Просмотр содержимого документа
«Берекелі, мерекелі алтын күз!»
«Алтын күз» ертеңгілігі
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ата аналар.
Берекелі алтын күз құтты болсын.
Мерекесі халықтың алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.
Жүргізүші: Балалар, Күз қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән айтайық, бізді естіп келіп қалар?
Ән «Күз »
Күздің музыкасы естіледі, балалар орындықтарға барып отырады. Топқа Алтын күз кіреді.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар,қонақтар. Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерің құтты болсын!
Жүргізүші: Рахмет сізге Алтын Күз! Бізде сізді асыға күттік.
Алтын күз: Қандай балалар, тамаша, сендерді көріп қуанып қалдым.Рахмет балалар, күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам, балалар маған арнап тақпақтар айтып береді.
Тақпақтар:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауызындамын бар жұрттың.
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Өсіретін бойыңды Өсіретін ойыңды. Қояндарға азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз.
Ақ түсім бар қант алар Қызыл түсім қанға нәр. Ал, балақай біліп қой, Қызылшамын, пайдам бар.
Алтын күз: Тақпақтарың қандай жақсы!
Алтын күз: Рахмет балалар,Менің қолшатырым Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам, балалалармен ойын ойнайын.
Ойын: “Жапырақ жинау”
Шарты: Балалар жапырақтарды жинап себетке жинайды.
Алтын күз: Рахмет балалар Сиқырлаймын.Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!
Жүргізуші: Би «Жапырақтар»
Алтын күз: Рахмет қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.
Алтын күз: Сиқырлаймын. Ән тыңдағым келеді.
Ән: Бала бала балақан
Ойын – эстафета «Қолшатырмен ойын»
Алтын күз: Балалар қараңдаршы тырналар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бірақ ұяларында жұмыртқалары қалып қалыпты , жұмыртқаларын жинауға көмектесейікші.
Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!
Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.
Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.
Жүргізуші:Қазыр біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, жүргізуші себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.
Алтын күз: Жапырақтар кәнекей, тәтті алма болыңдар! Ормалды алайын не боғаның көрейін!
Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді.Кәне балалар сыйлықтарды алындар!
Балалар сыйлықтарға риза болындар! Алтын күз: Балалар сау болындар! Шығып кетеді.
Ән: Күз келді
Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды, келесі кездескенше