Просмотр содержимого документа
«"Жануарлар әлемі"»
Дала
Орманды
дала
Шөл мен
шөлейтті жерлер
Сүтқоректілер
Құстар
Бауырмен
жорғалаушылар
Қосмекенділер
Омыртқасыздар
Түлкі –қасқырмен бір тұқымдасқа жатады, дене мөлшері кішілеу және құйрығы ұзын үлпілдек, ұшы ақ, аяқтары қысқалау болып келген.
Қазақстанның солтүстігіндегі ақ селеулі, кейде алуан шөптесінді далаларын мекендейтін ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы 60 см,салмағы 8 кг
Қазақстанда кездесетін
5 түрдің ішіндегі ең ұсағы.Денесінің ұзындығы 15 см, салмағы 100 гр. Далалы және орманды далалы аймақтарда бұталы тоғайлардың ішінде жасырын тіршілік етеді.
Салмағы 100 – 150 гр, кеміргіш, шөп пен тамырдан басқа, астық тұқымдарымен коректенеді, сөйтіп зиянкестік жасайды. Інде тіршілік етеді.
Ұзындығы 50 -70 см, салмағы 4-6 кг. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді.
Сусарлар тұқымдасының кішілеу жыртқышы. Денесінің ұзындығы 53 см, салмағы 2 кг. Күзеннің ұзын, иілгіш денесі құйрығынан
2 есе ұзын.
Күшті, батыр, ержүрек жыртқыш, ақылы мен айлысы түлкіден асып түседі. Денесінің ұзындығы 100 – 130 см, салмағы 20 – 35 кг. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады .
Ұсақ тышқан тәрізді кеміргіш, денесінің ұзындығы 12 см, құйрығы 2 см, денесінің салмағы 30-40 гр. Көк шөп және дәнмен қоректенеді.
Орташа пішінді дала балшықшысы. Салмағы 230 гр. Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді. Ұяны жерде, шұңқырда жасайды .
Дала құсы, ылғалды жерлерді ұнатады. Негізгі таралу аймағы – Қазақстан далалары. Жазда екі рет балапан басып шығарады.балапандарын жәндіктермен, негізінен шегірткелермен асырайды.
Қазақстан мақтанышы. Бұл құс Қазақстан жерінен тыс, екі ұлы орыс өзендері – Еділ мен Ертістің оң жағалауында ғана мекендейді.
Ұясы – жердегі шұңқыр. Жазда екі рет көбейеді.
Қазақстандағы
13 бозторғайдың ішіндегі ең ірісі. Салмағы 55 – 65 гр. Далалы аймақтың барлық жерінде таралған. Жаз соңында, ұшар алдында, үлкен топ құрайды.
Өте ірі құс, ересек аталық дуадақтың салмағы 16 кг. Дуадақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда соңғы 5 жылда дуадақтың саны жайлап өсуде.
Ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі.Ұзын аяқтары, жіңішке ұзын доғатәрізді төменге иілген тұмсығы бар. Аңшылар үшін үлкен шалшықшы патша қыр құсы болып есептеленеді.
Салмағы 600 – 900 г. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ..1978 жылы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртендеп қайтадан қалпына келтіріліп отыр .
Бұл құс қазақ даласының белгісі болып есептеледі. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, бірақ 1991-ші жылдан бастап оны жасыл түсті беттеріне шығарды, өйткені олардың саны қалпына келуде.
Аяқтары өте қысқа, отырған кезде жерде жатқан сияқты болып көрінеді.Бірақ ұшқанда қарлығашты еске түсіреді.Қазақстанда 4 ай болады. Табиғат қорғау одағының тізіміне енгізілді.
Далалы аймақтың ең өжет қанатты жыртқыштардың бірі. Ылғалды жерлерде - өзен алқабы немесе дала көлдерінің маңында мекендейді.Ең пайдалы, қанатты жыртқыштардың бірі.
Қызыл кітапқа енгізілген.Барлық далада және шөлейтті аймақтарды мекендейді. Негізгі қорігі – кіші сарышұнақ. Дала қыраны дала ландшафтың әшекейі болып табылады.
Батыс және Шығыс Қазақстанда, сонымен қатар Оңтүстік Балқаш пен алакөл шүңқырында кездеседі. Өте көп болған жерлерде балықтың көбеюіне зиянын тигізеді.
Қазақстанда барлық жерде кездеседі, әсіресе далалы аймақтарында кең таралған.Жемтігін уы арқылы өлтіреді.Өте кең таралған, мал шаруашылығына зиянын тигізеді.
Қазақстанда солтүстікке қарай Орал - Қарағанды – Аягөз – Үшаралды мекендейді.Өзен, көл, саз жағаларында мекендейді.қоршаған ортаны қаңсорғыш қосқанаттылардан тазартады.
Қазақстан ландшафтысының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі .
Қазақстанда оңтүстікарыс бүйісі тіршілік етеді. Сол жерлерде өзен, көл жағалауларындағы ылғал топырақты қоныстайды .
Бауырымен
жорғалаушылар
Сүтқоректілер
Құстар
Қосмекенділер
Ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар.
Қазақстанның солтүстігіндегі орманды аймақтардан оңтүстіктегі таулы ормандарға дейін кең таралған шағын, әсем бұғы. Елік – орманды далаға тән жануар.
Өте ұсақ жануар. Денесінің ұзындығы 7 – 10 см, салмағы 5-10 г. Кіші жертесер өте аз және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Салма ғы 3-4 кг. Қыста терісінің бояуы ағарады, сондықтан ақ қоян деп аталады. “Ақ қоян” тоғайлар мен өзен, көлдердің жағалауларындағы қамыстарда тіршілік етеді.
Тоқалтіс тұқымдасына жататын кеміргіш. Денесінің ұзындығы 14 – 25 см, құйрығы 15 см. Тоспа су және жай ағатын жартылай суда тіршілік етеді.
Орманды даланы мекендейді. Су қоймасы жоқ жерлерден қашқақтайды. Бұл түнгі жануар үшін күндізгі баспана – тұрғын үй шатырлары, т.б
Нағыз орман құсы. Жазда қорегін іздеп, уақытының көбін жерде өткізеді, қыста ағаштарда қоректенеді.қыста қар астындағы шұңқырда топ болып қыстайды және де әрбір түн сайын жаңа шұңқыр салады.
Қазақстанда кездесетін
9 қыранның ішіндегі ең ірісі. Бұл құстардың саны ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында тез азая бастады, мыңдаған құс ұсталып, араб елдеріне жіберілді, ондаған ұялар бұзылды, құстар бұл жерде ұя салуды тоқтатты. Қазіргі кезде Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда ителгенің саны өте азайып, ол тек орманды далалардағы қорықты жерлерде ұялайтын болды. Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген .
Құстың салмағы 4 – 7 кг. Бұл ұзын сирақты, ұзын мойынды құс орманды далалы аймақтарды балшықты жерлер мен ылғал шабындықтарды мекендейді.Топ қоректеніп жатқан кезде, бір немесе екі құс айналаны бақылап, қауіп төңсе тез хабар береді.
Салмағы 150 – 300 г, нағыз орман жыртқышы. Жемтігі – құстар. Негізгі қорегі – бөдене, тұркептер, ол балапандарын торғайтектес құстардың балапандарымен қоректендіреді .
Ірі қыран, бүркітке өте ұқсас. Жемтіктері – сарышұрақ, қоян, аламан, кірпі, кейбір құстар мен жыландар. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Орманды далаларда алыс солтүстік қонағы. Қазақстанның солтүстігінде негізінен ақ қайын ормандарында, ал Алтайда шоқ ақ қайын тоғайларында мекендейді. Аң аулау – нысаны.
