kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жана мерекесі 2018

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға жаңа жыл туралы түсініктерін молайту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жана мерекесі 2018»

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген, әуенде залға балалар қол ұстасып кіреді.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін . Құрметті қонақтар, ата- аналар бүгінгі жаңы жыл мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп бip шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған ертегіні көріңдер шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

Қоян –Салтанат:

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан,

Марстан Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.

Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю-Арман

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық Би билеп, ән салайық.

Eкeyi қол ұстасып, билейді.

Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!

Түлкі –Камила

Түлкі: Сәлем,достар,аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян Келші биге басайық!

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі бipre билей,жөнеледі

Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр –Ернияз

Қасқыр:Армысыңдар!

Бармысыңдар,ағайын!

Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ

Бәрі билеп жатқанда, күшік келеді.


Күшік- Алинұр

Күшік:

Аф,аф,аф

Кәне ,кәне келіңіздер!

Жаңа жылды қарсы алып,

Би билеңдер ,ән салып!

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын !

Достығымыз мықты болсын!

Жүргізуші :

Сонымен аңдар

Қуанысып көрісіп,

Достасып бір жүрісіп,

Жаңа жылды тойлады!

Енді жаңа жылдық мерекемізді жалғастырайық. Балалар жаңа жылдық мерекемізге жылда кімдер келушеді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар келеді

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаньң орнына қу түлкі кipeдi де, шыршаны бip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Түлкі: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен?

/Осы кезде түлкі төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді. /

Тәрбиеші: Әй қу түлкі ! Әй қу түлкі оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға!

Түлкі сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағана мен келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықта бip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін қарным тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Түлкі кeтiп қалады.

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

«Жаңа жыл » хор мен айтылады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар шанамен сандықты сүйретіп кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?

Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы,біз тойға келдік! Кәне,балалармен амандасайьқ. Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға Бүлдіршін балаларға бip сәлем! Қандай жарқын жүздерін, Қандай әсем жырларың Асаулармен алысқап, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер.

/ Ақшақар басын көтермей тұрады.

/ Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайьқ.

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғын қандай еді?

Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Тәрбиеші: Балалар кане Ақшақардың сиқырлы таяқшасын іздеп көрейікші!

Ит келді: Аф,аф,аф

Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық. Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

«Шырша жыры » жырланады. Хор

Ойын «Кім жылдам?» сиқырлы таяқпен ойын ойналады.

Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.

Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына дорбаның ішінде! Ақшақар дорбаның кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.

Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті түлкі алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде залға түлкі кіреді.)

Түлкі : А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)

Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Түлкі: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.

Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына қу түлкіні қатырып таста» (Түлкіні тұрған бойында қатып қалады.)

Түлкі : Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.

Аяз-Ата: Бересің ба дорбаның кілттін?

Түлкі : Жоқ, бермеймін.

Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.

Түлкі : Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын,би билеп берсін! (Осы кезде түлкі қалпына келеді)

Би «Қыздар биі»

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Ойын «Шыра безендіру» ата –аналармен ойын

Түлкі : Жарайсьңдар,балалар, сондай көңілдісіңдер!

Би «Көңілді достар» үлдар биі

Жүргізуші : Аяз-Ата би ұнадыма? Балалар енді Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік.



Тақпақтар:






Аяз-Ата: Рахмет, балалар. Ризамын сендерге.  Менімен бірге ән айтып билегілерін келе ме?

Би және ән бірге орындайды « »

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңа сыйлықтарым бар еді, сыйқырлы әуенмен сандық ашылады.

Ақшақар :Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.

Аяз –Ата: Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Түлкі : Қош сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018 -шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!








































КМҚК «Дәншік» балабақшасы











«Жаңа жыл мерекесі» атты ертеңгілік

«Қарлығаш» ересек тобы





Тәрбиеші: Корпешова.Ш.Т

Маут .Риза

Саз жетекшісі: Бекмұрат.А









Самар ауылы 2017-2018 оқу жылы



КМҚК «Дәншік» балабақшасы











«Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілік

«Қарлығаш» екінші сәбилер тобы





Тәрбиеші: Корпешова.Ш.Т

Маут .Риза

Саз жетекшісі: Бекмұрат.А









Самар ауылы 2016-2017 оқу жылы
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жана мерекесі 2018

Автор: Алпысбаева Шынар Тураровна

Дата: 23.12.2018

Номер свидетельства: 492179

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - аса қымбат жан"
    ["seo_title"] => string(20) "ana_asa_k_ymbat_zhan"
    ["file_id"] => string(6) "350639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476909143"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "8 Наурыз мерекесімен"
    ["seo_title"] => string(22) "8nauryzmieriekiesimien"
    ["file_id"] => string(6) "319310"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460799129"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Аналар мерекесіне ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(36) "analar-mieriekiesinie-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "335237"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1466266931"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Наурыз — бірлікті?, татулы?ты?, е?бекті?, ізгілікті? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(64) "nauryz-birliktin-tatulyk-tyn-ien-biektin-izghiliktin-mieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "307963"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458482387"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Наурыз — бірлікті?, татулы?ты?, е?бекті?, ізгілікті? мерекесі"
    ["seo_title"] => string(66) "nauryz-birliktin-tatulyk-tyn-ien-biektin-izghiliktin-mieriekiesi-1"
    ["file_id"] => string(6) "307964"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458482393"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства