Просмотр содержимого документа
«Мені? елімні? саль -д?ст?рі.»
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.Қатынас.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің елімнің саль -дәстүрі.
Мақсаты:
1.Туған елдің салт -дәстүрлерімен таныстыру. Бесік жыры, тұсау кесу, бесікке бөлеу дәстүрлері туралы түсінік беру.
2.Салт -дәстүрлерге қызығушылықтарын ояту. Еліміздің салт -дәстүрі туралы білімдерін дамыту.
3. Туған халқының дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін тудыру. Елінің салт дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, ұлттық бұйымдар( сандық ,бесік, алаша, торсық, тостақ т.б.) табаққа салынған шашу, қуыршақ, жұмыс дәптері, қарындаш.
Сөздік жұмыс: ұрпақ , ата -баба.
Билингвальды компонент; салт -дәстүр -традиции и обряды, ұрпақ -поколение , ата -баба -предки , бесік -колыбель , бесік жыры -колыбельная песня.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық түрткі болатын
Педагог балалармен бірге тұрып шеңбер құрады.
"Үй сыртында қолағаш" ойыны.
Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады.
Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп, былай дейді:
Үй сыртында қолағаш Желбау тартам, есік аш.
Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол -есік ашпағанның белгісі.
Ойын бастаушы:
Үй сыртында қолағаш Озам десең, ала қаш -деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама -қарсы жақпен жүгіреді.Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ұйымдық іздену
Педагог мақалдар оқиды:
Атадан бала туар, ата жолын қуар.
Бабалар өмірі -ұрпаққа өнеге.
-Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге болады.
Ұрпақ, ата -баба сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.
Ұрпақ -тұқым ,жұрағат, нәсіл,келешек ұрпақ.
Билингвальды компонет.
Салт -дәстүр -традиции и обряды,
ұрпақ -поколение, ата -баба -предки, бесік -колыбель, бесік жыры -колыбельная песня.
Ата -баба -бұрынғы өткен әкелер.
-Қазақ халқында ата -бабаларымыз бала тәрбиесіне көп мән берген. Кішкентай балалар өнегелі, тәрбиелі болып өсу үшін, ұлттық салт дәстүрді қалыптастырып,мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған.Бүгінгі оқу іс -әрекетіміз салт -дәстүрлер туралы болмақ. Салт -дәстүр дегеніміз- белгілі бір рәсім,әртүрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
-Мына суретте жаңадан туған нәрестені бесікке бөлеп жатыр.
Бұл -қазақ халқының ежелден келе жатқан "бесікке бөлеу" дәстүрі. Суреттен тағы нені байқауға болады?
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін
"бесік жырын" айтады. Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады?
"Бесікке бөлеу" ойыны.
Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Бесік жырын айтады:
-Менің балам қайда екен?
Асқар -асқар тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан ,кәнеки,
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.
-"Бесікке бөлеу" -кішкентай бала үшін маңызды. Баланың сымбатты,денесі түзу болып өсуі үшін ата -бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.
-Келесі суретте не бейнеленген?
Бесікте жатқан бала өсті,тәй -тәйлап жүре бастады. Енді көп құламай тез жүріа кетсін деп, ол баланың тұсауын кеседі.
Адал, шыншыл бала болсын деп, тұсауын "ала жіппен"кеседі.
Қазақ халқында "Біреудің ала жібін аттама"деген мәтел бар.
Оның мағынасы -ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін дегенді білдіреді.
-Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5-6 жасқа келді.
Үлкендер оған жеке тай атап,ашамай (тайға арналған кішкентай ер тоқым) істетіп, қамшы өріп, "Сен азамат болдың" деген сенім ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем ашамай ертеп мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы:
Ал ақ тілек, ақ тілек
Атқа тоқым сал білек.
Атта жақсы шаба біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің, ақ жол болсын!-деп бата береді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар педагогтің көмегімен мақалдардың мағынасын ашады.
-Келешек ұрпақ ата -бабалардың үлгі -өнегесін алып өседі, олардың ақылымен ержетеді.
-Ата -бабаларымыздың жақсы істерінен үлгі алып,
Солар сияқты еңбек ету керек.
Баланы анасы бесікке бөлеп жатыр, аналар "бесік жырын" айтып тұр.
Кішкентай қыз бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді ,тербетеді.
Балалар өздері білетін "Бесік жырын" айтады.
-Ұлттық киімдегі кішкентай бала,апа оның тұсауын кесіп жатыр.
Жасы үлкен әжей "шашу" шашып жатыр.
Балалар хормен Е.Өтетілеуұлының "Тәй -тәй" өлеңін айтады.
Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексті түзету
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір -бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды: қазақ халқының салт -дәстүрлерін сахналайды.
түсінеді: салт -дәстүрлердің маңызын;ата -бабаларымыздан қалған салт -дәстүрді құрметтеуді;
Қолданады: этнопедагогиканың баланы тәрбиелеудегі рөлін.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Еліміздің ірі қалалары.
Мақсаты:
1. Еліміздің ірі қалалары туралы мағлұмат беру,олар көрікті жерлерімен таныстыру. Қала мен ауылдын айырмашылығын түсіндіру.
2. Еліміздің ірі қалалары туралы білімдерін кеңейту.
3.Туған елге сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар; Қазақстан картасы, Астана, Алматы, Қарағанды қаласының көрікті жерлері, жұмыс дәптері, қарандаш қалам.
Сөздік жұмыс: ірі қала.
Билингвальды компонент; ірі қала-большой город, көмір-уголь.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық түрткі болатын
Педогог балалармен шеңберге тұрып, ақындардың туған өлке туралы бір өленің оқиды.
Өлеңді тыңдайды педогогпен бірге қайталайды.
Ұйымдық ізден
Педогог Алматы қаласының суретін көрсетіп:
-Бұл қай қала?- деп сұрайды
- Ал мынау қай қала?
- Бүгінгі оқу іс-әрекет қандай тақырыпқа арналады деп ойлайсындар?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз еліміздің ірі қалалары туралы болмақ.
Билингвольды компонент.
Ірі қала - большой город, көмір-уголь.
Қазақстан картасын көрсету.
-Біз бүгін Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.Саяхатқа немен шығуға болады?
-Сен өздеріңді автобуста отырмыз деп ойлаңдар.
"Жүргізушінің" кім болатынын анықтап алайық.Жүргізуші автобустың қай жерінде отырады?
-Балалар,біз бір қалаға келдік.
Қай қала екенін айта аласындар ма? (суреті көрсетіледі).
-Мынау не?
-Мұнараны неге ұқсатуға болады?
-Мұнарада тағы не бар?
-Қалай ойлайсындар, айтқан тілектер орындалама?
-Сендер көз алдарыңа сол тілек тасын елестетіп, жақсы тілектеріңді айтыңдар.
Балалар картада Астана қаласын белгілейді.
- Енді жақсы тілекпен жолға шығайық.Жүргізуші, жол баста!
Педогог өзіде балалармен бірге саяхаттап, автобуста отырғандай болады.Тақтадағы суреттер өзгертіледі.
-Біз қай қалаға келдік деп ойлайсындар?
-Оны қайдан білдіңдер?
-Балалар, біздің жүрген жолымызды мен картадан белгілеп қоятын.
Педагог жабысқыш қызыл таспаны (лентаны) алып, Астана мен Алматы қаласының ортасына жапсырады.
-Алматы қаласы туралы не айта аласыңдар?
Педогог Алматы қаласының көрікті жерлерінің суреттерін слайдтан көрсетеді.
Алматы қаласындағы "Медеу" мұзайдыны туралы аңгімелейді.
-Тағы бір үлкен қалаға келдік. Бұл қала еліміздің шахтерлер қаласы деп аталады.Ол қай қала?Педогог Қарағанды қаласының көрікті жерлерін суреттен көрсетеді, қала туралы әңгімелейді.
-Қарағанды қаласы -Қарағанды облысының орталығы.
Қарағанды облысында қыстық отын - көмір өндіріледі.Көмірді жердің астынан,шахтадан қазып алады.Көмір өндірушілерді шахтерлер деп атайды.Өндірілген көмірді вагондарға тиеп, еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізеді.
Сергіту Сәті:
Алматым тұрсың мөлдіреп
Сүйемін сені елжіреп!
Астана-айбарлы тірек,
Тұр соғып, болып жүрек!
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
- Алматы қаласы туралы.
-Астана қаласы туралы.
-Қалалар туралы болады.
-Автобуспен, пойызбен ұшақпен, машинамен.
Балалар жүргізуші ретінде алдыңғы жақта отырған балалардың біреуін сайлайды.
"Жүргізуші" рульді айналдырып, балалар автобуста келе жатқандай болады.
Балалар суреттен Астана қаласының көрнекті жерлерін көріп, Астанаға келгенің айтады.
-Бәйтерек мұнарасы.
-Балалар өз ойларын жеткізеді:"Шар ұстап тұрған алақанға, биік бәйтерек ағашқа ұқсатуға болады".
-Қолынды қойып, тілек айтатын "Тілек тасы" бар.
-Жақсы тілектердің бәрі орындалуға тиіс.
Балалар қолдарын үстелдің қойып, әртүрлі тілектер айтады.
Бір бала педогогтің көмегімен картадан Астана қаласын тауып
"Бәйтерек" мұнарасын жапсырып белгілейді.
- Алматы қаласы.
Сұраққа жауап береді.
-Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Қалада көрікті, әсем жерлер өте көп.
Алматы қаласы -жасыл желекке малынған әсем қала.Қаланың алма бақтарында әлемге әйгілі апорт алмасы өсіріледі.
Шахтерлер қаласы-Қарағанды екенің табады.
Балалар суреттердан шахтаны, көмірді қалай өндіретіні туралы көреді, педогогтің
әңгімесін тыңдайды.Бір бала Алматы мен Қарағанды арасын қосатын жолды қосып, таспамен белгілейді.
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін айтып, еліміздің басты қалаларымен танысқандарын, ол қалаға өздері саяхаттап барған жерлерін ортаға салады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды; еліміздің басты қалаларымен танысады, көрікті жерлерін суреттен көреді, көріністі сипаттайды;
түсінеді;. еліміздің басты қалаларының маңызын;
қолданады; қала туралы мәліметтерді; қалаларды басты белгілеріне қарап ажыратуды.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Білімм беру саласы:Таным.Қатынас.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Қазақстан байлықтары мен жетістіктері.
Мақсаты:
1.Қазақстан жерінің байлықтарымен, жетістіктерімен таныстыруды жалғастыру.
2. Отан туралы білімдерін кеңейту, еліміздің табиғи байлықтары туралы мәлімет беру, еліміздің қалаларымен таныстыруды жалғастыру.
3. Туған елге сүіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке баулу.
Билингвальды компонент: байлық -богатство, жетістік -достижение, қуатты -мошный, мыс -медь, мұнай -нефть ,жанармай -горючее.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Педагог балаларды ортаға шақырады. Үнтаспадан туған өлке немесе еліміздің қалалары туралы ән тыңдатылады.
Балалар музыканың ырғағымен билейді. Қалалардың атын хормен айтады.
Ұйымдастыр-ізденістік
Педагог өлең оқиды:
Үлкен өзен, көлдері
Үлкен орман,шөлдері
Елді десем, табыңдар!
Бұл -менің Отаным.
Тақтаға ребус ілінеді.
"О" әрпі, терезе суреті, алма суреті,нан суреті.
-Біздің Отанымыз -Қазақстан Республикасы. Біздің жеріміз-кең байтақ Қазақстан. Мұнда көптеген облыс орталықтары бар.Барлық қалаларды,ауылдарды,облыс орталықтарын біріктіріп тұрған біздің бас қала -Астана. Бүгін біз еліміздің байлықтары мен жетістіктері туралы әңгімелесеміз.
Пайдалы қазбалардың суреттерін көрсету.
Билингвальды компонент.
Байлық -богатство, жетістік -достижение, қуатты -мощный, мыс -медь, мұнай -нефть, жанармай -горючее.
Пайдалы қазба -жер астынан қазылып алынатын кен.
-Біздің жеріміз кең -байтақ, ұлан -ғайыр, еліміз бай, қуатты өлке, оның байлығын бүкіл тұрғылықты халқымыз пайдаланып, баққытты өмір сүруде. Қазба байлықтарды тек өз елімізде ғана пайдаланып қоймай, шетелге де шағарады.
Саяси -әкімшілік картамен жұмыс.
-Балалар, біз өткен жолы еліміздің басты қалаларымен таныстық.Олар қандай қалалар?
Дұрыс айтасыңдар. Мына картадағы әр түс әр облысты бейнелейді. Әр облыстардың орталық қалалары бар. Мынау-Қарағанды қаласы.
Қарағанды облысында не өндіріледі?
-Көмір бізге не үшін қажет?
-Отты неге жағу керек?
-Үйді жылыту үшін бізге керек көмірді жер астынан қазып алады екенбіз.
Қарағанды облысындағы тағы бір қала бар. Ол -Балқаш қаласы. Балқаш қаласы Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Балқаш қаласында үлкен мыс зауыты бар. Мыс-өндіріске қажетті метелдардың бірі.
Келесі облыс -Алматы облысы.
-Алматы облысының орталығы қай қала?
Алматы облысының орталығы Талдықорғанға ауыстырылды. Алматы -еліміздің үлкен, басты қаласы болып қала бермек.
Маңғыстау, Атырау облыстарында не өндірілетінін білесіңдер ме?
-Мұнай -еліміздің басты байлықтарының бірі.
Мұнайдан тұрмысқа пайдалы көптеген заттар алынады.Мысалы ,жанармай, түрлі иісмайлар т.б.
Педагог балаларға тас күйіндегі рудаларды көрсетеді.Жерден өндіріліп алынған рудаларды домна пештеріне салып, ерітіп, дайын өнімдерді алады
Педагогтің қалауы бойынша сергіту сәтін өткізу
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізеді..
Балалар хормен:
-Қазақстан! -деп жауап береді.
Балалардың біреуі шығып, ребусты шешеді.
Сөзжұмбақтың шешуі:"Отан"сөзі.
Балалар суреттегі заттарды атайды.Мысалы:көмір, әк т.б.
Балалар облыс орталықтарын атайды(педагогтің көмегімен орындайды).
-Астана ,Алматы, Қарағанды.
-Көмір.
-Отқа жағу үшін.
-Үйді жылыту үшін.
-Талдықорған қаласы.
-Мұнай
Балалар тастарды ұстап көреді. Түстерін, пішіндерін атайды.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлекстітүзету
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді,
Бір -бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
орындайды: картада белгіленген қазба байлықтардың шартты белгілерімен танысады;
түсінеді: қазба байлықтарды жерден қазып алынатынын, оны өңдеу туралы түсініктерді;
қолданады: еліміздің аумағынан өндірілетінін пайдалы қазба түрлері және олардың пайдасы мен маңызы туралы білімді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Қатынас.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Көпұлтты Қазақстан.
Мақсаты:
1.Еліміздің көпұлтты республика және жергілікті ұлт -қазақ халқы екенін түсіндіру.
2. Әр ұлттың ерекшелігі, өздерінің салт -дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін саналарына жеткізу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер , слайдтар, ұлттық киімдегі қуыршақтар, әртүрлі ойыншықтар, жұмыс дәптері, ұлттық музыка аспаптары.
Педагог ойынды бастамас бұрын, балалардан қандай сезімдер болатынын сұрап, анықтайды (қорқыныш, қуаныш, ашу, шошу, ояну, мұңаю т.б.). Ишара және қимылдар арқылы көрсетуді сұрайды.
Жүргізуші сайланып, бет -әлпетімен қуаныш, мқңаю т.б. сезімдерді көрсетеді.Балалар жүргізуші көрсеткен сезімді атайды, балалардың тілегі бойынша жүргізуші алмасып, ойын жалғаса береді.
Ұйымдық іздену
Педагог еліміз туралы кіріспе әңгіме жүргізеді.
-Қазақстан -кең -байтақ ел.
Елордасы -астана қаласы.
Еліміздің рәміздері бар. Тұңғыш Президентіміз -Н.Ә.Назарбаев.
-Қазақстан қандай ел?
-"Бауырмалдық" деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Біздің бүгінгі әңгімеміз Қазақстан елінде жатқан ұлттар туралы болмақ.
-Балалар, сендер өздеріңнің қандай ұлт екендеріңді білесіңдер ме?
-Біздің тобымызда басқа ұлт балалары бар ма?
-Біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Біздің ұлан -ғайыр өлкемізде өте көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар барлығы тату -тәтті, ынтымақта тұрып жатыр. Әр ұлт өз тілінде сөйлей алады,өздерінің салт -дәстүрлерін сақтап, білім алады, Қазақстан азаматтарының барлық құқығын пайдаланады.
Біздің еліміздің жергілікті тұрғындары- қазақтар.
Біздің елге әртүрлі себептермен келген ұлт өкілдерін бауырымызға басып,қысым көрсетпей, ұлтаралық татулықты бүкіл әлемге үлгі ретінде жариялап отырған ұлы ел-Қазақстан.
Ұлттық киім киген қуыршақтарды алып шығады.
-Мына қуыршақтардың киіміне қарап,қандай ұлт екенін айта аласыңдар ма?
-Киімдердің, қуыршақтардың қандай ұқсастықтары, айырмашылықтары бар?
Педагог балалардың жауаптарын қорытындылап,әр халықтың өзіндік салт -дәстүрі ,ұлттық тағамы, ойыны, тұрмыстық мәдиенеті бар екенін атап өтеді.
-Балалар, ұлтаралық татулықты айқындайтын қандай мейрам күні бар?
Педагог ұлттық киімдерімен өнер көрсетіп жатқан суретті көрсетіп,әңгімелейді.
Педагог үнтаспаны іске қосып, алдын ала дайындаған әртүрлі ұлттық әуендерден үзінді тыңдауға шақырады.
Ұсынылатын шығармалар үзінділері:
1. Құрманғазы "Адай"күйі.
2.Орыс халық өлеңі "Во поле березонька стояла".
3. Ұйғыр өлеңі "Аппақ қошақандар".
4. Түрік халық әні.
Балалар ұлттық аспаптарды көрсетіп, қай ұлт өкілдеріне тиісті екенін табуды ұсынады
(домбыра,балалайка,дутар,сыбызғы, қобыз т.б).
-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Балалар, біз қазір орыстың ұлттық ойыны "Бұлақ" ойынын ойнаймыз.
(Сергіту сәтінің орнына).
Педагог балаларды жұбымен қатарға тұрғызады. Бір бала жұпсыз болады.
Дәптермен жұмыс,
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар педагогтің өлең жолдарын тыңдайды.
-Батырлар елі,бауырмалдық,достық елі.
-Бауырмалдық -мейірімділік,достық, ұлтына,түріне, түсіне қарамай, адамдардың барлығын жақсы көру.
Балалар білетін ұлт өкілдерін атайды.
Әңгімені тыңдайды.
Ұлттық киім киген қуыршақтардың ұлттарын атайды.
-1 Мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Балалар суреттен ұлттық киімдегі адамдардың мейрамдағы өнер көрсетіп жатқанын тамашалап, әңгімелейді.
Балалар әуендерді тыңдап, білгендерінше қай ұлт өкілдерінің туындылары екенін табуға тырысады.
Балалар аспаптардың қай ұлт өкілдеріне тиесілі екенін ажыратып, қандай үн шығаратынын тамашалап, ұстап,ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
Қол ұстасқан балалар ұстаған қолдарын көтеріп тұрады.
Жұпсыз қалған бала балалардың ортасына кіріп, қатардың аяғына барып тұрады.Келесі жұпсыз қалған бала қатардың бас жағына барып, қайтадан өзіне жұп таңдап, қатардың арасымен өтіп, аяқ жағына барып тұрады.Осылай ойын жалғаса береді.