Біздің фаунамыздағы ең үлкен кептер. Қазақстанда орманды даланың солтүстік батысында және оңтүстік – шығыстың таулы ормандарында ұялайды.Жылына 2-3 рет балапан шығарады .
Қазақстанда тек 3 жерде ғана, оның екуі – орманды дала аймағында,Жайық өзені аңғарында және Қостанайға жақын Аманқарагай орманында кездеседі.жеке жұп болып ұялайды, қалған уақытта топ болып жүреді.
Орман төсеніші арасынан ұзын тұмсығымен топырақты шұқып, құрттармен, әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді.
Торғайтектестер отрядының сайрақтар тұқымдасының өкілі. Қазақстанның көп жерінен кездестіруге болады. Сәуірде ұшып келеді, тамызда ұшып кетеді.
Біздің еліміздегі тропикалық туыстың жалғыз өкілі. Жерден биік, ағаш діңінен алыс бұтақта кәрзіңкетәрізді ілініп тұрған ұя – мысық – торғайға тән. Қазақстанда небары 3-4 ай болады.
Бөктергі Қазақстанда тек орманды дала аймақтарында ұялайды.Бұл – кішкентай, шапшаң жыртқыш, тек жәндіктермен қоректенеді. Адам қорғауына тұрарлықтай, өте пайдалы құс.
Қазақстанда орманды далалар мен далалы аймақтарда кең таралған. Негізгі жемтіктері- құстар, сонымен қатар ұсақ сүтқоректілерді де алады. Орманды далаларда наурыздан қазанға дейін кездеседі.
Мамырдың басында, кеш ұшып келеді, тамызда ұшып кетеді. Ұясы жердегі шұңқырда, бетін шөппен жауып жасырады. Балапандарын жәндіктермен асырайды.
Біздегі ең әдемі құстардың бірі. Аналықтары әң салмайды.Өте ерте, шілденің аяғында ұшып кетеді.
Солтүстік – батыс Қазақстанды мекендейді. Соңғы кезде Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жұр.негізгі қорегі – су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаянтәрізділерді де жейді, тіпті өсімдіктерменде де қоректенеді.
Орманды дала аймақтарында орман шетінде, сирек бұталардың, өзен мен көлдердің жағалауларындағы жайылымдарда кездеседі. Жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді, жиі өз ұрпақтарын жейді.
Қазақстанда орманды дала аймағының бірнеше жерінен ғана табылады:Орал мен Көкшетау қалаларының маңы, солтүстікте – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысы. Жәндіктер, олардың дәрнәсілдері және жауын құрттарымен қоректенеді.
Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды, дөңгелектілділер тұқымдасының жалғыз өкілі. Су беті өсімдіктері көп, түбі лай жерлерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде және таңсәріде шығады. Бұл бақа – улы, сондықтан оны ешқандай аң, құс, балық жемейді .
Қазақстанда Солтүстік Қазақстан және Орынбор облысында кездеседі. Суға уылдырығын шашу арқылы көбейеді. Сырттай ұрықтанады.
Ірі бақа, ұзындығы 10 см.Қазақстанда Солтүстік Қазақстан облысының қайынды орманды далаларында, әдетте Петропавл қаласы, және Елек пен Жайық өзендерінде кездеседі.Уақытының көбін құрлықта өткізеді, су басқан шабындықтар мен сазды жерлерді мекендейді. Су астында лайға көміліп қыстайды.
Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында және Ырғыз – Торғай су қоймасында мекендейді. Суда тек көбею кезеңінде ғана болады, басқа уақытта құрлықта кеміргіштердің інін, қалың шөптің арасын, шұңқыр, ағаш тамырының арасындағы қуыстарды паналайды .
Ылғалды топырақтарда, көбіне өзен аңғарларында тіршілік етеді. Өсімдіктің тамырларымен, жауын құрттармен және жәндіктер дернәсілдерімен қоректенеді.Жаз ортасында бір жатын бөлмесінде 600 жұмыртқалары немесе дернәсілдері болады. Мәдени өсімдіктердің тамырларын зақымдап, бау – бақшаларға зиянын тигізеді.
