде тілді пайдалану барысында қиындық көрмейтінімізді сыртқы бақылау нәтижелерімен дәлелдеуге болады.  Мұғалімдердің әлеуметтік-мамандық оңтайлылығы инновацияны меңгерудің шарты ретінде қолданылады. Қазіргі таңда сыни тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту мен дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиялары бойынша жұмыс істеймін және өз білімімді жетілдіру бойынша жеке дара маршруттарын құрастырдым. Өзін өзі ұйымдастыру мен өзін өзі бақылау тәсілі негізінде портфолио (мұғалім мен оқушының) әдісі қолданылады. Оқу жұмысын жарыстық-бәсекелік (регата, турнир, конкурс, көптілділік олимпиада, пән апталықтары) түрінде ұйымдастырудан көптеген тәжірибелери жинақтадым. Мысалы, 7-сынып оқушылары сабаққа келген кезде шет тіліндегі  мәтінді өздігінен сөздіксіз оқи алады, сонымен қатар шағын өзара диалог құрай алады. Балаларды толық мазмұнды қарым-қатынаспен қамтамасыз ету үшін, елтану сабағында оқушылардың есте сақтау, айту, логикалық ойлау,зейін салу дағдыларын жетілдіру бірінші орында болмақ. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, шет елдердің мәдени, спорт, өнер қырларымен толық танысады. Бұл сабақта көбінесе оқушылардың есте сақтау қабілеттері дамиды, ауызша сөйлеуге дағдыланады.

Оқыту процесіне тілдік компонентті тиімді енгізу бойынша мәселелердің шешілуіне септігін тигізетін дидактикалық жүйені іздестіру бағытындағы жұмысымызды жалғастырудамыз. Бұл компоненттің маңыздылығы тілдің атқаратын ролімен, полимәдениетті мен политілдік қоғамдағы  тілдік құзыреттілігімен байланысты. Берілген аспектіде біз келешек бағыттарын қарастырамыз:

  • Аударманың салыстыру элеметтерін енгізу;

  • Үштілдік сөздіктермен жұмыс жасау;

  • Оқушылардың лингвомәдениетті құзыреттілігін дамыту.

- Әр тақырыптың, әр сабақтың толығымен тұлғаға бағытталуы;

- Өмірде кездесетін іс-әрекеттіердің түрлерін максималді түрде модельдеу;

- Сабақта оқытылатын материалдың  эмоциялық қабылдауын ояту.

8-сыныпта Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау технологиясын» ағылшын жазушыларының шығармашылығын жинақтап бекітуде қолдандым.

1. Алдын ала тапсырмалар беру.

Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану, бала деңгейіне жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат ұсыну, оқушыларға өз мақсатын қойғызу.

2. Мақсатқа жету үшін көмек- бағдар, бағыт ұсыну. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну.

3. Жаңа сабақта ең алдымен, олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып жеткен жетістіктерін талдау.

4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі, мұғалім коррекциялық жұмыстар атқарады.

7 «а» сыныпта Қ. Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту» технологиясын жаңа сабақты түсіндіру барысында қолдандым.

  1. Жаңа тақырып бойынша берілетін алдын-ала тапсырмалар жүйесін беру.

