Просмотр содержимого документа
«Отпен ойнау - Қауіпті!»
Білім беру саласы: ӘлеуметОқу-қызметі: Қоршаған ортаТақырыбы: “Өртпен ойнау-Қауіпті”
Мақсаты: Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Жылулық шеңбері
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін ,
Жерде ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін
-Балалар жылдың қай мезгілі?-Қыс мезгілінде қанша ай бар?Желтоқсан, қаңтар, ақпан.-Қыс мезгілінде күн қандай болады?-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?-Қандай киім киеміз?-Бір аптада неше күн бар?
Жаңа оқу-қызметі
Тақырыбы:“Өртпен ойнаған – Қауіпті”
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
«От - дос, от – жау» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын.
Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап берейік.
Бірнәрсе төрт бұрышты білесіз бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке)
Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!Өзі кішкентай болса да,Бойында алып күші бар.Сіріңкемен ойнасақ,Абайсызда өрт шығар,Соны есте сақтаңдар!
Сіріңкемен ойнаған – өте қауіпті!!!
Сергіту сәті
Өрт сөндіретін адамды Өрт Сөндіруші деп атайды!!!
Сюжетті-рөльдік ойын
“Өртпен ойнау- қауіпті”
Мақсаты: өрт сөндірушінің, жедел жәрдемнің жұмыстарымен таныстыру. Отпен ойнаған қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру.Балаларды ұйымшылдыққа, қамқорлыққа баулу.