Сабақтың тақырыбы: Сенің отбасың. Отбасындағы сенің міндеттерің. Сенің отбасыңның тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың отбасы мүшелері туралы жалпы мәліметтер беру. Әр оқушыға өз отбасы туралы әңгімелету. Сұрақтарға толық жауап алу.
Дамытушылығы: Оқушылардың жаңа мағынаны танып білуі арқылы « сенің отбасың» атты тақырыбының мәнін ашу ой-өрістерін,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенге-ізет, кішіге-қамқор болуға,инабаттылыққа,адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Ой толғау, ой шақыру, ашық пікір, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:
1) «Отбасы мүшелері» гүлді сызба.
« Қамқоршы, жәрдемші, көмекші» сөздер 3 жазба қағазда ( түсіндірме сөздік)
Қоржын (асықтан сұрақтар)
Сандықтағы сұрақтар
Топ аттары ( алдыларына қою)
« Бір шоқ гүл» тірі гүлдер
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Сабаққа деген қызығушылығын арттыру
3) Құрал-жабдықтарын дайындату
4) Тәртіп сақтау
II Қызығушылықтарын ояту:
Оқушыларды топқа бөліп,топ аттарымен таныстыру.
-Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргіземіз,енді сол топтарымен таныстырып өтейін.
1. Ата
2. Әже
3. ана
4. Әке
- Осы атауларға байланысты өлең немесе тақпақтармен әр топ топтарын қорғайды..
- Бүгін әр топ ұпай сыйлығын жинап жарысасыңдар, қай топ көп ұпай сыйлығын (яғни мына жүректі) жинаса сол топ жеңімпаз аталады.
- Қарамен берілген жердегі сөзтізбектен қандай сөз шықты? Қане, оқып жіберейік.
ОТБАСЫ
1-тапсырма
1 топтың тапсырмасы
Мағынаны таныту: мәтінмен жұмыс
1) Отбасы мүшелерін ата? ( ата,апа,ана,әке,қарындас,әпке,сіңілі,іні)
2) Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? (қарындас,сіңілі,іні,әпке,аға)
3)Отбасындағы адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?( көмекші,жәрдемші,қамқоршы)
4) Сен өз отбасыңның мүшелерімен қалай қарым-қатынас жасайсың?
5) Саған үлкендер қалай қарайды?
6) «Менің отбасым»тақырыбына әңгіме құрастыр
7) «Мен-біз», «Менікі-біздікі» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
8)Өз отбасың туралы айт?
IV.Сергіту сәті:
Қуыр-қуыр, қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Сен апаңның үйіне бар
Сен атаңның үйіне бар
Сен ағаңның үйіне бар
Сен әкеңнің үйіне бар
Ал сен үйде қал
Мында май бар
Мында шай бар
Мында түлкі бар
Мында күлкі бар
Қытық-қытық
2 топтың тапсырмасы
«Бұл менің отбасым» әңгіме құрастыр
3-топтың тапсырмасы
Сандықтағы стратегиясы
1)- Не тәтті?
2)- не жұмсақ?
3)- не қатты?
4)- кім жақын?
5)- не қымбат?
Жауаптары
Ананың сүті
Ананың қолы
Атаның жүрегі қатты
Тату болса,ағайын жақын,ақылшың болса апайың жақын бауырмал болса, інің жақын алдыңа тартқан адал асың. Қимас жақын қарыңдасың.
Алтын ұяң-отан қымбат
Құт-береке, атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Бәрінен де ұят пен ар қымбат
«Кім тапқыр» ойыны.Мазайка құрастыру Барлық топ жұмыс жасайды.
Отбасы туралы мақал айт
Ана туралы өлең оқы.
Жігіттің неше жұрты бар?
Әке туралы өлең оқы?
Жеті атаны ата?
Анаңның туысқандары саған кім болады?
Сабаққа жақсы белсенді қатысқан топты бағалау,мадақтау7
Оқушылар салған суреттер:
Сабақтағы фотолар: