Просмотр содержимого документа
«Бай?ау "?нші балапан" »
Әнші балапан
Мақсаты:1.Оқушыларды музыка өнеріне баулу.Әннің сөзін анық айтып,мәнін түсініп орындауға үйрету.
2.Ән айтуға қызығушылық арттыру.
3.Мектеп жасындағы әндерді орындай отырып,оқушыларды музыкаға,ұлттық салт-дәстүрге деген тұрақты ынта сезімін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Әсем безендірілген музыка залы,шарлар.
Жүрісі:
Жүргізуші:Қымбатты ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,әділқазылар алқасы,бүгінгі №19 мектепте алғаш рет өнерпаз балаларды анықтау мақсатында «Әнші балапан» байқауы өткізілмекші! «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер!
1)Әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
1.Батырова Қалдыбике-мектеп әдіскері.
2.Шутирова Алмаш-оқу меңгерушісі.
3.Ахыбай Жадыра-тәрбие жөніндегі орынбасары.
2)Енді ортаға өнерпаз сайыскерлерімізді шақырамыз:
1.1а сыныбынан Күзенбай Аманжан.
2.1ә сыныбынан Мусаева Әсем.
3.1б сыныбынан Тілеужанова Гүлдана.
4.1в сыныбынан Даяубаева Іңкәр.
5.1г сыныбынан Мырзабаева Жаңыл.
6. 1ғ сыныбынан Нысанбай Қуаныш.
7.Мад «А» сыныбынан Болатова Жұлдыз.
8. Мад «Ә» сыныбынан Туланова Томирис.
9. Мад «Б» сыныбынан Тоқтарбай Мерей.
Ал,енді құрметті қонақтар,бүгінгі сайысымыздың шарттарымен танысайық.
1.Өз-өзін таныстыру сайысы.
2.Ән айту сайысы.
Жүргізуші: Бақ сынап,кеште жарыстар,
Білікті көппен табысар.
Әр сайыскер бір дастан,
Ерекше келіп танысар,-деп,сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға шақырамыз.
Таныстыру сайысы.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деген Абай атамыз.
Біздің келесі «Ән айту» сайысын бастаймыз.
Келешекке-алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім,-дей келе ортаға 1а
сыныбынан келіп тұрған 1-ші сайыскер әншіміз Күзенбай