Ерте?гілік ?тетін жер т?рлі-т?сті шарлар мен жапыра?тармен, жазулармен безендірілген. Музыка ?уенімен балалар к?тері?кі к??іл-к?ймен д??гелене орта?а отырады.
Просмотр содержимого документа
««Алтын к?з» т?рбие са?аты »
«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік.
Ертеңгілік өтетін жер түрлі-түсті шарлар мен жапырақтармен, жазулармен безендірілген. Музыка әуенімен балалар көтеріңкі көңіл-күймен дөңгелене ортаға отырады.
Жүргізуші: Шөп сарғайып,өңі тайып ,дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай, денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім, бұл қай кезде болады?
Дұрыс, балалар! Айтыңдаршы күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінің қандай ерекшіліктері болады? Күз мезгілінде қандай мереке болады ? Дұрыс айтасыңдар,біз алтын күз мерекесіне келіп отырмыз.
Құрметті балалар, ата – аналар және қонақтар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші : Балалар , біз Алтын күз мерекесін тойламас бұрын ортамызға кімді шақырамыз? – Алтын күзді шақырамыз.
Алтын күз залға музыка әуенімен билеп кіреді.Алтын күз: Амансыңдар ма балалар, мені таныдыңдарма? Мен жәй келген жоқпын, өзіммен бірге байлығымды әкелдім. Мен келгенде көп деген өзгерістер болады.Егін, жеміс- жидек, көкіністер піседі.Егер сендер өз өнерлеріңді көрсетсеңдер, мен сендермен ойын ойнаймын.
Жүргізуші: Алтын күз, сіз жолдан шаршап келдіңіз, отырыңыз балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргзуші: Табиғат ол - анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз!
«Алтын күз» әні.
Алтын күз: Балалар, әндерін қандай тамаша! Өзі мен туралы айтылатын ән екен.
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар тек ән ғана айтып қоймай биде билеу біледі , ойын ойнау, тақпақ та айту біледі.
Тұмар: Алтын сары ,қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нұрсұлтан:Көбейді құт –береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке ,
Алтын күзді тойлаймыз.
Аружан: Ел егінді жинайды ,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала –бай дала,
Алтын астық айнала.
Ернар: Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Би:
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар қалай билейді екен?
Алтын күз:Балалар өте жақсы билейді екен.
Ойын «Кім тез көкөністер тасиды?»
Дильназ:Көктемде егін егетін,
Күзде жиын беретін.
Біздің дала- бай дала,
Алтын астық айнала.
Мирас: Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты .
Қурап жапырақ салыпты.
Ел егінді орыпты.
Ән «Айгөлек»
Ернар: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Аружан:Ой, алақай , тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді , жатып ап.
Мирас: Алма,алмұрт,қарбыз, қауын.
Бәрі бақта өседі.
Жапырақтар сусып-сусып,
Жерге жаймен түседі.
Тұмар: Үркіп үйрек,қаздар,
Шулайды көл қоғалы.
Дәурен өтіп жаздағы,
Күздің желі соғады.
Нұрсұлтан:Көкөністер, жеміс-жидек,
Болсын енді көбірек.
Қараңдаршы,қараңдаршы,
Күз мезгілі керемет.
Дильназ:Күзім-ау ,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық- ау .
Ойын: «Ата-анамен ойын, өз анасын табу»
Алтын күз: Енді балалар мен сендермен қоштасамын, сендерге кетер алдында бір тапсырма берейін. Мына құстарды екі топқа бөліндер, 1-жылы жаққа кететін құстар,2-біздің жаққта қалатын құстар.
Алтын күз балаларға әкелген сыйлығын таратады. Ал балалар, менің уақытымда келді. Қош болындар!
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Келді міне алтын күз.
Құтты болсын ағайын!
Қүтты болсын, Алтын күз!
Құрметті ата-аналар, балалар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты шағың ертеңгілегіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағадарынызға рахмет. Сау болыңыздар!