Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажырануға, әңгімені мұқият, зейн қойып, тыңдауға үйрету. Үй жануарларының төлдерін дұрыс атын атай білуге, олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап-қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреті, сүт тағамдары, қой жүні, тоқымалар.
Тәрбиеші:Балалар, мен сендерге жұмбақ айтайын, сендер тауып көріңдер.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тағамы
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Түйе мен қойдан басқа қандай жануарларды білесіңдер?
Жауабы:сиыр,ешкі,жылқы,т.б.
Ойын: «Төлін тап.»
Шарты:үй жануарлардың төлдерін атап тауып беру.
1-топ-сызба арқылы сызып көрсетеді.
2-топ-суретке қарап үй жануарлардың мүшесін атайды.
3-топ-тақтаға шығып үй жануарлардың төлдерін тауып, көпше түрін айтасыңдар.
Сиыр қалай мөңірейді?Му-му
Қойқалай маңырайды?Мә-мә
Ещкі қалай маңырайды?Мә-мә
Жылқы қалай кісінейді?Я-я-я
Билинг.комп.
Түйе-верблюд, Сиыр-корова,
Жылқы-лошадь, Қой-баран.
Ешкі-козел.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Шарты:Үй жануарларды карточкамен тақтаға қойып көрсету, балалар үй жануарларға не жетіспей тұрғанын атайды.
Тәрбиеші:Балалар үй жануарлары туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Мал өрірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Өте жақсы балалар.
Сергіту сәті.
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды,шабады.
Шылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат жаяды.
Үй жануарлары туралы схема бойынша әңгіме құру.
Мақсаты:балаларға әңгіме не туралы екенін,үй жануарлардың түрін, төлдерін жатқа білуге,олар немен қоректенетіні, адамдарға не беретіні жайында түсіндіру.