Просмотр содержимого документа
«Сценарий ""Жомарт к?з"»
«Жомарт күз» Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз туралы балалардың дүниетанымын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Тапқырлық, жылдамдық, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Музыкалық зал мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка ырғагымен ішке кіріп отырады. Жүргізуші: Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз! - Қайырлы күн! Армысыздар құрметті қонақтар мен балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын! ӘН: «Қошақаным» Б.Кәусар: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан - алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. Гүлсезім: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Махамбет: О, алақай, тамаша! Шашу шашты жапырақ, Бақтың іші алаша Аунар ма едім, жатып ап?!
Гүлден:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Бегім:
Сары алтындай сары күз,
Күтеміз сені бәріміз.
Қамбаларға сыймасын,
Еліме бақыт сыйласын.
Айнара:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш қой біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Жүргізуші: - Балалар, ненің дауысы? Бірден - бірге күшейіп келеді? Балалар: - Жел. Жүргізуші: - Жел қатты болғанда қандай өзгерістер болады? - Иә, жапырақтар ұшады. (желдің дауысымен ортаға жапырақтарын жан - жаққа шашып Алтын күз келеді) Алтын Күз: Сәлем, өрен достарым Алақанды тос бәрің Қымбатты сый алыңдар Қызығыма қаныңдар. Ән салыңдар, күліңдер Жайнап гүлдей жүріңдер Кел, күз тойын тойлайық Би билейік, ойнайық!
Жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді Қуантып байлығымен ізгі елді Бір тойдырып қайту үшін елімді Сабырлы, сары Алтын күз келді! - Армысыз, Алтын күз. Біз сізді күтудеміз. Алтын күз: - Ендеше неге тұрмыз, қане би билейік. БИ: «Жапырақтар» (Жапырақтармен қыздар би билейді(Меңд.Кәусар,М.Кәусар,Аяна,Мерей,Аруна,Ажар,Айнара,Б.Кәусар, Айша.). Билеп болған соң қыздар жапырақтарды шашып кетеді)
Ойын: «Кім жапырақты көп жинайды?» (Ұлдар жинайды. Кім жапырақты мол жинаса, сол жеңімпаз болады) Жүргізуші: - балалар, күз мезгілінде нелер піседі? Жемістер қайда өседі? Көкөністер ше?Ал ендеше сол жемістер мен көкөністер туралы тақпақтарды кім біледі?
Алмұрт - Ажар: Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың. Өрік - Саяжан: Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін.
Жүзім - Мади: Мен, жүзіммін Моншақ болып тізілдім.
Шие – Карина: Шиемін, мен, шиемін Піскенше тон киемін Бала келсе қасыма Басымды мен иемін. Алма - Ернұр: Пісіп тұрған алмамын Тамсандырар бал дәмін Жерге сілкіп түсірме Ісіп кетер маңдайым. Қияр - Томирис: Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне. Сәбіз - Ахмет: Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де.
Картоп-Меңд.Кәусар:
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Енді көкөністер мен жемістерді екі себетке бөліп жинайық.Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау» (Балалармен)
Райана: Көбейеді құт - береке Астық толы қамбамыз. Ақтілек: Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз. Саят: Кездескен соң күзімен Бұтағынан үзілген.
Д.Мақсат: Ай жапырақ – сары алтын Айналаның бәрі алтын.
Айсұлтан:
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен.
Алдым соны түсініп.
Аяна:
Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Жүргізуші: Шат көңілді балалар Шаршағанды білмейді «Алтын күз» мерекесіне «Шөжелерім» биін билейді.
БИ: «Шөжелерім» (Саяжан,Камила,Райана,Гүлсезім,Карина,Томирис) Тауық: - Бүгін сендер қандай әдемісіңдер? Күз мезгілінде табиғат құбылысы түрлі өзгерістерге енеді. Жаңбыр жауған ұнай ма, сендерге? Жаңбыр жәй, қатты да жауады. «Қандай жаңбыр?» ойынын ойнағыларың келе ме? Ойын: «Қандай жаңбыр?» («жәй жаңбыр» дегенде орындығымызды жәй тырсылдатамыз. «Қатты жаңбыр» дегенде орындығымызды қаттырақ тырсылдатамыз.)
Жанер: Күзім - ау, күзім - ау Міңезің бұзық - ау.
Камила: Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық - ау.
Айша:
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Алиби:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз.
Заманбек:
Қарашы күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізіпті,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Тауық: - Ой, балалар сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рақмет сендерге балалар! Мен енді достарыма барайын. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар!
Әуенмен түлкі келеді. Түлкі: Мен түлкімін күлкілі Кім білмейді түлкініАлдамаймын ешкімді Алтынданған күз күні. Жүргізуші: - Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің балалар сізбен билегісі кеп тұр. Түлкі: - сендер сондай кішкентайсыңдар, билей аласыңдар ма? (әуенмен түлкінің қимылын қайталайды) Түлкі: - ой, жарайсыңдар, кішкентайлар! Жүргізуші: - Балалар, түлкі өзімен бірге не ап келген? - Сәбіздер. - Оны түлкі жей ме? Ол қай жануардың тамағы? - Қоянның. (Секіріп қоян келеді) Қоян: - сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендерде болып жатқан қандай той? Жүргізуші: қоянжан, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз. Қоян: - А - а - а. Менің қысқа жинап қойған сәбіздерімді түлкі алып кетті, маған бермейді (жылайды) Жүргізуші: - қоянжан, қоянжан сен жылама, біз көмектесеміз, көңіліңді көтеріп ойын ойнайық. Ойын: «Ақ қоян» (Ортада ұйықтап отырған қоянды тақпақтап оятады да, шашырап жүгіріп қашады, ұсталып қалған бала қоян болып ойынды жалғастырады) Түлкі: - Әй, қоян, мерекеде достасайық, мен сені енді ренжітпеймін, ал сәбіздеріңді. Бірде - біреуін жеген жоқпын. Осы сені неге «желаяқ» деп атайды? Қоян: - Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сосын айтады ғой. Түлкі: - ой, қоянжан, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба? Қоян: - Онда көрейік. (түлкі қоянды қуады, жете алмайды) Түлкі: Сен расында жеткізбейді екенсің. Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та Күлдік те, биледік Қоштасатын кез келді Біздер енді кетейік. Қоян: Сау болыңыздар, балалар! Би: «Саңырауқұлақтар»(ұл балалар)
Мұхаммед: Құстар қайтты ән салып Бұлт шарлады аспанды
Алтын Күз: Балалар, өнерлерің үстем болсын. Сендерге әкелген сыйымды тәрбиеші апайларыңа беріп кетейін соңынан аларсыңдар.. Жүргізуші: Күз арқылы білеміз Жомарттықтың салтын біз Біз өзіңді сүйеміз Балалар: Рахмет саған Алтын күз!
-Сау болыңдар балалар деп Алтын күз шығып кетеді.
ӘН: «Отан» - Құрметті қонақтар, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Келесі күзге дейін кездескенше!