Просмотр содержимого документа
«Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік»
«Қыз еркем, қылығымен көркем!»
Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан аналар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар
Құрметті аналар, ардақты әжелер! Көңілге көктем шуағындай сезім сыйлаған
8-наурыз мерекесі құтты болсын!
Мектепалды даярлық тобының балаларын қошеметпен қарсы алайық!
(Музыка әуенімен балалар жарты шеңбер болып тұрады)
Жүргізуші: – Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба? Бала,бала,бала деп Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп Түнде бесік таянған Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Тамаша, өнерлі екенсіңдер.
Жүргізуші:Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!
Жүргізуші: Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын. 1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде? Аналары: Жоқ, жоқ! 2. Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде? Аналары : Бар,бар!
Жүргізуші.:Әріне, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше
Ортамызда аналар
Аналарын құттықтайды
Бүгін міне балалар
Арунай: Сырнай тартып би билер
Тойларыңа балалар
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар
Ильяс : Үн қатасын бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
Нұрай : Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Мансұр : Қандай бала болмайық
Анамызға дәріміз
Көтерсінші көңілін
Ән салайық бәріміз
Іңкәр: Ана деген өмірдегі ұлы есім
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін
Ана деген ардақты ат, сен оны
Ана жайлы ән тындасан білесің.
Әділжан:Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құтты болсын мерекең
Құрметті болсын аналар
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық. Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді. Көктем: Дала гүлге бөленеді. Қуанышқа кенеледі. Орман, торғай, бақтарда Өйткені мен көктеммін Құстар сайрай жөнеледі. Шұғыламды төккенмін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет. Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Үнді биі Жүргізуші: Балалар, мерекемізді жалғастырайық
Өмірге ана- бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем,талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол-біздің елде ардақты адам-
Балалар бүгінігі мерекеміз аналарымызға, әжелерімізге арналып отырғандықтан аналарымызға аздап сұрақ қойсақ.
Балаңызды қалай еркелетесіз?
Ана туралы қандай мақал-мәтел білесіз? ( Әр аналардан сұрап шығу)
Өте жақсы. Ендеше мерекемізді әрі қарай жалғастырайық. Балалардың орындауында өлең , тақпақтарын қарсы алыңыздар.
Айлана: Қамқоршы боп жүреді
Маңдайымнан сүйеді
Суға түсіп отқа да
Бір мен үшін күйеді
Омар: Сеніміңді ақтайды
Еркелеткен балашың
Аман жүріп әрқашан
Мұнаймашы анашым.
Дамир: Ана біздің күніміз Ана біздің гүліміз Бізді ана қуантып Ұзақ өмір сүріңіз
Дамир:I love mother, she loves us We love daddy, he loves us He loves us and so you see We are a happy family
Аружан: Мерекеңмен өзінді
Құттықтайды балашың
Арнап айтқан әнімді
Қабыл алшы анашым.
Ән: «Сегодня мамин праздник»
Ортаға « Мен анамды сыйлаймын» атты ойын ойнауға шақырайық. Ортаға аналарымызды шақырайық.
Ильяс, Омар, Тасболат, Әділжан аналармен ортаға шығады.
Ойын шарты:
Бірінші бөлімі - Анамды тамақтандырамын ( анасына иогурт жегізеді)
Екінші бөлімі – Кім епті ( үстелде бір қолмен газет жырту)
Үшініші бөлімі - Қыздар есімін атап жарысу
Төртінші бөлімі – Би сайысы ( аналармен билеп жарысады)
Өте жақсы сіздерге көп рақмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалардың орындуында «Құттықтаймын мама туған күнімен! » әні хормен орындалады
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» – деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Ақбаян:
Очень бабушку свою
Маму мамину люблю
У нее морщинок много
И на лбу седая прядь
Так и хочется потрогать
А потом поцеловать.
Елнұр: Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз
Гүлназ:
Әже деген көп шығар Әжемдей менің жоқ шығар Мейірімді бұл кісі Қандай ғажап күлкісі
Айару Әжем менің әйбат Оған ешкім жетпейді Күні бойы бірге ойнап Жанымнан бір кетпейді.
Көктем: Ерте, ерте, ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті. Көжек өз анасын өте жақсы көреді екен. Бір күні көжек серуендейге шығыпты.
Көжек: Сәлеметсізбе Күн! Сәлеметсізбе көктемгі табиғат! Мұнде не мереке болып жатыр? (қонжық келеді)
Қонжық: Сәлем көжек!
Көжек: Сенің қолыңдағы не?
Қонжық: Менің қолымдағы бал! Балды анама сыйлыққа берем.
Көжек: Бүгін сенің анаңның туылған күні ме?
Қонжық: Сен білмейсің бе? 8-наурыз көктемнің алғашқы мерекесі.
Көжек: Ол қандай мереке?
Қонжық: Халықаралық әйелдер күні! Сол үшін мына балды анамы сыйлаймын.
Көжек: Ой білмеймін. Менің ешқандай сыйлығым жоқ.
Қонжық: Тез ойлан! Бір дыбыс естіп тұрмын. Мен кеттім.
Түлкі: Мұнда қандай аңның иісі шығып тұрған?. Менің қарным ашып тұр.Ах қоян!
Қандай тәп-тәттісін! Қазір мен сені жеймін.
Көжек: Енді мен не істеймін? Маған кім көмектеседі?
Көктем: Көжек қатты қорқады. Көжекке кім көмектеседі?
(дауыс естіледі)
Гүлдер: Мұнда кел! Мұнда кел! Мұнда кел! Сені біз құтқарамыз.
Көжек: Сендер кімсіндер?
Гүлдер: Біз гүлдерміз!
Көжек: Мені түлкіден тығып қойындаршы!
Түлкі: Көжек қайда кетті? Мұнда тек гүлдер бар. Мен орманға барып, қоянды тауып, қарнымды тойдырайын. (түлкі кетеді)
Көжек: Гүлдер сендерге көп -көп рахмет! Сендер сондай әдемісіңдер! Менің үйіме жүріңдер. Анамды мерекесімен құттықтайық.
Гүлдер: Жарайды. (Гүлдер мен көжек үйіне келеді)
Көжек: Анашым! Анашым! Анашым! Сыртқа шығыңызшы. (анасы сыртқа шығады) 8-наурыз меркеңіз құтты болсын анашым! (құшақтап бетінен сүйеді)
Қоян: Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Көжегімнің құттықтаған сөзінен.
Көжегім, күнім деп күліп жүрсем,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем!
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Ән: «Сұлу қыздар»
Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Қош,сау болыңыздар!
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!(балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)