-Жұп таңдағанда түріне, бойына, ұлтына қарамай ойнауға болады.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Рефлексті түзету
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды:сұраққа толық жауап беруді, әр ұлт балалары туралы әңгіме құрастырып айтуды;
Түсінеді: еліміздің көпұлтты республика және жергілік ұлт -қазақ халқы екенін; әр ұлттың ерекшелігі, өздерінің салт -дәстүрі бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін;
Қолданады: алған білімін дәптердегі тапсырмаларды орындау кезінде.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы; Жаяу жүргінші арежелері.
Мақсаты:
1. Балаларға жол ережесі, жол белгілері туралы білім беруді жалғастыру. Жол белгілерінің қауыпсіздік сақтаудағы маңызды ақпарат екенін саналарына жеткізу.
2. Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолды зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру.
3.Қоршаған ортаға мән бере қарауға ,байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, бағдаршам, жолақ жол
(қатырмақағаздан жасалған), жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: жаяу жол.
Билингвальды компонент; жаяу жүргінші -пешеход, жаяужол -тротуар, бағдаршам -светофор.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Педагог балалармен бірге шеңберге тұрады.
"Бас ,құлақ ,мұрын" ойыны.
Педагог "мұрын","ауыз" ,"құлақ" деп айтып, балаларды шатастыру үшін, басқа дене мүшелерін көрсетеді. Балалардан өзі көрсеткен қимылды қайталауын өтінеді.
Балалар педагогтің көрсеткен емес, айтқан дене мүшесін көрсетулері керек.
Ұйымдық іздену
Педагог өлең оқиды:
Бұзба көше тәртібін
Ұрынарсың апатқа.
Ұқыпты болсын әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Билингвальды компонент.
Жаяу жүргінші -пешеход, жаяужол -тротуар, бағдаршам -светофор.
-Өлең не туралы?
-Көшеге шыққанда неге мән беру керек?
-Қандай жол белгілерін білесіңдер?(Балалар ұмытып қалса,суреттерді көрсету).
-Бағдаршамда қанша түс бар?
-Сары түс жанғанда қозғалысты бастай беруге бола ма?
-Қызыл түс нені білдіреді?
-Жолды кесіп өтуге бола ма?
-Жаз мезгіліндегі, қыс мезгіліндегі жолдардың айырмашылығы неде?
-Қай мезгілде машина тез тоқтап үлгіреді, қыста ма, жазда ма? Неге?
-Сенің бір адымың машинаның қанша метріне тең?
-Жаяу жүргіншілер жолы қалай аталады?
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
-Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
-Жолда доп ойнау неге қауіпті ?
-Мына суретке назар аударыңдар.
-Мысалы, саған жолдан өту керек болды. Жақын маңда бағдаршам жоқ. Сен қай жерден өтесің? (Суретті көрсету).
-Балалар, егер жолдан өту керек болса, бағдаршам жоқ болған жағдайда, ерінбей, жаяу жүргіншілер өтетін жерді іздеп тауып, тек сол жерден өту керек! Ол үшін ешқашан ерінбеңдер!
"Жолдан өту" ойыны.
Шарты:
Бір бала "бағдаршам" болады. Қолына жасыл дөңгелекті ұстап тұрады. Балалар "жолақ жолдан" өтеді. Педагог "Солға қараймыз!","Оңға қараймыз!" -деп бұйырады.
Содан соң "Солға қараймыз. Жолдың ортасына дейін жетеміз. Оңға қараймыз. Өтеміз", -деп әрбір іс -әрекетті сөзбен жеткізіп отырады.
Жұмбақ шешу.
Қырдан қырға жалғасады,
Барған сайын алға асады.
Оңға да бұрады,
Солға да бұрады.
Жол тәртібін
Реттеп тұрады.
Кқшеде жүреді кішкентай үйлер, Сол үйлерді жүргізушілер жүргізеді.
-Бұл жұмбақтардың шешуі:жол, бағдарлаушы, машина.
-Балалар, сендер "жеке көлік" деген не екенін білесіңдер ме?
-Ал қоғамдық көлікке не жатады?
-Пойыз , ұшақ ше?
-Жеке көлік қоғамдық көліктен қалай ерекшеленеді?
-Балалар, жеке көлікте де, қоғамдық көлікте де тәртіп ережелері болатынын білесіңдер ме? Қандай тәртіп ережелерін білесіңдер? Педагогтің жетекші сұрақтары бойынша жауап береді.
"Автобуста"ойыны.
Ойынды оқу іс -әрекетіненбос уақытта да ойнатуға болады.
Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері.
1. Жол жүру билетін алу.
2. Қарт адамдарға, жүкті әйелдерге орын беру.
3. Қоғамдық көлікте қоқыс тастама, сағызды лақтырма.
4. Орындықтарды шұқылап,бұзба.
5. Қатты дауыстап сөйлеме.
6. Автобустан түскенде артынан өту керек.
7. Трамвайдан өткенде алдынан өту керек.
8. Автобусқа мінгенде алдыңғы есіктен кіру керек, артқы есіктен шығу керек.
"Жол белгілерін жандандырамыз"ойыны.
Шарты: бір немесе бірнеше бала жол белгісін бейнелейді, қалғандары оны табу керек.
1. "Мал айдау" белгісі.
2. "Ажыратылатын көпір"белгісі.
3. "Шлагбаумы бар теміржол өтпесі" белгісі.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып -жұмамыз.
Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз!
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
-Көшедегі тәртіп туралы.
-Жол белгілеріне мән беру керек.
Балалар атайды.
-Үш.
-Жоқ.
-"Рұқсат жоқ" дегенді.
-Жоқ.
-Жазда жол құрғақ болады, қыста қар жауғандықтан тайғақ болуы мүмкін.
-Жазда. Өйткені қыста жол тайғақ болады.
-Адам бір адым аттағанда, машина 20 метр қозғалыс жасап үлгіреді.
-Жаяужол.
-Бала жол жиегінде доп ойнап жүр.
-Доп жолға домалап кетеді,оны аламын деп бала машина дөңгелегі астына түсуі мүмкін.
-Бағдаршамның жасыл түсіне жолдан өтіп бара жатқан бала.
-"Жаяу жүргінші өтетін жер" белгісін тауып, сол жерден өту керек.
Балалар педагогтің көмегінсіз тағы да "жолдан" өтеді.
-Жауабы: жол.
-Бағдарлаушы.
-Машина.
-Ата -анамыздың машинасы жеке көлік болып табылады.
-Қоғамдық көлікке -автобус, тролейбус, трамвай және бағдарлы такси жатады.
-Пойыз, ұшақ -жолаушылар көлігі.
Өздері білетін ережелерді айтады.
Бір бала "қарт әженің" рөлін ойнайды. Қалғандары"автобуста" келе жатқан "жолаушылар" болады. "Қарт әже" автобусқа кіргенде балалардың біреуі "орнын" ұсынады.
Балалар ережелерді қайталайды.
.
Бір бала машина болады, бірнеше бала жолдан өтіп бара жатқан "қойларды" не"сиырларды" бейнелейді."Машина""би -бип" дегенде"" малдар""мә -ә","мө -ө" деген дыбыс шығарады.
Қалған балалар бұл "Мал айдау" белгісі екенін түсінуі керек.
"Ажыратылатын көпір" белгісін бейнелеу үшін 5 бала қажет. Біреуі -жерге жатып қол -аяғын сермейді-бұл "толқындар"."Бүлк -бүлк" деп қайталай береді.
Қалған төртеуі екі -екіден бөлініп, қолдарын біресе қосады, біресе көтереді.
"Шлагбаумы бар теміржол өтпесін" бейнелеу үшін бір бала "шлагбаум" болады.
2 -3 бала "машина", 2 -3 бала "пойыз " болады. Машиналар "би -бип" деп келеді,"шлагбаум" қолын түсіріп, машиналарды өткізбейді, "пойыз" орнынан "пух -пух" деп өозғалады.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексті түзету
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды: жол ережесін сақтау үшін үнемі жол белгілеріне назар аударып жүруді;
түсінеді: көшеде, қоғамдық көліктерде тәртіп сақтау керектігін;
қолданады: қоршаған ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Бөлімі: .Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Әскери мамандықтар.
Мақсаты;
1. Балаларды әскери мамандық түрлерімен таныстыру,әскери мамандықтар туралы жалпы білім беру.
2.Киімге , қару -жарақ, әскери техникаға қарап, әскери қызметтердіажырата білу дағдыларын дамыту, әскер туралы түсініктерін кеңейту.
3.Әскери мамандықтарға қызығушылықтарын тудыру. Отан қорғаушыларға деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекі құралдар: жұмыс дәптері. демонстрациялық материалдар,қарындаш.
Сөздік жұмыс:жаяу әскер.
Билингвальды компонент; әскери -военный, ұшқыш -летчик, теңізші -моряк, жаяу әскер -пехота.
Педагог Ш.Мәмбетовтің "Бейбіт өмір солдаты" өлеңін оқиды.
Самолеті -қанаты
Сүйсініңдер ,қараңдар.
Бейбіт өмір әскері -
Менің ұшқыш ағам бар!
От жалындай қайраты
Сүйсініңдер ,қараңдар!
Бейбіт өмір әскері -
Менің танкист ағам бар!
Жауды ықтырар айбаты
Сүйсініңдер ,қараңдар.
Бейбіт өмір әскері -
Ер теңізші ағам бар.
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Қандай әскер түрлерін білесіңдер?
Билингвальды компонент.
Әскери -военный ,ұшқыш -летчик,
теңізші -моряк, жаяу әскер -пехота.
-Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз әскери мамандықтар туралы болмақ. Тақтаға әртүрлі әскери киімдердегі адамдар бейнеленген суреттер ілінеді.
-Ұлы Отан соғысы кезінде біздің көптеген әскери сарбаздарымыз ерлікпен шайқасып, неміс фашистерінен елімізді қорғап қалды. Майданда талай батыр аталарымыз бен апаларымыз өздерінің ержүректілігімен көзге түсіп, батыр атанды. Соғыс өрті тұтанбас үшін,біздің елімізді, жерімізді қорғайтын күшті, айбынды әскер керек.
Сендер еліміздің болашақ сарбаздарысыңдар.
-Сендердің әскерде қызмет етіп жатқан туысқандарың бар ма?
Танкист,ұшқыш, теңізшілердің суреттерін көрсетіп, олардың немен айналысатындарын түсіндіру.
-Сарбаздарды басқаратын адамдарды офицерлер деп атайды.
Офицерлерді арнайы оқу орындарында дайындайды.Біздің елімізде Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледж, Республикалық Ұландар академиясы, Әскери ұшқыштар академиясы, Әскери теңізшілер академиясында болашақ офицерлер оқып, білім алады.
"Жерде, әуеде , суда"ойыны.
Шарты: жерде ,әуеде , суда қызмет ететін сарбаздардың және шекара бағаны, танк т.б. суреттері көрсетіледі.
-Өздерің қандай сарбаз болғыларың келеді?
Сергіту сәті.
Бір ,екі ,үш
Бойға жинап күш!
Отан қорғау жолында
Сен де алға түс.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар педагогтің сұрағына жауап беріп, өлең жолдарын талдайды
-Бейбіт өмір әскері туралы айтылған.
-Ұшқыш ,танкист, теңізші ағалар бар.
Суретке қарап, қайсысы ұшқыш, қайсысы танкист, қайсысы теңізші, қайсысы жаяу әскер екенін ажыратып айтады.
Балалар әскердегі ағалары, әскери қызметтегі туысқандары(әкелері, аналары) жайлы әңгімелейді.
Балалар педагогті мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.
Педагог "Жерде" деп танкистің суретін көрсетеді.
Осы кезде балалар аяқтарымен адымдайды."Әуеде" деп ұшқыштың суретін көрсеткенде қолдарын жан жаққа жайып, ұшқан сияқты болады.
"Суда",-деп кеменің суретін көрсетсе, қолдарымен малтығандай қимыл көрсетеді.
Балалар жауап береді.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлекстітүзет
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір -бірінің жауаптарын толықтырадыү
Күтілетін нәтиже.
Біледі: болашақта сарбаз болуға, Отан қорғауға ұмтылады.
Игереді: әскери мамандықтар түрлерімен танысады, олардың Отан қорғау қызметіндегі ерлігімен танысады;
Меңгереді: танкистер, ұшқыштар ,теңізшілер туралы білетіндерін.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Білім беру саласы;Әлеуметтік орта.Қатынас.
Бөлімі; Қоршаған ортамен таныстыру..
Тақырыбы; Ұлы Отан соғысы ардагерлері.
Мақсаты;
1.Балаларды Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен таныстыру.
2.Ұлы Отан соғысы және осы соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы мағлұматтарын кеңейту.
3.Балаларды аға ұрпақтың өсиетін тыңдап, адал болып өсуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар;демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Сөздік жұмыс: ардагер.
Билингвальды компонент; ардагер -ветеран, Ұлы Отан соғысы -Великая Отечественная война, Жеңіс күні -День Победы.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Балалармен бірге шеңберге тұрып,"Ізгі тілектер" ойынын ойнату.
Балалар шеңберге тұрып, бір -біріне гүл ұсынып, ізгі тілектер тілейді.
Ардагер -ветеран, Ұлы Отан соғысы -Великая Отечественная война, Жеңіс күні -День Победы.
-Көптеген жылдар бұрын Кеңестер Одағы деген үлкен ел болды. Қазақстан Республикасы Кеңес
Одағының құрамында болды. 1941 жылы неміс фашистері Кеңестер Одағына шабуыл жасады.Ұлы Отан соғысы басталды. Фашистер бүкіл әлемді жаулап алғылары келді. Бірақ елін, жерін жаудан қорғаймыз деп бүкіл Кеңестер Одағының ержүрек ұл -қыздары қару -жарақ алып, қарсы тұрды.
Суретті көрсетіп,түсіндіру.
Соғысқа Кеңестер Одағының барлық ұлт өкілдері қатысты.
Оның ішінде біздің Қазақстаннан шыққан батырлар өте көп.
Қазақтың батырларының бірі -Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған жазушы -Бауыржан Момышұлы.
(Суреттерді көрсету).
-Кеңестер Одағының тағы бір батыры -Рақымжан Қошқарбаев Берлинді алу кезінде асқан ерлік көрсетті.
30 -сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары әскер бөлімінде қызмет атқарды.
(Суретті көрсету).
Ә.Молдағұлова мерген.
М.Мәметова пулеметші болғанын және олардың суреттерін көрсетіп, олардың ерліктері туралы қысқаша әңгімелейді.
-Біздің қазақтан шыққан, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен адамдар өте көп.
Олар туралы кейін мектепке барғанда толығырақ білетін боласыңдар.
Сергіту сәті.
Бір ,екі, үш
Бойға жинап күш!
Шынығамын тәңертең
Солдат болам мен ертең!
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.
Балалар өлең жолдарын тыңдап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.
-9 Мамыр -Жеңіс күні туралы айтылған.
Балалар ойларындағы жауабын айтады.
Отанымызды қорғаймыз деп барлық адамдар бір кісідей жұмылып, жауға қарсы тұрды, сондықтан Ұлы Отан соңысы деп аталады.
Балалар білетін батырларды атайды.
Бауыржан Момышұлы -Москваны қорғаған , батальон командирі, қайтпас қайсарлығымен, батырлығымен көзінің тірісінде аты аңызға айналған даңқты қолбасшы.
-Елордамыздың 10 жылдық мерейтойында Астананың төрінде 16 метрлік алып ескерткіш Бауыржан Момышұлы құрметіне орнатылды.
-Еліміз өз батырларын ешқашан ұмытпайды.
Болашақ ұрпақ-батыр ата -бабаларымыздың ерлігін, туған елді жаудан қорғап,өмірін аямай құрбан еткенін ұмытпас үшін ескерткіштер орнатылады.
Сарбаздарша адымдап жүреді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап береді, бір -бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды:Ұлы Отан соғысы, ерлік көрсеткен батырлар туралы өзінің білетіндерін ортаға салады;
Түсінеді: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың қалай ерлік жасағанын;
Қолданады: Ұлы Отан соғысы туралы және осы соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы мағлұматтарды.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы;Әлеуметтік орта.Қатынас.
Бөлімі;Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Сақтанышта қонақта. Орман -тоғайда, суда қайыпсіздік ережелерін сақтау.
Мақсаты:
1.Табиғаттағы өзін -өзі ұстау тәртібімен таныстыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды үйрету.
2.Табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту, бақылау, қорытындылау әдістерін меңгерту, өмір қауыпсіздігі ережелерін бекітіп, табиғаттың адаммен байланысы арқылы, өзін -өзі қорғай білу, кез келген жағдаяттардан уақтылы шешім табу арқылы шыға білуге үйрету.
3.Табиғатты аялап сүюге ,қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық суреттер, жұмыс дәптерлері, қарындаштар.
Сөздік жұмыс:қауіп -қатер.
Билингвальды компонент: табиғат -природа, гүл -цветок, құтқарғыш кеудеше -спасательный жилет,жеуге жарамды -съедобный.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Педагог балаларды ортаға жинайды.
"Жапалақ "ойыны.
Балалар шеңбер бойына тұрады. Біреуі "жапалақ", қалғандары"қоңыз","көбелек","құстар" болады.
Педагог "Күн шықты" дегенде, балалар ыңылдап, қанаттарын қаққан көбелектей болып, құстар болып ұша бастайды."Жапалақ" бұл уақытта "ұйықтап" жатады. Жүргізуші "Түн болды" дегенде, барлығы тұрған орындарында "қатып" қалады, "жапалақ" "қорегін" аулауға шығады.
Ол қозғалып , не күліп қойған балаларды шеңбердің ортасына жинайды.
Ұйымдық іздену
Педагог табиғат көрінісі бейнеленген суретті көрсетіп, сурет бойынша сұрақтар қояды.
-Суретте не көріп тұрсыңдар?
-Суретте табиғаттың бір көрінісі бейнеленген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Сондықтан оны қорғау керек.
Сонымен қатар түрлі қауыпты жағдайлар болады. Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру керек.
Билингвальды компонент.
Табиғат -природа, гүл -цветок, құтқарғыш кеудеше -спасательный жилет, жеуге жарамды -съедобный.
-Гүлдер қайда өседі?
-Табиғат дегеніміз не?
-Сақтаныш бізді табиғат аясына серуендеп шығуға шақырады.
-Суреттегі балалар өздерін дұрыс ұстады.
-Табиғат аясында неге шулауға , гүлдерді жұлып, көбелек аулаға болмайды?
-Балалар, бір сәтке көздеріңді жұмып, табиғат аясында демалып жатқандай кейіпке еніңдер.(Педагог құстардың сайраған, судың сылдырлап аққан даусы жазылған үнтаспаны қосады).
-Орманда, көгалда, өзен , көл жағасында біз өзімізді сабырлы қалыпта ұстаймыз. Табиғатты бақылап, фотоға түсіріп, сурет саламыз. Біз осылай табиғатқа зиян келтірмей, оның көп құпиясын білеміз.
-Жадыңа түй , аяла
Тіршілік көзі -Жер ана!
Бұлақ көрсең көзін аш,
Жаман істен аулақ қаш!
Сақтаныштың суреттері.
-Сендерді табиғат аясында қандай қауіп -қатер күтуі мүмкін?(Суреттерді көрсету).
-Суға шомылғанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Өсімдіктерден қандай зиян болуы мүмкін?
-Өсімдіктердең қандай зиян болуы мүмкін?
-Жыландар адамға бірінші болып шабуыл жасамайды.
Оның тыныштығын бұзса ғана, ло өзін қорғау үшін шағып алуы мүмкін.
Осы ережелерді естеріңнен шығармаңдар. Табиғат тіршілік үйі, ол барлық жан -жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің панасы.Адамдар табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, сақтау қажет және табиғат аясында серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін ұмытпа.
Педагогтің қалауымен сергіту сәті өтеді:
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Жеке жұмыс жүргізу.
-Гүлдер өсіп тұр.
-Көбелектер ұшып жүр.
-Далада, орманда,бақта.
-Бізді қоршаған орта, орман -тоғай, өзен -көл, тау т. б.
Балалар суретті көріп, екі суретті салыстырып, әңгіме құрайды.
-Екінші суреттегі балалар табиғатта өздерін дұрыс ұстады.
-Біз гүлдерді жұлып, көбелек аулап, жүгірмейміз, өйткені бұдан қорғансыз тіршілік иелері зардап шегеді,табиғат әдемілігін жоғалтады.
Балалар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып, ыңғайланып отырады.
Балалар өздерінің табиғат аясына барған кездегі іс -әрекеттерін әңгімелейді.
Балалар суреттегі балалардың іс-әрекетін әңгімелеп, педагогтің көмегімен ережелер құрастырады.
-Суға шомылғанда жағадан ұзамау керек. Суға батырмай үстап тұратын құтқарғыш кеудеше қию қажет.
-Кейбір өсімдіктер улы болады. Ол өсімдіктерден дәрі -дәрмек жасайды. Сондықтан кез келген өсімдікті ұстауға болмайды.
-Қалың ағаш, шөп арасында байқап жүру керек. Үлкендерсіз ондай жерлерге бармаған абзал.
-Жәндіктерді қолмен ұстауға болмайды. Біріншіден, шағып алуы мүмкін, екіншіден, оның кішкентай, әлсіз денесіне зиян келтіресің.
-Тек жеуге жарамды саңырауқұлақтарды теруге болады. Сен олардың қайсысы жарамды, қайсысы жарамсыз екенін білмеуің мүмкін.
-Күн астында ұзақ уақыт жүруге болмайды. Басыңнан күн өтіп кетуі мүмкін.
Мұқият тыңдайды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексті түзету
Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқу іс -әрекетінде алған білімдерін пысықтайды..
Сұрақтарға жауап береді, бір -бірінің жауаптарын толықтырады.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды: табиғаттағы өзін -өзі ұстау тәртібімен таныстыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды;
түсінеді: өмір қауіпсіздігі ережелерін бекітіп, табиғаттың адаммен байланысы арқылы өзін -өзі қорғай білу, кез келген жағдаяттардан уақтылы шешім табу арқылы шыға білуді;
қолданады: табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту, бақылау, қорытындылау әдістерін.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картас10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным.Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.
Мақсаты:
1.Жанды және жансыз табиғат, олардың белгілері туралы түсінік беру; жансыз және жанды табиғат нысандарын ажырата білу; табиғат нысандарына тән сипат бойынша топқа бөле білу.
2.Пайымдау, дәлелдеу, топта жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
3.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: жанды және жансыз табиғатқа жататын заттардың суреттері, қима карточкалар.
Сөздік жұмыс:жанды ,жансыз табиғат.
Билингвальды компонент; ортақ үй -общий дом, жанды табиғат - жиавая природа, жансыз табиғат -неживая природа.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Педагог өлең оқиды:
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер
Жер -ана ,көл, теңіздер.
-Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар.
Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды?
-Бәріне ортақ үй (обший дом)
Жер деп аталады.
Ұйымдық іздену
-Біз жер бетінде өмір сүреміз.
Енді айналаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?
-Табиғат деген сөзді жиі естіп жүрсіңдер. Алдымен біз табиғатқа не жататынын ажыратып алайық. Айналадағы бізді қоршаған заттардың ішінен адам қолымен жасалмағандарын атаңдаршы?
-Яғни адам қолымен жасалмаған заттардың барлығы табиғат деп аталады.Енді адам қолымен жасалған заттарды атаңдаршы. Адам қолымен жасалған заттар табиғатқа жатпайды. Топ бөлмесіндегі табиғатқа жататын, жатпайтын заттарды атаңдар.
Суретпен жұмыс.
Табиғат нысандары бейнеленген сурет ілінеді.
-Осы табиғат заттарын қандай екі топқа бөлуге болады?Балалар жанды және жансыз табиғат
заттарын екіге бөлгеннен кейін , мынадай сұрақтар қойылады:
-Ағаш ,гүл, құстар мен аңдарды, баланы т.б неге жеке бөліп алдыңдар?
-Олардың қалай дамитынын айтып беріңдерші.
-Ал тау , тас , су, құм,мұз, топырақ,Күн, Айды неге жеке бөліп алдыңдар?
-Сөйтіп, біз барлық табиғатқа жататын заттарды жанды және жансыз табиғат деп екіге бөлеміз. Енді өздерің суреттегіден басқа жанды, жансыз табиғат заттарын атап көріңдерші.
Сергіту сәті:
-Мен жанды табиғат заттарын атасам, әртүрлі қозғалыстар жасайсыңдар. Ал жансыз табиғат заттарын атасам, тыныш отыра қаласыңдар.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Проблемалық сұрақ.
-Табиғаттағы кейбір заттар
(мысалы, күн ,жаңбыр, су, топырақ, т.б) жоқ болып кетсе , не болар еді?
-Қандай қортынды жасар едіңдер?
"Адам бәрін табиғаттан үйренеді" деген сөйлемді дәлелдеп көрейік.
Дидактикалық ойын.
-Біздің үйіміз түнде қалай жарық болып тұрады?
-Шамды немен салыстыруға болады?
-Күн жарық қана бермейді, жылу да береді. Ал үйді қыста қалай жылытамыз?
-Табиғатта жаңбыр жауады, ал үйде ше?
-Табиғатта жел соғады, ал үйде ше?
-Үйде еден бар, ал табиғатта ше?
-Үйде еденге кілем, төсеніштер төсейміз.
Жеке жұмыс.
-Табиғатта қар жауады,мұз қатады, ал үйде ше?
-Ұшақты неге қарап жасады?
-Тікұшақты неге қарап жасады?
-Суасты кемесін ше?
-Ағаш, аспан, өсімдіктер,үй, құстар,жәндіктер, адамдар, су, үстел, ойыншық т.б.
-Ағаш, тау,тас,жануарлар,құстар,су, өсімдіктер т.б.
-Парта, тақта, ұшақ, ойыншық, киім, кітап, машина т.б.
Балалар суреттердің атын атап, олардың табиғатқа жататынын дәлелдейді.
Балалар жанды табиғат заттары мен жансыз табиғат заттарын екіге бөлуі тиіс.
-Балалар, адам ,өсімдік,жануарлар тіршілік ету үшін не керек?
-Біз бүгін судың тіршілік үшін қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.
Глобусты көрсету.
-Глобуста суды қандай түспен белгілейді?
-Глобуста қандай түс көп? Осы арқалы не айтуға болады?
-Тіршілік үшін ең алдымен су, жарық, ауа керек.
-Глобусты су көк түспен белгіленеді.
-Глобуста көк түс көп. Бұл табиғатта құрлыққа қарағанда судың көп екенін көрсетеді.
Ұйымдық іздену
"Су кімдерге немесе нелерге қажет?"дидактикалық ойынын ұйымдастыру.
"Жылға және көл" сергіту жаттығуы.
Билингвальды компонент.
Жылға -ручей, көл -озеро,тұшы -пресный, мөлдір -прозрачный, еріткіш -растворитель.
-Өзен -көлдің, теңіздің суын адамдар қалай пайдаланады?
(Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады).
-Адамдар ежелден-ақ су қоймалары бар жерге қоныстанған. Сендер тұратын жерде қандай өзен,көлдер бар?
-Ал су туралы қандай мақалдар,өлеңдер білесіңдер?
-Жер бетінде су көп болса да,барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді.Су тұщы және тұзды (ащы) болады.Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз?
-Судың қасиеттерін еске түсірейік.
Педагог жұмысы.
№1 тәжірибе. "Бу -бұл су".
Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады.
Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады.
№2 тәжірибе. "Су -сұйық".
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құяды. Су қандай?
№3 тәжірибе. Суды иіскеп көріңдер. Иісі бар ма?
№3 тәжірибе.Мөлдір ыдыстағы суға 2-3 түйір тасты салады. Тас көріне ме?
№4 тәжірибе.Суды ішіп көрәңдер. Дәмі бар ма?
№5 тәжірибе.Суға қант салып көрейік.Қант қайда?
№6 тәжірибе. Қатты суықта су неге айналады?
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Үстел үстінде әртүрлі заттардың суреттері бейнеленген карточкалардың ішінен суды қажет ететін заттардың суретін таңдап алады.
Балалар "жылға" дегенде топ ішінде тарап кетеді, "көл" дегенде қол ұстасып шеңбер құрады.
-Суда ыстық күндері шомылады,кемелер жүзеді,балық аулайды, тұщы суды адам тамақ дайындауға пайдаланады, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды т.б
Балалар өздері тұратын жерде қандай өзен,көлдер,су қоймалары бар екенін айтады.
Балалар өздері білетін өлеңдерді,мақалдарды айтады.
-Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
1.Су мөлдір.
2.Судың дәмі жоқ.
3.Судың иісі жоқ.
4.Судың пішіні жоқ.
5.Су -еріткіш.
Балалар педагог көрсеткен әйнектегі су тамшыларын ұстап көреді.
Будың су екендігіне көздерін жеткізеді.
-Су сұйық, сондықтан ағады.
-Суда иіс жоқ.
-Су -мөлдір.
-Судың дәмі жоқ.
-Су -ерткіш.
-Су мұз болып қатады.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлексті түзету
-Балалар, суды не үшін қорғауымыз керек? Жер бетінен су жоғалып кетсе, не болар еді? Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз?
-Су -тіршілік көзі.
Біріншіден,суды үнемді қолдану керек.Кранды дұрыстап жабу керек. Суды ластауға болмайды. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды:.судың ащы және тұщы болатынын; тұщы суды қайда пайдаланатынын; судың қасиеттерін тәжірибе арқылы бідеді.
түсінеді: судың адамзат тіршілігіндегі маңызын; судың қасиеттерін.
қолданады: өзі тұратын жерде қандай су қоймалары бар екенін және ол туралы білімдерін; су қоймаларын қорғауды, күтуді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:_________
10 күні қазан айы 2015
Білім беру саласы:Таным.Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы:Жыл мезгілдері: жаз,күз. Белгілері.
мақсаты:
1.Жаз және күз мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін қорытындылау,жүйелеу;осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы туралы білім беру.
2. Сөздік қорларын,өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
3. Топтпғы балалармен өз білгенін бөлісе алуға, пікірін айта алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:.жаз ,күз мезгілдерін бейнелейтін иллюстрациялар, өсімдіктер бейнеленген карточкалар, жұмыс дәптері.
Жыл мезгілдерін еске түсіруді сұрайды. Әр мезгілдің үш айдан тұратынын еске түсіреді.
Балалар өлең мазмұны бойынша не түсінгендерін қысқаша айтады.
Жыл мезгілдерін атап береді.
Ұйымдық ізден
у
Балаларға сұрақтар қойылады:
-Казір қай мезгіл?
Мұның алдында қандай мезгіл болды?
-Жаз айларын атаңдар?
Жаз мезгілін бейнелейтін сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.
-Жаз кезінде дала, орман, саябақтар қандай болып көрінеді?
-Жазда құстар мен жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
-Қандай жәндіктерді бақыладыңдар?(Педагог балалардың жауабын толықтырып,нақтылайды).
-Күн мен түннің ұзақтығы туралы не айтасыңдар?
-Адамдар қандай еңбек түрлерін атқарады?
Билингвальды компонент.
Егістік -поле, шабындық -луг.
-Егін жинау қайсы айда басталады?
-Балалар,сендер жазда егістікке, шабындыққа,баққа,бақшаға бардыңдар ма?Қазір біз сендермен "Не қайда өседі?" ойынын ойнаймыз.
-Ал өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай керек?
Бүгін біз өсімдіктердің тіршілігі үшін судың қажет екеніне көзімізді жеткізіп көрейік.
Бір шоқ гүлдің бір данасын алып, сусыз қалдырамыз.Біраз уақыттан соң сусыз қалған және судың ішіндегі гүлдерді салыстырамыз.Қандай айырмашылықтары бар?
Сергіту сәті.
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай.
Педагог күз көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді.
-Күз туралы білетіндеріңді айтыңдар. Ауа райы қандай болады?
Ағаштар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай өзгерістер байқалады?
Есік қағылады. Қонаққа қарға келеді. Балаларға ол естіген оқиғасы туралы айтып береді:
Жәндіктер ормандағы алаңқайға жиналып,қысты қалай өткізетіндіктері туралы айта бастады.
Көбелек:"Мен ескі сарайдың шатырының астында жылы қуыс бар, сонда жасырынамын"дейді.
-Жазда құстар балапандарын ұясынан ұшырады. Жануарлар мен құстар үшін азық жеткілікті болады.
-Шегірткелер шырылдап,аралар гүлден гүлге ұшып қонады.Көбелектер гүлден айнымайды.
-Жазда күн ұзақ,түн қысқа болады.
-Үй жануарларына қысқа шөп дайындайды,орманнан жидектерді,жемістерді жинайды.
-Тамыз айынан бастап жинай бастайды.
Балалар өсімдіктер бейнеленген карточкаларды тез алып, орман, шабындық, егістік,бақ,бақша бейнеленген үлкен картадағы бос торкөздерді толтырып жарысады.
-Жылу, су,жарық.Балалар тәжірибе жасайды.Біраз уақыттан кейін тәжірибенің қорытындысын бақылайды.
Өз қорытындыларын айтады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Күн салқындай бастайды. Жаңбыр жиі жауады. Күн өткен сайын ауа райы суыта береді. Жапырақтар сарғаяды, біртіндеп шөптер қурай бастайды.
Құрт:"Мен ағаштың қабығының астына жасырынамын",-деді.
Ара:"Мен қуыстарға тығыламын",-деді.
-Аңдар қысқа дайындалады, азық қорын жинайды, індерін жылылайды, жұқа жүндерін жылы жүнге ауыстырады, кейбір аңдар ұйқыға дайындалады.
-Адамдар егінді, жеміс,көкөністерді жнайды. Үй жануарларына қысқа азық дайындайды. Отын-суын жөндейді.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлексті түзету
Жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізеді:
-Жаз мезгіліне тән белгілерді тез атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды; .топтағы балалармен пікір алмасуды,табиғатты бақылауды;
түсінеді;жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;
қолданады; жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
діскер:__________
Білімм беру саласы:Таным.Қатынас.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы: .Қыстап қалатын құстар және жыл құстары.
Мақсаты:
1.Қыстап қалатын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыатастыру;оларды маңызды белгілері бойынша ажырата білуге үйрету.
2. Балалардың құстардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы түсініктерін тереңдету; құстарды қыстап қалатын, жылы жаққа ұшып кететін құстарға бөліп жіктей алу білімдерін кеңейту.
3.Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;қыста оларға қамқорлық жасауға деген құштарлықтарының артуына жағдай жасау.
Көрнекі құралдар:қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстардың суреті; сүттен босаған пакеттен жасалған жемсауыт, құстарға себуге арналған әртүрлі дәндер.
Педагог жыл құстары мен қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұрақтар қояды:
-Бұл құстардың сендерге қайсысы таныс?
-Ауладан ,орманнан қандай құстарды көрдіңдер?
-Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?
Жылы жаққа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай алмайды және қыста азық тауып жеуге бейімделмеген.
-Ал бізде қыстап қалатын құстарды қалай атайды?
-Қыста сендер қандай құстарды көрдіңдер?
Билингвальдыкомпонент.
Жыл құстары -перелетные птицы,отырықшы -оседлый.
-Олар неге жылы жаққа ұшып кетпей,қалып қойды деп ойлайсыңдар?
-Олар азықты қайдан табады?
Сергіту сәті.
Құс қанатын жайды,
Аққу мойнын созды,
Үйрек келіп қонды.
Дегенмен де қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауңанда,боран соққанда,қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады.
Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі.Олар неге адамдарға жақын жерге келеді деп ойлайсың?
-Оларға не берер едіңдер? Олар не жейді?
-Құстарға не үшін көмектесеміз? Олардың қандай пайдасы бар?
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар суретті қарайды.
Балалар өздеріне таныс құстарды атайды,сол құстардың қайсысын өзі тұратын жерден көргенін айтады.
-Жыл құстары.
-Отырықшы құстар.
-Торғай,шымшық,көгершін,ұзақ,
тоқылдақ,қарға.
-Олар суықтан қорықпайды.Азық тауып жей алады.
-Ағаштың қабығының астына,қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді тауып жейді
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Олар адамдар бізге азық береді,көмектеседі деп ойлайды.
-Қарбыздың,асқабақтың,қауынның, шемішкенің дәні,әртүрлі дәнді дақылдар.
-Құстар -біздің досымыз. Олар ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өз беттерінше орындайды.
Рефлекстітүзету
-Құстарға жемді қалай береміз?
Бізде дайын жемсауыт бар (қораптан жасалған жемсауытты көрсетеді).
Серуен кезінде шығып, құстарға жем береміз.
Балалар құстарға өздері дайындаған жемдерін береді. Құстардың қалай қоректенетінін бақылайды.
Күтілетін нәтиже.
орындайды: ;жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажыратады;
түсінеді:құстардың жылы жаққа ұшып кету себептерін, қыстап қалатын құстардың қалай қоректенетінін;
қолданады: құстарға қамқор болуды.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным.Қатынас.
Бөлімі Экология негіздері.
Тақырыбы: Ағаштар,бұталар, өсімдіктер.
Мақсаты:
1.Өзін қоршаған ортадағы өсімдіктерді үш топқа (ағаштар ,бұталар, шөптесін өсімдіктер) жіктей білуге үйрету.Оларға тән сыртқы белгілерді атай білу. Өзінің туған өлкесінде өсетін өсімдіктермен таныстыру.
2.Табиғат туралы алған білімдерін дамыту.Сөйлеу ,ойлау,зейін аудара білу қабілеттерін жетілдіру.
3.Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: слайдтар,әртүрлі өсімдіктер бейнеленген карточкалар,бөліктерге бөлінген өсімдік суреттері,жұмыс дәптер.
сөздік жұмыс: өсімдіктер.
Билингвальды компонент: ағаштар -деревья, бұта -куст, шөптесін өсімдіктер -травянистые растения.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
-Балалар, бүгін сабаққа көңіл күймен келгендеріңді, бүгінгі оқу іс -әрекетінің қалай өтетінін ым -ишарамен көрсетіңдерші.
-Сабақтың соңына дейін осындай көңіл күйде отыратын болайық.
Балалар күлімсірейді, өз көңіл күйін қалауынша көрсетеді.
.
№1 слайд.Балаларға таныс қайың,терек, алма ағашы,итмұрын,қарақат бұталары,бақ-бақ, қызғалдақ суреттері көрсетіледі.
3-топқа итмұрын немесе қарақат бұтасының суреті беріледі(тамыры,бұталары, жапырағы, тұқымы,жемісі анық көрсетілген).
-Қолдарыңа берілген сурет бойынша осы өсімдікті жақсылап зерттеңдер. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады, ол мүшелері не үшін керек екеніне назар аударыңдар. Нөмірі бойынша атаңдар.
№2 слайд Ағаш,бұта және шөптесін өсімдіктің мүшелері көрсетілген сурет.
