Просмотр содержимого документа
«Берекелі мерекелі алтын күз»
Алтын күз мерекесінің сценариі Мұғалімнің сөзі: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің кіші топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Төңірек толы сары алтын Күз келді туған жеріме Шуағы нұрлы жайнаған Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың Алтын күзді бастайық, Алтын күзге арналған Ертеңгілігімізді бастайық! Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық! (балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
(хормен) Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз. Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз! 1 бала: Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн! Шеңберге тұрып хормен: Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! Мұғалімнің сөзі: Тоңазып атырап, Көп жеміс піседі. Сарғайып жапырақ, Судырап түседі. Үстінеде егінжай, Салқын жел соғады. Гүл,жапырақ шөптер де, Қуарып солады. Айтыңдаршы,балалар?! Бұл қай кезде болады? (балалардың жауабы)
-«Шаттық» тобының оқушылары сіздерге арнап «Саңырауқұлақ» биін дайындап келіпті. Қошеметпен қарсы алып, тамашалайық! Ғажайып сәт:Әуенмен залға күз ханшасы келеді. Күз ханшасы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын! Жүргізуші: - Балалар,біздің мерекеге күз келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық. (Балалар орындарынан тұрып амандасады.)
Күз ханшасы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан Білмеймін тонғаныма, тойғаныма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін! Мұғалімнің сөзі: - Айтқаныңыз келсін, күз ханшасы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші? Күз ханшасы: -Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Кім жылдам?» Ойын шарты: екі топқа бөлініп шашылған көкеністерді жинауларың керек. Бір, екі, үш, ал қанеки ұш! Мұғалімнің сөзі: - Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігіне сай сәнді киімдері болады. Күз мезгілінің сәнді киімдерін «Шаттық» тобының сәнқойларынан білетін боласыздар! Сәнқойларды ду қол шапалақпен қарсы алайық!
(ортаға балалар өз қиялынан туындаған әртүрлі заттардан жасалған киімдерді көрсетеді) Мұғалімнің сөзі: - Күз мезгілі өзінің жомарт бау бақшасымен керемет емес пе?! Күз байлығын атай беретін болсақ шегіне жете алмаспыз. Әйтсе де «Шаттық» тобының балаларымен оларды атап көрейік! (балалар көкөніс пен жемістердің атын атап, олардың түсін түстейді) Алма – жеміс, домалақ, түсі қызыл, дәмі тәтті. Қияр – көкөніс, пішіні сопақша, түсі жасыл. Т.с.с. Мұғалімнің сөзі: - Балалар, Алтын күз бізге көкөніс пен жеміс байлықтарынан басқа несімен танымал? Әрине өзгешеліктерімен! Ал күз мезгілінде қандай өзгешеліктер болады? (балалар бірінен кейін бірі күз мезгілінің өзгешеліктерін атайды) • Күн суытады • Жапырақтар сарғайып жерге түседі • Жеміс-жидектер піседі • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді • Жаңбыр жауады • Егін жиналады • Үйлерін ақтайды,сырлайды Мұғалімнің сөзі: - Күз мезгілі қанша жерден суық, бұлтты мезгід болғанымен, сондай мейрамға толы, мерекелік себептерге толы мейрам. Мысалы Білім күні, Ұстаздар мейрамы, Қарттар күні, Тіл мерекесі т.б. Ал мереке балалардың балдай тәтті былдырлаған тілімен айтқан тақпақтарынсыз өтпес! 1 бала: Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам, Дариядай шалқып жүр
2 бала: Дала сары киінді Самал соқты салқындау, Қырмандарға үйілді Алтын астық, алтын тау.
3 бала: Құстар қайтты ән салып Бұлт шарлады аспанды Қыс келеді жар салып Күзгі суық басталды.
4 бала: Күзім, күзім, күзім, Пісті алма жүзім, Тұрғанда бәрін күз беріп Кел алайық біз теріп 5 бала: Жапырақ ұшты Суық та түсті Сондада бізге Қызық көп күзде
6 бала: Алтын сары қызыл-көк, Алуан-алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. 7 бала: Күздің қазан айында Алма, алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр-сыбдыр түседі 8 бала: Көбейді құт береке, Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз.
Мұғалімнің сөзі:
-Күз мезгілінің алтын табиғатының әсемдігі сондай, тіпті ән айтуға да шабытың оянады. Ал ән шаттық пен жақсы көңіл күй сыйлайды! «Шаттық» тобының балаларының орындауындағы әсем әнге кезек берейік! Шеңберге тұрып өлең айтады. «Алтын күз»
Күз ханшасы:
-Керемет! «Шаттық» тобының балалары сондай өнерлі! Ал тапқырлық жағынан қалай екенбіз, қане сынап көрейік! Алтын күздің жұмбақтарын шешу. Бойын жерге жасырған, Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады (пияз)
Күз ханшасы:
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер әрі тапқыр, әрі өнерлі балалар екендеріңді дәлелдедіңдер! Маған сыйлаған әсерлі көңіл күйлерің үшін сендерге сыйлығым бар! (балаларға әкелген сыйлықтарын беріп, рахметін айтып қоштасып кетеді) Мұғалімнің сөзі: -Рахмет саған Алтын күз! Біздің елге тағы да қош келдің! Өзіңнің керемет табиғатыңмен, астық байлығыңмен бізді қуанта бер!
Осымен «Шаттық» арнайы ересек тобының қатысумен «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Ата-аналар мен ұстаздарға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мың алғыс! Көріскенше қош сау болыңызар! Амандықта жүздесейік!