Түзете-білімділігі:Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып салыстыра білуге баулу. Дьенеш блогы қолдану арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Түзете-дамытушылығы:Геометриялық пішіндерді құрастыруға жаттықтырып, саусақ моторикасын және танымдық қабілетін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін санамақ, математикалық ойын арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдер:информациялық-рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру, ойын және Дьенеш блог технологиясы.
Қажетті- көрнекі құралдар:проектор, слайд;
Қажетті-құралдар:суреттер, Дьенеш блогы әр балаға;
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
ІІ. Шаттық шеңбері:
Ойын: “Тұрып қал”
Шарты: Балалар шеңбер бойымен ырғағымен жүріп, әуентоқтағанда тұра қалады.
- Жарайсыңдар балалар, ойынды қызыға ойнадыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.
Санамақ
Саусақтарға қарап-ақ,
Қане-қане санайық.
Санын біліп алайық.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Беске бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
Жұмбақ жасыру:
Атына сай балалар,
Үш бұрыш үш жағы бар!
Ол пішінді кім табар? (үшбұрыш)
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар,
Атын оның атаңдар. (дөңгелек)
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар,
Бұл қай пішін? (төртбұрыш)
Дидактикалық ойын:
“Пішіндірге қандай заттар ұқсайды?”
Золтон Дьенеш
Венгерлық теоретик және практик, «Жаңа математика» әдістемесінің авторы
Дьенеш блогы
Дьенештің логикалық блоктары
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтон Дьенеш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал.
Дидактикалық ойын: “Кім шапшаң”
Шарты:Балалар Дьенеш блогтарды пайдаланып , геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.