  2. Мақсат: Оқушылардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру

  3. Тапсырмалар негізіндегі сұхбат-әңгіме, пікірлесу

  4. Мұғалім түсінігі

  5. Қосымша материалдар

  6. Оқулық пен жұмыс

  7. Жинақтау, қорытындылау

Бұл технологияны қолдану барысында оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге, тілдік қабілеттерін дамытуға, өзара диалог құрауға, жаңа тақырып бойынша өз пікірлерін айтуға үйренеді. Бұл технологияның тиімділігі оқушылардың ой-өрістері мен іскерлік дағдылары жетіледі, ауызша сөйлеуге үйренеді, сонымен қатар өз беттерімен сұрақ-тапсырмалар дайындап бір-біріне сұрақ-жауаппен алмасады. Нәтижесінде оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын саралайды. Осы орайда оқушылар мұғалімнің айтқан мәліметтерінен қарағанда өздері ізденіп оқыған материал, немесе жаңа сөздер оқушы жадында тез сақталады деп ойлаймын. Сондықтан көптілді білім беру — бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілдерде аудармасыз оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік деп санаймын. Көптілді білім беру барысында оқытудың сүйемелдеуші, қосалқы, паритетті (тең) және ығыстыру модельдері болады. Билингвалды білім беру – оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үдерісте екі тілді оқыту құралы ретінде пайдалану. Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақты көп тіл білуге баулу. Мектептердің басты мақсаты – қазіргі заман ағымына сай бәсекеге қабілетті білімді де білікті, жоғары интеллектілі, мемлекеттік тілге жетік шәкірт даярлау. Өзге тілді оқушылардың қазақ тіліне деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, болашақта мемлекеттік қызмет саласында, білім беру жүйесінде жұмыс істей алатындай маман болуына жол ашу, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ел, ұлт мүддесін қорғайтындай азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздар парызы. Жасалған жұмыстың нәтижесі толеранттілік, полимәдениеттілік, тәртіпті әдеттердің өнегелік пен әдептілікке сәйкес келуі жеке түсініктер емес, ал шындық болып табылатындығын қорытады. Мәселелер бар, бірақ, олардың шешімі табылатындығына үміттенеміз. Ең бастысы – эксперименттің идеялары біздің қоғамымыздың  - елдің қауіпсіздігін және оның  ары қарай дамуын қамтамасыз ететін  басты міндеттерімен үйлесетіндігіне сенеміз. Соңғы уақытта «Қазақстан үштілділіктің әлеуметтік кеңістігіне айналуда. Б. Хасанұлының Қазақстандық «тілдердің үштұғырлығы» саясатына қатысты: «Көпұлысты тілдік қатынас сұранысы – үштілділік. Қазақстандағы қостілділікті де, үштілділікті де тек қана Қазақстанның мемлекеттік тілі негізінде дамыту шарт», - деген пікірі бұл мәселенің мән-жайын ашып береді. Шын мәнінде, үштілділікті мемлекеттік тіл негізінде дамытқан кезде ғана бұл мәселе дұрыс шешімін табады. Үштілділіктің қазақ тілі сыңарын алдымен дамытуды басты назарға ұстай отырып, жүргізілген тіл саясаты еліміздегі әлеуметтік-тілдік ахуалдың тұрақтылығын, мемлекеттік мәртебесіндегі қазақ тілінің кеңінен қанат жаюын қамтамасыз етеді. Сол кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де бірге қолдануға қабілетті мүшелерден тұратын қоғамға айналады.
Көпұлтты Қазақстанның жағдайында «Көптілділік» ұлттық мәдени жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру – басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, қостілділік лингвистикалық, психолинигвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілерге сүйенеді. Педагогикалық аспектінің негізгі міндеті – екі тілді де оқытудың әдістері мен тәсілдерін жасау және тәжірибеде қолдану, оны меңгеру деңгейін зерттеу. Бұл түсінікке сөйлеу

әрекетінің ауызша (аудиолау, сөйлеу), сонымен бірге жазбаша (оқу, хат) түрлері де кіреді. Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады.





















































Қорытынды
Бүгінгі күннің мәселесі - дарынды көптілді тұлғаның сапалы білімін жетілдіруіне  ықпал тигізетін дидактикалық шарттарды тауып, қамтамасыз ету болып табылмақ. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үрдісінде көптілділік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді.

Шәкірт құзыреттілігі ұстаз құзыреттілігінен бастау алады. Шәкірттерінің жеке дамуында және өзін- өзі жетілдіруінде бірден-бір досы және тірегі болатын, өз ісін жетік білетін ұстаз ғана шын мәнісінде өз сыныбының авторы да бола алады.

Қорыта айтқанда қазіргі таңда «Көптілділік- білім берудің жаңа сатысы» оқушылар бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуі тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы шет тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады.





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Л.Б.Елшібаева Қазақстандағы көптілді білім беру жүйесі // Үш тұғырлы тіл: бүгіні мен ертеңі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. - 174- 177 бет.

2. Л.Б.Елшібаева Тіл үйрету арқылы көпмәденилік білім беру // «Жастар және қазіргі заманғы әлемдік мәселелер» атты студенттердің республикалық конференциясының материалдары. - Қарағанды: Болашақ университеті, 2012. – 124-129 бет.

3. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері (Оқу құралы).—Алматы: Қазмемқызпединституты, 2006. – 86 б.

4. Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б.

5. Хасанұлы Б. Аймақ тілдері мен мемлекеттік тіл қызметін арттырудың егемендік тұғырнамасы: әдіснама мен мониторинг мәселелері. Тіл қызметін үйлестірушілерге көмекші құрал. – Қостанай, 2002. – 62 б.

6. Айталы А. Ұлттану. Оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: Арыс, 2003. – 226 б.

7. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. – 2007. – № 7 (896). - 1, 7-10-Б.

8. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
9. Назарбаев Н.Ә. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Ана тілі. – 2006. - № 46 (831). – 1-2 Б.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту

Автор: Темиркан Акгуль Темирканкызы

Дата: 13.11.2014

Номер свидетельства: 130378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства