kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий "Төрлет, төрлет Жаңа жыл!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың мерекеге деген көңіл күйі көтеру. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий "Төрлет, төрлет Жаңа жыл!"»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№61 бөбекжай - бақшасы» МКҚК















«О, алақай келді бізге Жаңа жыл!»



















«О, алақай келді бізге Жаңа жыл!»

Балалар музыка әуенімен залға кіріп шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші:

Сәлем, бар адмамға

Ардақты ұл- қыздарға

Бүлдіршін балаларға

Жарқырап жастар әні

Болсын той маскарады.


Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мына әсем шыршаға,

Қош келдіңдер балалар, ата – аналар , қонақтар.

Жаңа жылдарың құтты болсын,

- денсаулықтарың мықты болсын, әр күндеріңіз мерекелі, достарыңыз көп, өмірлеріңіз берекелі мәнді де , сәнді болсын!

Балалар тақпағы:

1. Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді ,

Бізге қарай жылыстап

Білсін біздей балғыңды,

Көңілденсің ол енді

Шырқатайық ән жырды,

Шырқатайық өлеңді


2. Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

3. Аса үлкен қунышпен

Қарсы алайық шаттықпен

Құттықтаймыз бәріңді

Жаңа жылдық мейраммен

4. Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз

Еңжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық

Жаңа жылға арналған,

Шырша әнің бастайық.


Шыршаны айнала шеңбер құрып, ӘН:«Жаңа жыл »өлеңін айту;

Жүргізуші:

Бүгінгі шырша тойы, түрлі қызыққа толы.

  • Жаңа жыл құтты болсын балар!

(Музыка ойнайд Ақшақар пайда болады)

Ақшақар: Армысыздар қонақтар

Сәлеметсіздерме балалар!

Жүргізуші:

Ақшақар саған мына ақ көйлекті кім тікті?

Ақшақар:

Ақ көлекті маған қыстың ақ қарры тікті;

Жүргізуші:

Ал саған қыста өлең айтқан кім?

Ақшақар:

Өлеңді маған көңілді орман айтқан болатын.

Жүргізуші:

Ал мына жұлдызды моншақты тоққан кім?

Ақшақар:

Жұлдызды моншақты маған Аязата берді.

Жүргізуші:

Ал Ақшақар сен бізге жаңа жылға не тілейсің

Ақшақар:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жан ашыр

Ата-ана 2

Қуатты болсын жаңа жыл!

Ақшақар:

Мені шырша тойына шығарып салған мейрімді Аяз ата.

Міне қарандаршы! Мына ғажайып бояуларын, сиқырлы қылқаламын береді

Жасыл шыршаның мыңдаған шамдарын жағамын

Қуат бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат


Ән:«........................................»

Ақшақар:

Жаңа жылда балалар не тілесең сол орындалады дейді.

Қандай жаңа жыл ғажайыпсыз өтеді.

Мен де ойлап тұрмын бұл жаңа жыл да солай өтетін сйяқты.

Қәзір мен мына шырша маңын бір қарап шығайын.

Мүмкін бір сиқырлы зат табармын.

(Іздейді, шырша астынан табады).

Ақшақар:

Міне, таптым. Мына кұмыраға қараңдар!

Ал көрейік, бұл бізді қалай таңқалдырады.

Қазір мен оны сүртіп көрейінші.

(Хоттабыч пайда болады)

Ақшақар:

Сіз кімсіз ата?

Хоттабыч:

Кім? Мені білмейді!

Менің атым бәріне таныс.

Ха-ха-ха!!!

Көңілді джин Хоттабычпын Мен.

Ой! Мен қайда келдім?

Бұл жерде ешқашан болған емеспін.

Ал сіз кімсіз! Бұл жерде не болады?

(Балалар жауабы).

Менің көзімнің қарасы.

Менімен бір билесең қайтеді.

Ақшақар:

Әрине ата? бірақ біз балармен бәрге билейік.

(Шырша жанында Ақшақар мен Хоттабыч балалармен би «Эстрадалық»еркін би музыка

Хоттабыч:

Маған бұл жерде өте ұнады.

Дәл қазір мен бықыттымын.

Ал сұраңдар е қалайсындар

Мен бәріне орындауға дайынмын

Сендерде қайғы мұңболса,

Менде сақал бар. Ол сендерге көмектеседі.

Ақшақар:

Жақсы хоттабыч ата .

Сіз мүмкін бізге көмектесесіз!

Бізге жаңа жылды бастауға Аязата керек.

Хоттабыч:

О, меннің сүйкімді қызым.

Мен сендер үшін бәріне дайынмын.

Мен бірақ Аязатаны ешқашан көрген емеспін,

Сондықтан оны қандай екенін білмеймін,

Ал сендер ол туралы айтып беріңдерші.

Балалар тақпағы:

Қар мен мұздан жаралған ,

Ну орманда ән салған

Ыстықты өте сүймейді,

Қалың орманды мекендейді.

Хоттабыч:

Түсінікті2! Ол қардан жасалған.

Ыстық шәйді ішпейді

Қармен ойнайды, дұрыс- дұрыс

(Сақалын жұлып сиқырлайды).

Ап! Шари-Вари

Қарсы алыңдар Аяз аталарыңды.

(музыка әуенімен Аққала келеді).

Аққала:

Мен көңілді аққаламын,

Хат тасимын шаттанамын

Аязда да боранда да

Хатты жедел жеткіземін

Бар адамды қуантамын

Жаңа жылмен құттықтаймын, достарым!

Ақшақар:

Ой қандай көңілді аққала.

Бізбен бірге билеп, ойнап көңіл көтерші.

Аққала:

Мен жалғыз ойнауға құмар емеспін

Қасыма достарым шықсын.

Ақшақар:

Ендеше қасыңа достарың шықсы

ойыны: « »

Жүргізуші: Мында сізбен ойнамаған балаларда ойнағысы келеді, оларменде ойнаңызшы.


Ойын: «........................................»


Аққала: Ой! Балалар сендер сондай шапшаң екенсіңдер.

Бойларын кішкетай болса да

Ойынды тамаша ойнайды екесіңдер

Ой қорқам мында ыстық болып кетті

Мен еріп барамын кетейін.

Сау болыңдар балалар!

(Аққала кетеді)

Ақшақар:

Ой, қадірменді Хоттабыч, сен қателестің

Аяз ата орына мерекеге Аққаланы шақырдың ғой!


Хоттабыч:(баларға қарап) О, ақылдылардың ақылдысы

Маған тағы Аяз ата туралы айтып беріңдерші.


Бала

Тақпағы: Ақшақар қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағылып,

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып


Хоттабыч:Түсіндім, түсіндім!

Қазір бәрін түзетем

Оның ұзын сақалы бар

(сақалын жұлып сиқырлайды).

Карабас-Барабас Пайда болады!

Хоттабыч:

Армысың, қадірменді Аяз ата!

Карабас:

Мені мұнда кім әкелді,

Мен Аяз ата емеспін

Мен әлемге әйгілі Карабас-Барабаспын.

Менің қуыршақ театырым бар.

Олар менің айтқанымды бұлжытпай орындайды.

Әй қуыршақтар келіңдер мұнда. Сендердің маған көрсетер қандай дайындықтарың бар?!

Маған әуелі би билеп беріңдер

Би «Қуыршақтар»


Ақшақар:

Хотабыч ата Сіз тағы қателестіңіз

Карабасты өз ертегі еліне қайтарыңыз!

Әйьпесе мерекенің бәрін бұзады

Хоттабыч:

Түфу, Түфу! Мен тағы не бүлдірдім

Қазір, қазір Мен бәрін түзетемін!

(сиқырлайды, Карабас қамшасын сілтелеп айқалайды).

Карабас: «Жалқаулар! Сендердің шаңдарынды қағамын» Жүгіріп шығып кетеді.

Ақшақар: Ой, қорқып кеттім ғой!

Хоттабыч ата бұл жолы абайы болшы,

Ал біз саған Аяз ата туралы тағы айтып түсіндіріп береміз.

Бала

Тақпағы: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Жылда бізге келеді,

Сыйлық әкеп береді.

Жұрттың бәрі ,асыға күтіп жүреді.

Хоттабыч:

Ой, ақылдым, рахмет, мен бәрін түсіндім.

(Сыйқырлайды, Су патшасы келеді)

Су патшасы: Кім мені ұйқымнан оятып, осында алып келген?!

Хоттабыч: Аяз ата мен сізді осында алып келген!

Су патшасы: Мен Аяз ата емеспін! Мен Су патшасымын! Мен өзі қайдамын? Мына ортада тұрған не?

Жүргізуші: Супатшасы бұл шырша.Хоттабыч сізді аяз атаға ұқсайды деп , осында Жаңа жыл мерекесіне байқаусыздан алып келіпті айып ете көрмеңіз бізді кешіріңіз отырып көңіл көтеріңіз біз сізге тақпақ айтып берейік.

Су патшасы: жарайды тыңдап, ұйқымды ашайын.

(Балалалрдың тақпақтары айтылады)

Хоттабыч: Аяз ата көңіліңіз қалай?!

Су патшасы: МЕН жаңа қазірде айтқан едім ғой! Мен Су патшасымын!

Хоттабыч: Ой, кешіріңіз мәртебелі Су патшасы! Мүмкін біздің де көңілімізді көтеріп бірдеіе көрсетерсіз.

Су патшасы: Әрине осында менің қыздарым жүр екен солар ортаға шығып, тамаша би билеп берсін!

Би: «Русалка»

Су патшасы: Жарайды енді мені қайтадан апарып тастаңдар.

Хоттабыч: Жарайды, Шари – вари бара ғой үйіңе Су патшасы! (супатшасы шыр айналып кетіп қалады)

Хоттабыч : Тағыда маған Аяз ата туралы айтып беріңдерші.

Баланың тақпағы: Қолда таяқ, маймақ аяқ,

Қорбаң, қорбаң етеді.

Жүгіргенде жеңіл аяқ,

Желді қуып жетеді.


Хоттабыч: Түсінікті, қазір....... (осы кезде залға Кошей кіріп келеді)

Кощей:

Күндіз – түні, күндіз –түні күмісімді санаймын,

Күндіз – түні , күндіз – түні демалуды білмемін.

Байлығыммен бірге мен қуарамын, соламын

Сандығыма қарасам, қуаныштан толамын.

Хоттабыч:

Амансың ба, Аяз ата! Неге қайғылысың?

Кощей:

Қайғырмай қайтейін, күні мен түні байлығымды күзетумен боламын.

Ақшақар:

Ал, сен Кощей бізбен достасып көр,

Бірге билеп, ән салайық... Мүмкін мейрімді боларсың.

Кощей:

Ол қалай?

Ақшақар:

Мне былай . (Шаршаны айнала билеп ән айтамыз).

Ән: «Бізге жаңа жыл келді»

Ақшақар:Ал енді бірге айналайық. Біз саған дос болайық.

Кощей:Ол қалай?

Ақшақар:Мне былай, әкел сандығынды қой шыршанын астына аш...

Кощей:Неге?

Ақшақар: Біз екеуміз шыршаны айналып жарысамыз.

Кім бірінші сандықа жетсе, сол жеңеді.

Қане ойнайық. Көрде тұр, өте көңілді болады.

Кощей:

Иә саған. Қара бұның не ойлағанын.

Менің байлығыма қол салайын дедің бе?

Сенің жүз досыңнан, менің 100 теңгем артық.

Қазір мен сендерге... Бүкіл болуларынды алып шашып тастаймын!

Мә, саған! Ха ха ха!

Кощейдің байлығына қол салғың келсе, міне осыла болады! (кощей кетеді)


Хоттабыч:

Ойбай, Мен не істедім.

Енді шыршаға әртүрлі шамдарды қалай жағамыз?

Ақшақар:

Тезірек көмекке Аяз атаны шақыру керек.

Тезірек сыйқырлы сақалынды аш,

Ал біз балалармен аяз атаны шақырайық

Балалар:

Аяз ата, келіңіз! Күтіп тұрмызбәріміз.

(Аяз ата келеді).

Аяз ата:

Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба қыздарым!

Қандай жақсы жүздерің,

Қандай әсем үндерің.

Келіп тұр ау демалып,

Әндеріңді тындағым.

Аяз атаға өлең «Аяз ата» тақпақ

Хоттабыч:

Міне, тамаша! Ақыры сыйқырым жасады.

Енді Аяз ата қандай екенін білдім. Жаңа жыл құтты болсын!

Енді мен өз жұмысымды орындадым. Кететін кезім келді.

Келесі кездескенше, сау болыңдар балалар! (Хоттабыч ата кетеді)


Аяз ата:

Бұл не болған, балалар, шыршаның шамдары жанабай,

Түрлі түсті шарлар жарқырмай тұр ғой. (Ақшақар не болғанын ренжіп айтады)

Аяз ата:

Бұл пәлені жөндеуге болады.

Бізге көмектесетін біздің достарымыз: балалар және орман аңдар.

1 2 3 4 5

Бояуларды жинауды бастайсыз.

Аяз ата: Ал, енді біз орманға қына сары және қоңыр бояуларды алуға барамыз.

Ақшақар: Аяз ата неге орманға барамыз?

Аяз ата: Онда менің достарым: қына сары, түлкілер, қоңыр аюлар мекендейді.

Оларды осындай бояулар бар.

Ақшақар: Дұрыс таптыңыз, Аяз ата мен сізге көмектесейін.

Асығыңдар шыршаға ормандағы түлкілер,

Қына сары, аюлар көңілденіп, ән салып шырша тойн тойлаңдар.

Ән: «Жаңа жыл » жеке ән. (Осы кезде ортаға түлкі, аю және де басқа аңдар келіп бояуларды береді)

(Аяз ата бояуларды алады)

Ақшақар:Аяз ата орманда қызыл бяуды қайдан аламыз?

Аяз ата: Жаңа мен орманда кетіп бара жатқан қызыл түсті киім Супнр Мэн жігіттерді көрдім.

Қызыл бояуды содан аламыз

Би: «Супермэн» жігіттерден алатын боламыз

Ақшақар: Жасыл түсті бізге биылғы Жаңа жылымыз « жылан» бермекші

Бала: Сәлем достар аман ба?

Нұр береді шыршаға

Жасыл бояуды алыңыз.

Шырша шамын жағамыз

Аяз ата: Міне , балалар, біз сендермен бояулардың бәрін жинадық.

Енді шыршаны жарқыратып жағатын мезгіл жетті.

Мен өзімнің сыйқырлы таяғыммен мыңдаған оттарды жағамын.

аяқшам жүгір айнала,

Шырша , шырша жайна!

(Шырша шамы жағылады)

Аяз ата:Жиналыңдар балалар

Жиналыңдар тезірек.

Жаңа жылды қарсы алып,

Ән шырқайық баршамыз!

Ән «Жаңа жыл әні »(жаңадан тақпақ алдық біз жаттап)

Ақшақар: Аяз ата сіз балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата:Әрине әкелдім, Ақшақар қызым Хоттабычтың құмырасын әкеліп берші. Қазір біз одан сыйлықтарды алып шығамыз.

Ақшақар: Аяз ата құмыр кішкентай, ал балаларымыз көп.Сыйлықтар жетеме?

Аяз ата: Менің сиқырлы таяғым не үшін дейсің қызым – ау !

Қазір бұл құмыраны сиқырлайтын боламыз.

Ал, қызым құмыраны ал да, мен не айтсам соны қайтала

1,2,3,4,5 сиқырлаймыз қазір біз!

Шыршамызды айнала, үлкен болшы, құмыра!

(Ақшақар құмырамен шыршаны айналады, құмыр үлкен болады. Барлыұ балаларға силықтар таратылады)

Жүргізуші: Рахмер сізге Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Ал, балалар біздің сендермен қоштасатын сәт келді, бізді сендер сияқты басқада бүлдіршіндер күтіп отыр . Ақшар немереміз екеуміз әлі де талай жерлерді аралап бар балаларға сыйлықтарымызды таратып үлгіруіміз керек сау болыңдар балалар!

Ақшақар: Сау болыңдар !









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий "Төрлет, төрлет Жаңа жыл!"

Автор: Сулейменова Айгуль Альмухановна

Дата: 09.02.2020

Номер свидетельства: 538902

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Төрлет, төрлет жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(27) "torliet_torliet_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "372103"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482319508"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Төрлет, төрлет жаңа жыл!" ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(42) "torliet_torliet_zhan_a_zhyl_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "372105"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482319960"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""Төрлет Жаңа Жыл!""
    ["seo_title"] => string(17) "torlet_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "599746"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1644234847"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Жа?а жыл?а арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(29) "zhanazhylgaarnalganstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "286703"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454392743"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Наурыз келді" сценарийі. 1-б?лімі "
    ["seo_title"] => string(34) "nauryz-kieldi-stsienariii-1-bolimi"
    ["file_id"] => string(6) "142520"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1418309956"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства