Бала тәрбиесі-ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбиедегі ата-ананың рөлі»
Тәрбиедегі ата-ананың рөлі.
Бала тәрбиесі-ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата- ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бал тәрбиесіне ықпалы зор.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-туған ұясы, өз отының басындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгірімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой тұрады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгіріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ен бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - десе, Жан – Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесен, ол солай тәрбиеленеді» - деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқолығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана –сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Бала – ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата - ананың орны бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы – құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс – тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б.
қасиеттеріне байланысты. Халық «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүесін жүзеге асыру – педагогикалық ұжымның басты міндеті.