Просмотр содержимого документа
«"Балалар біздің болашағымыз!"»
Балғын балалар – біздің болашағымыз (спорттық ойын-сауық) Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту. Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, дәстүрден тыс тәсілі. Көрнекіліктер: кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер. Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті апайлар, балалар! Қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 маусым-Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз! Бүгінгі 1-маусым балалар күніне орай ұйымдастырылған «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Спорттық сайысымызды Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Астана», «Жасқырандар» , «Жасұландар», «Барыстар» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді.
Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін Енді спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1.«Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Көңілді шарик» ойыны. 4. «Велосипед» ойыны. 5. «Қызықты су әлемі» ойыны.
Сайқымазақ: - О,о,о сәлеметсіңдерме? Қандай керемет балалар! Бүгінгі 1-маусым балалар күні мерекелерініз құтты болсын! Менде сендермен бірге ойнауға келдім. Менде ойнасам болама?!
Балалар: - Ия!
Сайқымазақ: Рахмет балалар! Өте қуаныштымын!
Жүргізуші: - Сайқымазақ қош келдіңіз! Біздің балалармен бірге сізде ойнаңыз. Ойынымыз қызықты өтейін деп тұрған сияқты. — Олай болса балалар топтарымызды таныстырудан бастаймыз.
Топтардың аты, төс белгісі, ұраны болады. Шрек пен Қызыл телпек: - Сәлеметсіңдерме? Қалайсыңдар балалар! Бүгінгі мерекелерінің құтты болсын! Мен сонау алыс жерден қызыл телпекті жолдан көріп қалып осында мереке болып жатқанын айтып алып келе жатырмын. Біз сіздермен ойнағымыз келеді, билегіміз келеді. Біздермен ойнап-билейсіздерма балалар?
Балалар: - Ия!
Жүргізуші: - Ия қош келдіңіздер Шрек пен Қызыл телпек. Біздің балаларға сіздерде қосылыңыздар. Сайысымызды бастаймыз.
1-ші кезең.«Көңілді әуе шарлар» ойыны.
Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіріп келу. – Бәрекелді балалар не деген шапшаңсыңдар.! 2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты».
Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу. -Өте тамаша балалар! 3-ші кезең.«Көңілді шарик» ойыны.
Ойын шарты: Балалардың қолына кішкене тарелкеге шарик салынып беріледі. Тарелкедегі шарікті карзинаға апарып салу қажет. Келесі бала ойынды жалғастырады. Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер! 4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық, Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «велосипед» ойынын ойнайық.Шарты: Балалар велосипедке отырып айдап мәре сызығына дейін жету керек. Ойынды келесі бала жалғастырады.Қай топ бірінші келеді сол топ жеңімпаз атанады.. -Жарайсыңдар балалар! 5-кезең.«Қызықты су әлемі» ойыны.
Ойын шарты: Бассейнде су құюлы тұрады. Сол бассейннің ішінде балықтар жатады. Балалар сөре сызығынан бассейнге барып балықты ұстап алу қажет. Қанша көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар. Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер. Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.132