Т?рбиеші: Б?гінгі 1 желто?сан Елбасымыз Н.?. Назарбаевты? т???ыш президент болып сайлан?ан к?ніне арнал?ан «1 желто?сан -Елбасы к?ні» атты іс- шарамызды ашы? деп жариялаймыз.
Бегарыс:Отан –жерім,Отан - суым,
Отан ?уат, н?р береді.
Отан - ?ран, Отан - туым,
Отан м??гі г?лденеді. Отан, ту?ан жер туралы ма?ал-м?телдер
Отан - елді? анасы, ел - ерді? ел – ерді? анасы.
?сем:Отанды с?ю – отбасынан басталады.
Ту?ан елдей ел болмас, ту?ан жердей жер болмас.
-Б?рекелді, тамаша! Балалар, бізді? мемлекетіміз, республикамыз ?алай аталады?
-Бізді? республикамыз – ?аза?стан.« Бізді? б?л д?ниеде бір ?ана Отанымыз бар, ол- т?уелсіз ?аза?стан» Осы т?уелсіз мемлекетімізді бас?ару 1991 жылы 1 желта?санда бізді? Елбасымыз Н.?. Назарбаев?а б?йыр?ан екен.
Н.?. Назарбаев кім?
Ол –елімізді? басшысы, хал?ымызды? жанашыры, ?те білімді, тере? ойлы т?л?а. Баян: Н?рс?лтан ата ??тты болсын мерей тойы?,
Сомданып, т?л?аланып ?скен бойы?.
Жер шары ?лемдегі барлы? елдер,
Біледі Президентімізді? а?ыл-ойын. Досжан:
Жасы?нан жігіт еді? жалын ат?ан,
Ар?аны? а? бораны та?дай ?а??ан,
Кешегі с?лу жігіт Н?р атаны,
Б?гінде хал?ы с?йіп, етер ма?тан. Мансур::Отан деген – ?р адамны? ж?регі,
О?ан ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды барлы? елге паш еткен.
Президентім –ма?танышым, тірегім. Азель:?иялы ?ш?ыр ойлы адам,
?лемге бол?ан аты а?ыз.
?рпа?ты? ?амын ойла?ан,
Аман сау ж?рші Атамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты: «1 желто?сан -Т???ыш Президент к?ні»»
Тақырыбы : «1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күні» Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін арттыру. Ел президентің құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау Көрнекіліктер: Елбасы суреті, рәміздер, тақырып атауы, әуен. Тәрбие сағатының өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. «Шаттық шеңбері» тренинг. Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне бір - біріне жылы лебіздерін білдіруге шақырады: Бүгінгі күніміз сәтті болсын! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз, туған жеріміз тыныш болсын! Денсаулығың мықты болсын! Ақ көп болсын! Ырыс, береке болсын! Тәрбиеші: Алаулаған алабына нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағын желбірейді төрінде, Әнұраның тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
Тәрбиеші: Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған «1 желтоқсан -Елбасы күні» атты іс- шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Бегарыс:Отан –жерім,Отан - суым, Отан қуат, нәр береді.. Отан - ұран, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер Отан - елдің анасы, ел - ердің ел – ердің анасы.
Әсем:Отанды сүю – отбасынан басталады. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас. -Бәрекелді, тамаша! Балалар, біздің мемлекетіміз, республикамыз қалай аталады? -Біздің республикамыз – Қазақстан.« Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан» Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтақсанда біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен. Н.Ә. Назарбаев кім?
Ол –еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға. Баян: Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың, Сомданып, тұлғаланып өскен бойың. Жер шары әлемдегі барлық елдер, Біледі Президентіміздің ақыл-ойын. Досжан:
Жасыңнан жігіт едің жалын атқан, Арқаның ақ бораны таңдай қаққан, Кешегі сұлу жігіт Нұр атаны, Бүгінде халқы сүйіп, етер мақтан. Мансур::Отан деген – әр адамның жүрегі, Оған ел де, жер де, су да кіреді. Отанымды барлық елге паш еткен. Президентім –мақтанышым, тірегім. Азель:Қиялы ұшқыр ойлы адам, Әлемге болған аты аңыз. Ұрпақтың қамын ойлаған, Аман сау жүрші Атамыз. Н.Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауданында дүниеге келген. Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, анасының аты- Әлжан, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Ол Қаскелен қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. « Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы » ҚР заңына сәйкес барлық жерде 1 желтоқсанда еліміздің Тұңғыш Перзиденті күні мерекеленеді. Олай болса Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әнін тыңдайық.Сендердің мерекеге арнаған суреттеріңді тамашалайық:
Дильназ:Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
Айзере:Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Арслан:Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы 1991 жылдың 16 желтақсаныңда аңсаған күнге қол жетіп Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.
Сафия:Бағдарлап елдің ертеңін, Тыныштық тауып жатпаған. Болашақ үшін тер төгіп, Үмітін елдің ақтаған. Нарқына арқа жерінің, Көрегендікпен қарады. Жүрегі етті елінің, Астана сынды қаланы. Қазақстан Республикасының Елордасы- Астана қаласы. 1997 жылы қазанның жиырмасында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР –ның астанасы деп жариалау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, еңді Ақмола қаласы ҚР-ның жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Астана қаласында президент сарайы, парламент ғимараты, қонақ үйлер, жастар сарайы, көпқабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. ∙ Ақорда- Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы ∙ Бәйтерек – Астананың басты белгісі. ∙ Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады. ∙ Парламент үйі – Өкімет үйі. ∙ Бейбітшілік пен келісім сарайы-әлемдік және дәстүрлі діңдер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат. ∙ Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат. ∙ Хан шатыры- Астананың ең үлкен ойын –сауық орталығы ∙ Мұхит аралы- мұхит жануарларын көретін орын.
Тәрбиеші: Олай болса сендердің осы мерекеге арнайы салып әкелген суреттеріңді тамашалайық:
Ерназар:Жетістігін елімнің, Осылай біз мақтайық! Туған жердің тойынан Қалыс қалып қоймайық.
Айсу:Алаулаған алабына нұр тамып, Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді төрінде, Әнұраның тұр көгіңде шырқалып. Инкара: Сіз-әке барша қазақ бәрімізге, Жас сәби үлкен –кіші кәрімізге. Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей, Жарасып келе жатыр сәніміз де
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» әнімен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.