Просмотр содержимого документа
«"Балалығым балғын шағым"»
«Балалығым бақытты шағым» 1- Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек, Балдырғаным, сен үшін, бақытыңды жыр етсек, Балдырғаным, сен үшін Жігіт болар, күні ертең Балдырғаным, гүл еркем Бақытты бол, өсе бер, Құтты болсын мерекең!
2 - Жүргізуші: Арманы бір, үні бір Аға ардақты, іні гүл Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл - Балалар бүгін қандай күн?» «1 - маусым - балаларды қорғау күні»(хормен) - Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Қымбатты балалар, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Досхан: Ән айтайық қосылып, Балалардың бұл күні Мақтап кетсін осы жұрты Балалар деп үлгілі
Амирхан: Мен гүлдерді жұлмаймын Торғайларды қумаймын Айтқан сөзді тыңдаймын Апашымды сыйлаймын
Амина: Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.
Өлең: «Біз өмірдің гүліміз»
Бәрі: Бала, бала, баламыз Бақшамызға барамыз Күні – бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Жүргізуші: Енді көңілді ойын - жарысымызды бастайық. Балалар екі топқа бөлініп тұра қалыңдар.
1- ойын жарыс: «Гүл жинау»
Балалар екі топқа бөлініп тұрып, гүлдердің жапырақтарын жинайды.
2- ойын жарыс: «Допты түсіріп алма»
Балалар бірінің артынан бірі тұрып допты бір- біріне береді.
3- ойын жарыс: « Пирамида құрастыр»
Балалар бірінің артынан бірі тұрып кубиктардан пирмида құрайды.
4- ойын жарыс: «Шарды түсіріп алма»
Балалар бірінің артынан бірі тұрып шарды алып кеглиден айналып өтіп келесі балаға береді.
Өлең: «Дружба крепкая»
5- ойын жарыс: «Сақина тастамақ»
6- ойын жарыс: « Нысанаға тигіз»
Балалар құм толған қапшықты алып обручқа лақтырады. Обручқа көп түскен қапшықты санап қай топта көп сол топ жеңіске жетеді.
7- ойын жарыс: «Кім шапшаң»
Балалар бірінің артынан бірі тұрып жалаушаны алып белгілі жерге жеткізеді.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Жарайсыздар, ойынға жақсы қатыстыңыздар.
Енді «Ах, как хорошо в садике живется» атты әнді қабыл алыңыздар.
Би: «Қаражорға»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін өздеріңнің шапшаңдықтарыңды көрсете алдыңдар. Бүгінгі ойын – жарыста жақсы қатысқандарың үшін мынандай медальдармен марапаттаймыз.
Музыка әуенімен балалар залдан шығып топқа барады.