Просмотр содержимого документа
«Мерекеңмен Анашым»
Тақырыбы: Шуағын шашқан – «Аялы алақан»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, бүлдіршіндерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
1.Тәрбиеші: - Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын. 2.Тәрбиеші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық. Әйелдер күні бүгін халықаралық Жарыққа бізді әкелген аналарды. Бүгінгі мерекемен құттықтайық Ұйытқысы жанұяның берекеміз Аналар құтты болсын мерекеңіз Әрқашан аналарымыз аман болсын Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз! Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді. Олар машинамен келіп:
Заңғар:
Мерекеде келіп қалды
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді.
Сазайыңды береді.
Ш.Нұрали:
Айттым ғой мен сендерге
Үлгермей қаламыз деп.
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтса болғаны
Ақарыс:
Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар!
Әне, өздері де келіп тұр.
Көңілдірек жымияйық.
Біздің қыздар келіп тұр.
(Қыздар ортаға келеді. Ұлдар қыздарға гүлдерін ұсынады. Барлығы бірге орындарына жайғасады.)
Ортаға қоян жүгіріп шығады. Алдынан қораз шығады. Екеуі амандасып қайда бара жатқанын сұрайды.
-Ау, қоян қайда асығып бара жатырсың?-дейді, қораз.
-Сен білмейсің бе? Бүгін аналарымыздың мерекесі ғой. Соған анама сыйлық жасауға асығып бара жатырмын.-дейді, қоян.
-Сонда анаңа не сыйламақшысың?-дейді, қораз.
-Коп гүлдер сыйлағым келеді. – дейді, қоян.
-Менде сенімен бірге барсам бола ма? Гүлдер қай жерде өсіп тұр екен?-деп сұрайды, қораз.
- Естуімше қошақан тобының ауласында әдемі гүлдер көп екен. Жүр сол жаққа барып көрейік.-деп, қораз бен қоян шығып кетеді.
1.Тәрбиеші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыздың құрметіне би. Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
2.Тәрбиеші:
Таусылмайды өлеңі Күнде айтып береді Барған сайын бір жақтан Кәмпит алып келетін әжелеріміздің құрметіне бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ әжем» әнін тыңдаңыздар.
Ән: «Ақ әжем»
1.Тәрбиеші:
Мерекеге орай бүлдіршіндеріміз аналарына көмектесу мақсатында тамақ әзірлегілері келеді. Алайда, жас болғандықтан тамақ әзірлей алмайды. Бірақ мына би арқылы жеткізгісі келеді. Қарсы алыңыздар. Кішкентай поворлар!
Би: Повар биі
2. Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ, дей келе, бүлдіршіндеріміздің өздерінің аналарына деген ыстық ықыласын өлең шумақтарымен жеткізбекші. Мейіржан
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін балаңның,
Аман сау жүр ақ мамам
Сагида
Маған ақыл айтатын
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін.
Құлыным деп басымнан.
Айбын
Үш әріптен құралған.
Қасиетті ұғымсың
Дүниеде жалғыз жан,
Анашым бір өзіңсің.
Құралай
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар таудай әкең қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Ақерке
Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Гүлім
Әлпештеген баласын, Ана - бақыт ана жыр, Әркім сүйіп өзінің Мақтан етер анасын
Айзере
Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір - бірден Аналарға сыйлаймыз. Заңғар Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де. Диана Аналарды сүйеміз Ақылын ойға түйеміз Әжені де ардақтап Әдеппен бас иеміз
Аян
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық жырын арнаймыз
Ақарыс
Ана біздің күніміз
Анамның біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Қ.Нұрали
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоры сен сәбидің
Гүлісің сен әр үйдің.
Аделия
Іш ауырса, тіс ауырса
Анам дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді
Ш.Нұрали
Ана деген асыл ғой
Жапырағы жасыл ғой
Анаға жетер баға жоқ
Анасын сүймес бала жоқ.
Айым
Жүре берсе қасымда
Айбат мамам ақ мамам
Ботам деген даусынан
Мен мәз болып оянам.
Санжар
Әжем менің айым
Индийский шайым
Болмаса үйде әжем
Болмайды менің жайым.
Денис
Мама строга
И мама нежна
Солнышко мама
Всем нам нужна.
Айшуақ
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан тілін тыңдаймын
Анашымды силаймын
Виктория (стих А. Конобеевой) Не всегда нам удаётся Хорошо себя вести. В этом честно признаёмся, Просим нас за то простить. Настя (стих И. Гуриной) Обещаем маму слушать, Умываться, кашку кушать. Будем быстро мы расти, Будет мамочка цвести!
1.Тәрбиеші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, дүниеге данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Ән: «Анам үшін»
2.Тәрбиеші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Қол соғып қарсы алайық «Моряк биін».
Би: «Моряк»
1.Тәрбиеші: Ал енді қошақан тобының қыздарының сән үлгісін тамашалаңыздар.
Флешмоп
2.Тәрбиеші:
Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!