Осы суреттер бойынша балалар салыстыру жұмысын жүргізіді.Өсімдіктің қандай мүшелері барлығына тән екенін айтады. Содан соң айырмашылығын айтады.Ол үшін балалардың назарын ағаштың діңіне аударады.
-Ағаштың діңі қандай?Діңнен не тарайды?
-Енді ағаш пен итмұрын өсіп тұрған өсімдікті салыстырыңдар.
-Олай болса,бірінші өсімдік ағаш деп аталады, ал екіншісі бұта деп аталады.
-Осы өсімдіктер мен бақбақты салыстырыңдар. Қандай айырмашылығы бар?
-Ал діңі,бұтағы жоқ өсімдіктерді шөптесін өсімдіктер деп атаймыз.Демек өсімдіктер үлкен үш топқа бөлінеді. Олар:ағаштар,бұталар,шөптесін өсімдіктер.
Билингвальды компонент:
Ағаштар -деревья, бұта -куст,
шөптесін өсімдіктер -травянистые растения.
Содан соң әртүрлі өсімдіктердің суреті бейнеленген карточкалар таратылады.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп -кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
"Не екенін тап!"дидактикалық ойыны.
№3 слайд.
Өсімдіктер тобының бір -бірінен айырмашылығын көрсететін мүшелері бойынша қандай өсімдік тобы екенін айтады.
"Бұл өсімдіктің жапырағы бар". Қандай өсімдік тобы туралы айтып тұрғанымды табу мүмкін бе?
"Бұл өсімдіктің қалың қабықпен жабылған жуан діңі, жапырағы,тамыры,бұтағы бар".
Осылайша қалған өсімдіктер
тобына талдау жұмысы жүргізеді.
Жұппен жұмыс.
-Қазір сендер қастарыңда отырған баламен жұмыс істейсіңдер. Сендерге хатқалта беріледі. Оның ішінде суреттердің бөліктері бар. Суреттерді біріктіріп, қандай өсімдік екенін анықтап, оның ағашқа,бұтаға немесе шөптесін өсімдікке жататынын дәлелдейсіңдер.
Балалар алдымен өсімдіктердің атауын жеке -жеке айтады.
Балалар топта қолдарына берілген өсімдік туралы не білітіндерін ортаға салады.
Анық көрсетілген өсімдік мүшелеріне назар аударып, сол туралы сөйлеуге дайындалады.
Балалар толық зерттеу жұмысын жүргізіп болғаннан кейін,өсімдік мүшелерінің атауын,атқаратын қызметін шамасы келгенше айтады(тамыры арқылы қоректенеді,су ішеді,қорек сабағы арқылы жапырағына, гүліне барады, гүлде тұқым пайда болады).
Балалар зерттеп, әрқайсысы өз ойларын ортаға салғаннан кейін, біреуі топ атынан сөйлейді.
Барлық өсімдіктердің жапырақтары бар, таба алмаймыз.
Не екенін айта алмаймыз.
-Бұл -ағаш.
Балалар өсімдік бөліктерін дұрыс орналастырып, атауын айтады.Оның мүшелерін атап көрсетеді. Қай өсімдік тобына жататынын дәлелдеп айтып береді.
Рефлексті түзету
Бір бет қағаз алыңдар. Сол жақ жоғарғы бұрышына күннің суретін салыңдар. Егер саған бүгінгі іс -әрекетіміз ұнаса, күннің суретін көңілді, егер шаршаған болсаң, көңілсіз түрде сал.
Тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды: өсімдіктерді өзіне тән белгілері бойынша үш топқа жіктейді;туған өлкесінде өсетін өсімдік түрлерін атайды;
Түсінеді: өсімдіктердің әртүрлі болатынын, бір -бірінен айырмашылығы барын; .өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі туралы қарапайым түсінікті;
Қолданады: өздеріне таныс өсімдік түрлерінің қай топқа жататынын анықтауда.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Бөлімі;Экология негіздері.
Тақырыбы; Қазақстанда өсетін өсімдіктер.
Мақсаты:
1.Өсімдіктердің әр алуан жерде (дала ,шалғын ,орман,тау, бау-бақша т.б) өсетіні туралы түсінік қалыптастыру.Қазақстанда өсетін өсімдіктердің кейбір түрімен таныстыру.
2.Аймақтық табиғат ерекшеліктеріне тән өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту.
3.Өсімдік әлемінде ұқыпты қарауға тәрбиелеу;өсімдіктерсіз тіршілік атаулы өмір сүре алмайтыны туралы ұғым беру.
Көрнекі құралдар:өсімдіктердің әртүрлі жерде өсіп тұрғанын бейнелейтін табиғат көрінісі,жантақ,сексеуіл,селеу,жусан, бетеге өсімдіктерінің суреті, жұмыс дәптері.
Шалғын бейнеленген үлкен сурет (шөп,өсімдіктері жоқ) және бөліктерге бөлінген өсімдік мүшелері (тамыры,жапырағы,гүлі,жемісі).
Педагог:
-Балалар, мына шалғында бір кездерде түрлі өсімдіктер мен гүлдер өсіп тұратын. Бірде қатты дауыл тұрды. Дауылдан кейін шалғында түк қалған жоқ
(көк аспан астындағы сары қоңыр жерді көрсетеді).Сендерге бұл жер ұнайма? Бұл жерді шалғын деп айтуға бола ма? Оны қалай әдемі көрсетуімізге болады?
-Дұрыс айтасыңдар.Шалғынға жан бітірейік.Гүлдер өсірсек, бұл жерге көбелектер,аралар,түрлі жәндіктер ұшып келетін болады.Балаларға бөліктерге бөлінген түрлі өсімдіктер жинағы ұсынылады.Сондай-ақ қажетсіз заттар бөліктері де беріледі. Жұмыс соңында шалғынның әдемі көрінісі пайда болады. Оған түрлі жәндіктерді де орналастырады.
-Егер өсімдіктер болмаса,бұл жерге жәндіктер ұшып келер ме еді?
-Өсімдіктер тағы кімдерге және нелерге қажет?
Балалар ойынға кіріседі.
-Жер беті өсімдіктер болмаса, әдемі көрінбейді. Шалғын деп атау үшін,ол жерде түрлі өсімдіктер,гүлдер өсуі тиіс.Бұл жер әдемі болу үшін өсімдіктер өсіруіміз керек.
Балалар өздеріне қажетті бөліктерді таңдап алып, өсімдікті құрастырып, атауын айтып, шалғынға орналастырады.
-Жәндіктер өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды?
-Өсімдіктер адамдарға да,жан-жануарларға да қажет.
Ұйымдық іздену
Қазақстан өсімдіктерінің алуан түрлілігін көрсететін суреттер көрсетіліп,әңгіме жүргізіледі.
Билингвальды компонент.
Жантақ -верблюжья колючка, боз -ковыль, жусан -полынь, бетеге-типчак.
-Балалар,біз осы алуан түрлі өсімдіктердің тек кейбір жиі кездесетін түрімен танысамыз.
Педагог өсімдіктер суреттерін көрсете отырып түсіндіреді. Картадан өсетін орындарын көрсетуге болады.
Жантақ Қазақстанның шөл далаларында өседі. Оның биіктігі 30-100 см.Тамырының ұзындығы 10 м-ге жетеді. Сабағы тікенді болады.Мамыр,маусым айында гүлдеп,тамызда жеміс береді.
Жантақ -дәрілік өсімдік.Оны түйе сүйсініп жейді.
Сексеуіл -ағаш тұқымдас өсімдік. Біздің жерімізде ақ және қара сексеуіл өседі.Ол құмдауыт жерде өседі.Оның тамыры 10-11мтереңдікке дейін жетеді.Ол суды өте тереңнен тартады.
Оның жас бұтақтарын түйе жақсы көреді.Ұсақ малдар оның жердегі сынық бұтақтары мен қураған жапырақтарын жейді.
Сексеуіл жақсы жанады,қызуы жоғары.Сондықтан оны отын ретінде кесушілер көбейіп кетті.Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп,аңдары басқа жаққа ауып кетті.Сондықтан ол Қызыл кітапқа енгізілген.
Селеу-көпжылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның барлық облысында,әсіресе қңтүстік аймақта жиі кездеседі.Мамыр,маусым айында гүлдейді.Ол құнарлы мал азығы ретінде пайдаланылады.Биіктігі30-40см.Тамыры шашақталып өседі.Жусан Қазақстанда көп өседі.Оның таулы,шөлді жерде өсетін түрлері көп.Ұсақ гүлдері бар.Әбден піскен кезде сыпырғыш сияқты гүлшоғырын құрайды.Жусан-құнарлы мал азығы.Бір,екі жыл тіршілік етеді.Мысыр елін билеген Бейбарыс сұлтан сан жылдар бойы жусан иісін аңсағаны белгілі.Ол-дәрілік өсімдік.
Ата-бабаларымыз жусанның қасиетін ертеден білген.
Бетеге далалық,шалғындық жерлерде,тау бөктерінде өседі.
Сабағында жапырағы сирек орналасқан.Қазақстанда оның 20түрі бар.Мал үшін құнды азық.Биіктігі 30-60см.Жапырақтары жіңішке болады.Оны жылқы,қой,ешкі сүйсініп жейді.Суыққа қуаңшылыққа төзімді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар әңгіме барысында Қазақстан жерінде қсімдіктердің түрі өте көп өсетінін түсінеді.
Балалар әңгімеге кіріседі.
Тапсырмаларды орындайды.
Рефлексті түзету
-Бүгін,балалар,біз өз жерімізде өсетін өсімдіктермен таныстық.Енді сендер осы өсімдіктерді көретін болсаңдар және олармен амандасып,қамқорлықтарыңа алып жүретін болсаңдар.
Өздеріне таныс өсімдіктерді атайды,естеріне түсіреді.
Күтілетін нәтиже.
Орындайды: өсімдік әлеміне ұқыпты қарауды:
түсінеді:.әр аймақтың ерекшелігіне қарай өзіне тән өсімдіктері болатынын;өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын;
қолданады: Қазақстанда өсетін өсімдіктердің кейбір түрлері, оның атауы;қайда өсетіні,ерекшеліктері туралы білімді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным .Қатынас.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы:Қазақстанды мекендейтін жануарлар.
.Мақсаты;
1. Қазақстан жерін мекендейтін жануарлармен таныстыру;олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру.
2.Балалардың жануарлар туралы білімдерін әрі қарай кеңейту; өз білімдерін қолдана алуға жағдай туғызу.
3. .Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,оларға деген қамқорлық сезімдерін дамыту.
Көрнекі құралдар: арқар,барыс,саршұнақ,дала тасбақасы,қосаяқ,құлан суреттері;тау,дала табиғат көрінісіндегі жануарлар суреті,жұмыс дәптері.
-Бүгін бізге ерекше көңіл күй қажет.Ол үшін бір -біріне қарап күлімсіреңдер,жақсы тілектер айтыңдар. Мен сендерді табиғатқа саяхатқа шығуға шақырамын.
Балалар бір -біріне қарап,жақсы тілектер айтады.Назарларын бүгінгі оқу іс-әрекетіне аударады.
Жағымды музыка қойылады.
-Балалар,біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы (таудың,даланың,әдемі табиғат көрінісі көрсетіледі).
Біздің жеріміз кең -байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді.Қандай жануарларды білісіңдер?
Тақтаға әртүрлі жануарлар суреті ілінеді(арқар,барыс,қосаяқ,құлан,дала таспақасы):
-Мына суретте көрсетілген жануарлар түрі қандай көп,оларға сүйсіне қарайсың.
Сергіту сәті:
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір.
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
Алтай арқары -өте бағалы аң.
Биік тау беткейлерін мекендейді.
Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Ол бағалы аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иіліп тұрады.12-14жыл өмір сүреді.
Барыс-мысық тұқымдас жыртқыш аң.Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы.Қимылы жылдам,епті.Жемтігін қуғанда
7-8м биіктікке дейін секіреді.Олар ойынпаз,қарға аунап ойнағанды жақсы көреді.
Қазақ ежелден барыстың тектілігі,батылдығын пір тұтқан.
Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң.
Балқаш өңірінде тіршілік етеді.Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен,жемісімен,қоңыз,шегіркемен коректенеді.Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп,ұйықтап жатады.
Құлан шөлді жерді мекендейді.
Алматы,Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады. Түркмен жерінен әкеліп жерсіндірілген.Ол есекке де,жылқыға да ұқсайды.Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір-үйірімен жүретін.Оны есепсіз аулап,азайып кетті.Қазір қорғауға алынған.
Дала таспақасы шөлді жерлерді мекендейді.Ол қауып төнгенде,басын сауытының ішіне жиып алады.150жылдай тіршілік етеді.Өсімдіктермен қоректенеді.Жылына 3-4 ай ояу,қалған уақытта ұйқыда болады.
Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сұреді.Олар ін қазып,топырағын сыртқа үйіп тастайды.Егінге көп зиян келтіреді.Бірақ оның терісі бағалы.
-Бұл жануарларды сендер қай жерден көрдіңдер?
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар табиғат көрінісі туралы өздерінің алған әсерлерін әңгімелейді.
Өздері білетін жануарларды атайды.
Балалар педагог көмегімен жануарлардың атауымен танысады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Мұқият тыңдап,әңгімеге кіріседі.
Бұл жануарларды теледидардан,кітаптан көргендерін айтады.Өздерінің не білетіндерін әңгімелейді.
Рефлексті түзет
Балалардың жануарлардың пайдасы, оларды қорғау туралы қорытынды ойлары тыңдалады.
"Мұқият бол !" ойыны.
Ал енді мен сендерге бүгінгі танысқан жануарлардың бір белгісін айтамын,сендер қандай аң екенін табасыңдар.
Балалар педагогтің айтқан сипаттамасы бойынша қандай жануар екенін табады.
.
Күтілетін нәтиже.
Біледі:Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлардың кейбір түрін сурет бойынша ажырытыды;олардың тіршілігі мен мекені туралы мәліметтер іздейді.
Игереді:.Қазақстан жануарларының алуан түрлі екенін; жануарлардың пайдасын,оларды қорғауды.
Меңгереді:.жануарлар туралы білімді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным.Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Адам-табиғаттың бір бөлігі.
Мақсаты:
1.Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.Адамның сезім мүшелерінің табиғатты танып-білудегі рөлі туралы түсінік беру.
2.Балалардың тілін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, қиялдарын байыту.
3.Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу,денсаулығын сақтауға деген ниеттерін арттыру.
Көрнекі құралдар: табиғат туралы сюжетті картина,мақта,"Сезім мүшелері"туралы ойын, айна,жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс:сезім мүшелері.
Билингвальды компонент;сезім мүшелері -органы чувств, дене мүшелері -части тела, көз -глаза, мұрын -нос, тері -кожа, құлақ -ухо.
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Біз бүгін адам туралы айтатын боламыз.Адам мен табиғат-біртұтас дүние.Ал адам өмір сүруі,тіршілік етуі үшін, жұмыс істеуі,қозғалуы үшін не керек?
-Айналадағы дүниені танып-білуге адамның қандай сезім мүшелері көмектеседі?
Құлақ,мұрын,тіс т.б. сезім мүшелері туралы жұмбақтар жасыру.
-Адам өмір сүріп,тіршілік етуі үшін,дене мүшелері қажет.
Балалар жұмбақтардың шешуін табады.
Ұйымдық іздену
-Көз -адамның негізгі көмекшісі болып табылады.Ол қандай қызмет атқарады?
-Көз туралы не айтуға болады?Көздің түсі қандай? Көзді қалай күту керек?
Көзге арналған гимнастика.
1.Көзіңді қатты жұм да,қайтадан аш.3-4 рет қайтала.
2.Саусақтың ұшымен қабағыңды 1 минут шамасында сипа.
3.Көзді айналдыра қозға:солға-жоғары-оңға-төмен.10 рет қайтала.
4.Қолдарыңды алдыға соз.Саусағыңның ұшын жайлап мұрныңа қарай жақындат.Содан соң қайтадан жайлап алдыға соз.Осы қимылды көзіңді жүргізіп бақыла.5 рет қайтала.
5.Терезеден қара,ең алыс нүктені тауып,көзіңді 1 минут тоқтатып қара.
Есту мүшесі.
-Дыбыстарды естуге сендерге не көмектеседі?
-Құлақты күту үшін не істеу керек?
Музыка қойылады.Балалар құлақтарын мақтамен тығындайды.
-Не болғанын айтыңдар?
-Қандай қорытынды айтасыңдар?
-Есту-адам үшін ең үлкен байлық.Біз күнделікті тағы қандай сезім мүшесін күтіп ұстауымыз керек(күнделікті таңертең жуынғанда).
Тіс туралы жұмбақ шешу.
-Тіс не үшін керек? Оны қалай күту керек?
-Тіс неге ауырады?
"Сезім мүшелері"дидактикалық ойыны.
Билингвальды компонент.
Сезім мүшелері -органы чувств,дене мүшелері-части тела,көз-глаза,мұрын-нос,тері-кожа,құлақ-ухо.
Сезім мүшелерін дұрыс күту,дұрыс күтпеуге берілген әртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттер.
-Сонымен сезім мүшелері арқылы нені танып-біледі?
-Табиғатты қандай екі үлкен әлемге тқлеміз?
-Адамның табиғатпен қандай байланысы бар?
(Табиғатта демалып,жануарлардың,өсімдіктердің тіршілігін бақылап жүрген адамдар бейнеленген суреттер).
-Адамды неге табиғаттың патшасы деп атайды?
-Дұрыс айтасыңдар.Адам-табиғаттың бір бөлігі.Сондықтан ол табиғатқа қамқор болуға міндетті. Ол бәрін табиғаттан үйренеді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізіледі.
-Ол айналадағы дүниенің бәрін көруге,көлемін,орналасқан орнын ажыратуға көмектеседі.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Айналадағы дыбыстарды құлақ арқылы естиміз.Құлақты үнемі таза ұстау керек.
-Дыбыстар жоқ болып кетті.Еш нәрсе естілмейді.
-Құлақ арқылы айналадағы барлық дыбыстарды естиміз.
Балалар тісті қалай күту керектігін айтады.
Балалар сурет бойынша ненің дұрыс,ненің дұрыс емес екенін айтады.
-Өйткені адам табиғатқа өз ықпалын тигізе алады.Егер дұрыс қарамаса,табиғатты бүлдіреді.Табиғатқа қамқор болу да соның қолында.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексті түзету
"Табиғатта не маңызды?"ойыны.
Балалар сұраққа жауап береді.Бір жауаптан айтып(адам,күн,су,ауа,топырақ,өсімдік,жануарлар,жәндіктер т.б.) дәлелдеп,щеңберге тұрады.Соңында бәрі қол ұстасып,қолдарын жоғары көтереді."Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты" деген қорытындыға келеді.
Күтілетін нәтиже.
Біледі: өз ойын дұрыс жеткізуді;сезім мүшелерін күтуді;
Игереді: адамның табиғаттың бір бөлігі екнін;адамның табиғатпен тығыз байланысын;адамның табиғатқа ықпалын;
Меңгереді: дене мүшелерінің және сезім мүшелерінің атқаратын қызметі туралы білімді.
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы
10 күні қазан айы 2015ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы:
Мақсаты:
Көрнекі құралдар:
Қостілділік:
Әдіс тәсілдер:
Сөздік жұмыс:
Қызмет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын
Ұйымдық іздену
Рефлексті түзету
Күтілетін нәтиже.
Біледі:
Игереді:
Меңгереді:
Тәрбиеші: Ф.Т Серік
Әдіскер:__________
Ұйымдастырылған оқу іс-әректеінің технологиялық картасы