kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мектепке дейінгі ұйымға өзгеріс енгізу және оны басқару" жобасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың жасалған шаралар барысындағы нәтижелері ойын барысында бақылау жасау арқылы, танымдық оқиғалар арқылы, күн тәртібі барысында бақылау жасау нәтижесінде, жеке даму карталары арқылы, сұхбат, сауалнама, тренингтер барысында көрінеді. Осы деректер нәтижесінде бала ата-ана мен ұйым арасындағы қарым қатынасты көре отырып, өзіне, отбасына, балабақшасына деген сенімділігі жоғарылағандығы, жан-жақты дамуына мүмкіндік алатындығы белгілі болады.  Ал сауалнама, сұхбат,  ата-аналардың пікірлері  мен балабақша қызметін бағалау парағы арқылы, ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен  байланысты нығайтуға қызығушылықтарының  артқандығы, бала дамуына үлес қосуға мүмкіндік ала алғандықтары, балабақша қызметіне қанағаттанып,  құрметпен қарайтындығы анықталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мектепке дейінгі ұйымға өзгеріс енгізу және оны басқару" жобасы»

Мухышева Раушан Жанбырбаевна

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша іблім бөлімінің «№59 С.Н.Шапағатов атындағы бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК



«Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың тиімді менеджменті» мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыру курсында танысқан түйінді идеялар мен әдіс-тәсілдерді өз тәжірибеме қолдануды жоспарлаймын. Айта кетер болсам мысалы мектепке дейінгі ұйымдағы өзекті мәселелерге байланысты, нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып белгілі бір бағытта өзгеріс енгізілер болса алдымен балалардың және олардың ата-аналарының, сонымен қатар педагогтардың қажеттіліктерін ескеріледі. Алдымен осы үш тараптың қажеттіліктерін арнайы құжаттарға деректерді тіркеу арқылы анықталады. Мысалы балалардың қажеттіліктері ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау арқылы оны талдау картасына түсіру арқылы, білім, білік дағдыларының даму мониторингісінен, Жеке даму карталары, сұхбат, күн тәртібі барысын қадағалау, бақылау жазбалары арқылы анықталады, ал ата-аналардың қажеттіліктері сұхбат барысындағы жауаптары арқылы, сауалнамалардағы пікірлері, әлеуметтік желідегі ұсыныстарынан байқалады, сонымен қатар ұйымдағы қызмет сапасын бағалау парағы арқылы анықталынады, ал педагогтардың қажеттіліктері тест алу арқылы, педагогикалық кеңес барысындағы сауалдар мен ұсыныстар арқылы, кәсіби өсім мониторингісі бойынша анықталады.

-Осы үш тараптың қажеттілік анықтау нәтижесінде ұйымдың миссиясы мен басымдылықтары анықталады. Мысалы қажеттіліктерге орай миссия «Мектепке дейінгі ұйымда өзара әріптестік іс-қимыл орнату арқылы ата-аналардың білім беру қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету.» болып табылатын болса, онда мақсаттары мен міндеттері : Бала пен педагог, ата –ана қажеттіліктерін ескере отырып , ата-аналармен әріптестік қарым-қатынас жасай отырып, ұйымға деген ынтымақтастықты нығайту, Ана-аналардың бала дамуына көңіл бөлуге жігерлендіру үшін іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру. Ата-аналар пен балабақша арасындағы кездесетін мәселелерді талдай отырып, шешу жолдарын іздестіру және оны болдырмауға жағдай жасау» болып жоспарланады. Бұл алған миссиялар мен басымдылықтардың өзіне де талдау жасалып анықталады. Мысалы осы миссия мен басымдылықтарды свот талдау арқылы анықталады : күшті тұсы: бұл миссия балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың дамуы мен білім сапасының артуына жағдай болар еді, әлсіз тұсы: ата-аналардың уақыттарының жоқтығынан ұйымдастырылған шараларға белсенділік танытпауы, ал мүмкіндіктері: осы миссия алынса балабақша мен ата-ана бірігіп балалардың жан-жақты дамыған, заман талабына сай ұрпақ болып шығуына мүмкіндік болар еді, ал қауіп қатерлері: бағытқа байланысты шаралардың жүйелі ұйымдастырылмауы болар еді. Міне осылай свот талдау арқылы миссия мен басымдылықтар анықталады. Сонымен қатар осы миссия туралы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысындағы көрсетілген, сондықтан да бұл тақырыпқа басымдылық таныту өзекті екендігі де, осы миссияны алуға түрткі болады.

-Миссия мен басымдылықтар анықталған соң осы бағытта ұйымдағы әріптестерге қолдау жасау жоспарланады. Сол жоспарға сәйкес тәжірибелі,санатты педагогтар арасынан даму командасы құрылады, ол команданың құрамы бекітіліп, команданың бағыты, рөлі, атқаратын қызметтері талқылауға салынып, жоспарлары құрылып бекітіледі. Сонымен бірге даму командасымен басшы кері байланыс орнатып отырады. Даму командасында коучтар «Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап арқылы, жетелеуші сұрақтар қою арқылы, пікірталас ұйымдастырады, коучинг барысында ата-аналармен байланыс орнатудың жолдары, онда кездесетін мәселелер талқыланады және оларды жою туралы ұсыныстар айтылып, атқаратын шараларды ойластырады. Сонымен қатар менторинг яғни тәлімгерлік жұмыс ұйымдастырылады. Онда «Ата аналармен қарым-қатынасты жақсарту бойынша қолдау білдіру бағытында тәлімгер жас мамандарға, тәжірибесі аз мамандарға кеңес беріп, ұсыныстар айтып, ата-анамен жұмыс жасауға бағыт-бағдар береді. Басшы педагогтарды қолдау тәсілдерімен қоса, кері байланыс ережелерін сақтай отырып, уақытылы, тиімді кері байланыс ұсынып отырады және осы отырыстар, коучингтар, менторингтар, дөңгелек үстел, пед кеңес, жиындардың нәтижелерін Джон Коттердің өзгерістерді басқару моделі немесе өзгерістерге жетекшілік етудің
8 қадамдық алгоритмі бойынша қадағалап отырады.

Педагогтерді қолдау тәсілдерінен кейін мектепке дейінгі ұйымның дамуына педагогтерді, балаларды және олардың ата-аналарын тарту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Балаларға «Менің ата-анам кім?» тақырыбымен сұхбат жүргізіледі, отбасымен қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Менің отбасым» сурет салу байқауы ұйымдастырылады.

Ата-аналарға «Біздің балабақша қандай» сауалнамасы жүргізіледі.

«Балабақшамен біз біргеміз» атты тренинг ұйымдастырылады.

Балабақша өміріне қызығушылықтарын арттыру мақсатында ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Педагогтар «Ата-анамен байланысты орнату жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады. Жас мамандарға «Ата анамен қарым-қатынастың маңызы» тақырыбында пед кеңесте кеңес оқиды. «Ата-ана мектебі» яғни консултативтік пунктің жұмысын жетілдіуге жұмыстанады. Ана анамен бірге ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізеді. Ата –ананың балабақшаның қызметіне қанағаттануын қамтамасыз ету мақсатында «Ата-ана» ток шоуын ұйымдастырады.


Осы миссияның орындалу барысын, іс-шаралардың нәтижесінің тиімділігі бағаланады және атқарылған іс шаралардың қорытындылары баяндалып , сараланады. миссияның орындалуын ары қарай жетілдіру үшін жоспарлар хабарланады .

Педагогтардың жұмыстарынң нәтижелері Стратегияны жүзеге асыруды қадағалауға арналған кестенің шаблоны арқылы, ұйымдастырылған оқу қызметтерінің талдау карталары арқылы, сауалнама, сұхбат барысында анықталады. Осы деректердің нәтижесінде педагогтардың ата-анамен қарым-қатынас орнатудың жолдарын меңгергені, МДҰ қызметіне ата аналарды тартуға дағдыландығы баяндалады

Балалардың жасалған шаралар барысындағы нәтижелері ойын барысында бақылау жасау арқылы, танымдық оқиғалар арқылы, күн тәртібі барысында бақылау жасау нәтижесінде, жеке даму карталары арқылы, сұхбат, сауалнама, тренингтер барысында көрінеді. Осы деректер нәтижесінде бала ата-ана мен ұйым арасындағы қарым қатынасты көре отырып, өзіне, отбасына, балабақшасына деген сенімділігі жоғарылағандығы, жан-жақты дамуына мүмкіндік алатындығы белгілі болады. Ал сауалнама, сұхбат, ата-аналардың пікірлері мен балабақша қызметін бағалау парағы арқылы , ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен байланысты нығайтуға қызығушылықтарының артқандығы, бала дамуына үлес қосуға мүмкіндік ала алғандықтары, балабақша қызметіне қанағаттанып, құрметпен қарайтындығы анықталады.

Сонымен бірге балабақша осы нәтижелерді көре отырып миссияның орындалуын қадағалауды жалғастырып, ата-аналарға қолдау көрсету пунктерін ашуды жоспарлайды. Міне мектепке дейінгі ұйымға белгілі бір өзгерістерді енгізу үшін қандай қадамдар жасалу керектігі бойынша қысқаша жобамды аяқтаймын.




















«Ата аналармен қарым-қатынасты жақсарту бойынша қолдау білдіру


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Мектепке дейінгі ұйымға өзгеріс енгізу және оны басқару" жобасы

Автор: Мухышева Раушан Жанбырбаевна

Дата: 15.03.2022

Номер свидетельства: 602256

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Сындарлы о?ыту - заманауи білім талабы. Баяндама"
    ["seo_title"] => string(41) "syndarlyokytuzamanauibilimtalabybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "300261"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456680849"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сындарлы о?ытуда?ы т?сілдерді? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(45) "syndarly-ok-ytudag-y-t-sildierdin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "109970"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1405332226"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Сындарлы о?ытуда?ы ?діс-т?сілдерді? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(49) "syndarly-ok-ytudag-y-dis-t-sildierdin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "109971"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1405333287"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства