kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өз елімді сүйемін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің отаным Қазақстан атты мектепалды дайындық тобының тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өз елімді сүйемін»


Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі









Тәрбие сағаты

«Менің Отаным - Қазақстан»





Өткізген: А.Қ.Аменова








Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Мақсаты: 
Білімділік:
Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуілсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөздік молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыра отырып Тәуелсіздігімізге арналған тақпақ, мақалдарды жатқа айтқызуға үйрету.
Тәрбиелік: Есте сақтау қабілетін дамытып, көңіл - күйлерін көтеру.
Методикалық әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сурет бойынша, әңгіме құрастыру, сүрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: Республика, рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс тұлпар, бәйтерек сөздері алынады.
Көрнекілік: Қазақстан Респуликасының мемелекеттік рәміздері.
Сабақтың барысы:
Қуанайық, шаттанайық балақай!
Аспанда күн жарқырайды, алақай!
Атқан таңға иіліп, бір сәлем беріп,
Бақыт тілеп бір - бірімізге осындай.
Қайырлы күн қонақтыр!
Қолында қамшысы бар бала атқа мініп сүйінші, сүйінші Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды, деп жүгіріп кіреді.
Тәрбиеші сүйіншісін береді.
Қазақстан Ресаубликасының мемлекетік Әнұранын орындайды.
Әнұран. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нажімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Ресаубликасы.
Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған - туыс, бауырымыз, ауыл - қаламыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Ермек Өтетілеуовтың. Отан.
Ернұр:
Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамызбен атамыз.


Наргиз:
Отанды
Жас, кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені, онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз


Отан деген – Атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - Ана
Отан - үлкен
Қазақстан туған ел.


Тәрбиеші: Еліміз 1991 жылы 16 желдоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді.
Сендер «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Өзіміздің еліміз, жеріміз, теңдігіміз бар.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәрбиеші: Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Елбасының негізгі жұмыс орны қай қалада?
Балалар: Астана қаласында.
Тәрбиеші: Астана - қандай қала?
Балалар: Астана – бас қала, әдемі, үлкен қала.
Тәрбиеші: Тәуелсіз еліміздің рәміздерін атаңдаршы.
Балалар: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Тәрбиеші: Ал енді, рәміздерді сипаттайық.
Туымызды қалай сипаттайсыңдар?
Балалар: Қазақстан Мемлекетінің Туы көгілдір түсті. Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі. Күн - байлық пен берекені білдіреді.
Еркежан:
Туымызға көгілдір
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Тәрбиеші: Елтаңбамыз туралы не айтамыз?
- Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат - адамның қанаты. Шаңырақ үлкен ортақ үй деген түсінік береді.
Аружан:
Шаңырақтың шаттығы
Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы елімнің
Елдің тыныш тірегі.
Қазақстан Республикасының мемлекетінің Әнұраны туралы не айтасыңдар?
- Әнұран - салтанатты ән. Мемлекеттік әнұран - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбаның сазды баламасы.
Көрініс: Бөлме іші безендірілген. Күй: «Аққу» Н. Тілендиев
Күй әуенімен қолында ұршығы бар әже келіп отырады.
Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді. Ол әжесіне жүгіріп келіп, мойнына асылып, еркелейді.
Бала: Әже, не істеп отырсыз?
Әже: Ой құлыным, мен ұршық иіріп отырмын.
Кел, отыр ойыннан шаршаған боларсың.
Бала: Әже, біз мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз.
Ән ұранды орындадық.
- Әже, «Тәуелсіздік» деген не?
Әже: Е.. құлыным - ау, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар, батыр аға - апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Өзіміздің Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір.
Диас. Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Тәуілсіздік күні бүгін - ұлы той.
Мұхамед.
Отан - менің ата - анам
Отан - досым, бауырым,
Отан - өлкем, астанам
Отан - туған ауылым.
Жанар.
Аялап ару Ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным Қазақстаным.
Аяулым.
Қазақ жері - Қазақстан
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен Қазақстан.
Диас.
Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты ата - мекенім,
Отаным - Қазақстаным.
Дидар Нұрәлі.
Тәуілсіздік күні дедік бұл күнді Асқақтаған нұр елім,
Атын атап, ақын оны жыр қылды. Сені мәңгі сүйемін.
Сол күн менен қатар туған сәбилер Айбынымды асырған,
Кішілерге аға болып үлгерді. Тәуілсіздік - тірегім.
Томирис.
Адам затқа дүниеде Туған жерге нұр шашып жарық берген
Өмір - ау десем ең қымбат. Қуаныш пен мол мол бақыт алып келген
Дарқан тірлік мекенім 16 желдоқсан шуақ болып
Бәрінен, Отан, сен қымбат! Тәуілсіздік елімі алып келген.

Ислам.
Отан - туған үйіміз
Отан - туған жеріміз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйміз.
Балалар бізге «Білім елінен» хат келді, онда тапсырмалар берілген.
1. Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіңдер?
2. Отан туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Елімізде тыныштық болсын!
- Еліміз бай болсын! Т. б.

- Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіздер.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Өз елімді сүйемін

Автор: Аменова Айгүл Кайратовна

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381717

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Мен елімді с?йемін "
    ["seo_title"] => string(21) "mien-ielimdi-suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "231445"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442502295"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Мен ту?ан елімді с?йемін» "
    ["seo_title"] => string(30) "mien-tug-an-ielimdi-suiiemin-1"
    ["file_id"] => string(6) "183694"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425914821"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ашық сабақ: "Мен елімді сүйемін""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_mien_ielimdi_suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "463331"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521969034"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен ту?ан елімді с?йемін "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-tug-an-ielimdi-suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "122847"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1414344857"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі."
    ["seo_title"] => string(37) "mag_zhan_zhu_mabaiev_suiiemin_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "409261"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492186849"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства