Мақсаты: ата-аналарға, балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, ұйымшылдыққа, әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: доп, обручь, кегли, үрмелі доп, арқан және т.б.
Барысы:
1.Кіріспе.
2.Спорттық жарыс.
3.Көтеріңкі көңіл-күй.
4. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі «Әкем, шешем және мен-спорттық отбасымыз!» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Әр отбасының жаман әдеттен аулақ, дені сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді отбасы болуы мақсатында біз отбасылық сайыс өткізгелі отырмыз.
\ Әділ қазылармен таныстыру\
Сайыс шарттары:
1.Кім жылдам.
2.Ептілік. \ айналма \
3.«Қиындықты жеңе біл. \ секіртпе\
4. Тасымақ.
5.«Кәне, зымыра!» Сайыстың шартымен таныс болдық, ал сайысымыздың ұраны «Шынықсаң шымыр боласың!» деген әдемі сөзді бәріміз дауыстап айтып, әрі қарай ойынымызды бастайық.
«Кім жылдам». Ойын шарты: Кедергілер арасынан доппен жүгіріп барып, қайтадан кеглидің сыртымен жылдамдықта жүгіріп қайтады. Допты келесі адамға береді.
Тасымақ. Белгілі уақыт ішінде қасықпен шелекке суды толтыру.
«Кәне, зымыра!». Таяқшаны ұстап, жылдамдықпен жүгіріп барып, келесі адамға таяқшаны береді.
Денсаулық- шексіз бақыт,
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысы денің сауда,
«Денсаулық- терең бақыт»-деген сөзді құр айтпаған Абай атамыз да, сондықтан да әрқашан спортпен шұғылдансақ, деніміз сау, шымыр болады.
Ата-аналарды құттықтау және балаларды медальдармен марапаттау
Спорттық медальдар
Ата-аналарға кеңестер.
Жалпақ табан, түйе табан- кісінің бір табанының, не екі бірдей табанының бойлық немесе көлденең үстірінің жалпаюы; табанның екі үстірінің де жалпаюы мүмкін .Аяқты басқанда жалпақ табан түгелдей еденге ( жерге)тиеді, ал ондай табан ізінде үзеңгілік ойысының белгісі қалмайды.
Жалпақ табандық көбіне табанға түсетін салмақ оның бұлшық етінің, сіңірі мен сүйегінің төзімділігіне сәйкес келмейтін бала кезде дамиды, бұған мүшел ауруы, бала салмағының тым ауыр болуы т.б себепші болады. Ересек адамдарда жалпақ табан ұзақ уақыт тік тұру, ауыр дене еңбегі, аяқ киімді дұрыс кимеуден, табанның тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің т.б жарақаттануынан пайда болады. Туа біткен жалпақ табандық сирек кездеседі.
Жалпақ табандықтың ең алғашқы белгілері- табанның, сирақ, сан бұлшық еттерінің, белдің сырқырап ауруы. Кешке қарай табанның ісініп, түнде оның қайтуы мүмкін.Бұдан кейінгі жерде табанның үзеңгілігі жазылып, ұзара бастайды. Жалпақ табандықтың ауыр түрінде жүріс едәуір өзгереді: кібіртіктеу, ыңғайсыздық пайда болады.
Жалпақ табандықтың алдын алу үшін дене шынықтырумен және спортпен үзбей айналысудың маңызы өте зор: жүзумен көбірек шұғылданған жөн, ал спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (мысалы, ауыр атлетика, жүгіру коньки жарысы т.б.) айналыспақ керек. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ аяқ киімді дұрыс таңдаудың да маңызы зор: аяқ киім аяққа шақ болуы тиіс. Тар немесе кең, 3-4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Өкшесі тым биік аяқ киімді ұзақ кию табанның үстірінің жалпаюына себепші болады. Балалар ұлтаны қатты өкшесі аласа биіктігі (1-2 см ) және сірісі берік аяқкиім киюі керек. Баланың мүсініне зер салып отырған жөн, оның денесін үнемі тік ұстауын, аяғының басын екі жаққа алшайтпай түзу жүруін қадағалау керек.
Жалпақ табандықты бала жаста емдеу және оның алдын алу неғұрлым тиімді.Аурудың белгілері біліне бастағанда дәрігерге-ортопедке көріну қажет. Баланың жасына оның өсіп-жетілуіне табанның жалпаю сипатына қарай дәрігер арнаулы гимнастика белгілейді. Бала ата-анасының қадағалауымен үйде осы гимнастикамен айналысуы керек. Аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлерін шынықтыратын жаттығуларды да қатар жасаған жөн. Сондай-ақ күн сайын аяққа жылы бұлау температурасы(35-36*С)және массаж ( сипау,сүрту, ысқылау )жасау керек.негізінен балтыр мен майтабанды ысқылау керек. Балтырды тілерсектен тақымға қарай, ал майтабанды башайдан өкшеге қарай ысқылайды.
Жалпақ табандықтың кейбір түрлеріне дәрігер арнаулы емдік ұлтарақ-бойлық және көлденең үстірлерге арналған табан қалыптар жазып береді. Ауру адам табан қалыптардың биіктігін дер кезінде түзетіп отыру үшін ауық-ауық дәрігерге қаралып тұруы тиіс. Кейде арнаулы ортепедиялық аяқ киім киюдің қажет болуы мүмкін.
Жалпақ табанды балаларға арналған жаттығу комплексі, орындықта отырып жасалады:
Сергіту жаттығулар
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не?...
\М.Әлімбаев\
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Тоғайда көп тоқылдақ,
Үн естілді тоқылдап:
Тоқ-тоқ-тоқ-тоқ-тоқ.
\А.Асылбеков\
Денсаулық және спорт туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер
Шынықсын денеміз! Б.Соқпақбаев
Жүріңдер, балалар, Жел үріп,
Сырғанақ тебеміз, қар еріп
Құрыспай, Қоншыңа толмай ма?
Құрыштай Желменен жарысып,
Шынықсын денеміз. Сырғанақ тебеміз.
Таяққа бау тағып, Құрыспай,
Шаңғыңды майлап ал, Құрыштай
Биалай, малақай- Шынықсын денеміз.
Бәрін де сайлап ал.
Жақсылап байқашы ,
Аяғың тоңбай ма?
Жалел Аружанның отбасы мүшелері.
Бір, екі, үш,Бойға жинап күш!Қане, қанат жазайық,Құс боп ұшып алайық.
«Күні бойы доп тебем,
Доп тепкенде көп тебем»
Иілеміз оңға бір,Иілеміз солға бір,Әжеміз қарайды.Аяққа бір, қолға бір.