Денесінен бірнеше есе ұзын көпбунақтардан тұратын мұрттары болады.Күшті кеміргіш ауыз аппараттары бар, олар тек қана өсіп тұрған ағаштарды кемірмей, сонымен қатар ағаштардан жасалған жабдықтарды және ағаш құрылыстарын толық жарамсыздандырады.
Ірі құрт, ұзындығы 30 см, жуандығы 1см екі мерт тереңдікке дейін жер қазып, інде тіршілік етеді. Жылы әрі ылғалды ауа райында құйрығымен інге жабысып, сыртқа шығады, қауіп төнсе, ішке кіріп кете қояды. Жауыннан кейін жер бетінде көп кездесетін болғандықтан, “жауын құрты” деп аталады.
Қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Сүтқоректіледің жұптұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасының өқілі. Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай бұл аңды қырып жіберді.
Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді. Қарақұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, бірақ еі үлкен қауіп – мылтықты адам.Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Артқы аяқтары алдыңғы аяғынан 3-4 есе ұзын, ірі қосаяқтар 3 метрге дейін секіреді, жүгіру жылдамдығы – 10м/сек, ұзын құйрығының ұшы ақ шашақпен бітеді. Күмда тіршілік етеді .
Ұзын аяқты жабайы қой. Өте елгезек, ол тік жардан тез түсіп, тез шығады, биік жерден төменге оңай секіреді, жоғарыға 1 метр биіктікке секіре алады. Қазақстандағы сирек кездесетін бұл түрді қорғау үшін үстірт қорығы және екі зоологиялық қорықша құрылды, ал үстірт арқары Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді.
Сырдария өзенінің алабы мен арал теңізі жағалауларында кезедеседі.негізінен түнде белсенді. Қырғауыл, үйрек, ондатр, кұм қояндарын ұстап, оларға біршама зиян келтіреді.
Каспийден Ертіске дейін шөлді жерлерді мекендейді, бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.15 жыл өмір сүреді.
Қазақстанда биік таулардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Ымырт пен түнде белсенді. Жәндіктер, құрттар, бақалар, кеміргіштер, жыландармен қоректенеді.6 жыл өмір сүреді.
Қазақстанда тек маңғыстау түбірі мен үстірттің батыс шоқысын бойлай мекендейді.Бұл сирек кездесетін жануар 1995 жылы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Денесінің ұзындығы 20 – 25 см, салмағы 550- 570 г.
Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде күндіз аулайды. Тышқан тәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктермен қоректенеді. Шағыл мысық сирек кездесетін тұр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қазақстанның шөл және шөлейттерінде кең таралған. Өмірлеріңде тек бір рет қана жұп құрып, сөйтіп қалған өмірінде бірге болады. Кеміргіштер мен құстарды аулайды.терісі – жұмсақ және үлпілдеген, бірақ аса бағаланбайды. Қазақстанда жылына 15 мың қарсақ терісі дайындалады.
Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады.Аң аулау - кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған.
115 км/сағ жылдамдықпен кең адыммен секіріп, шоқырақтап жүреді. Қазақстанда Маңғыстау түбегіндегі шөлді жерлерді мекендеген. Қабылан қазір Қазақстан қызыл кітабының бірінші дәрежелі тізімінде.
Шөл және шөлейтті жерлерде таралған, топ болып, шоғыр құрып бірнеше шығу тәсілі бар, күрделі індер салады.Адам үшін өте үлкен қауіп. Құмтышқан топтарында бүргелердің көп болуы, олар оба, лейшманиоз және қайталама сүзек ауруларын таратушылар болып табылады .
Шығыс Қаспий маңы шөлді аймақтары – Маңғыстау, Бозашы, үстірттің батыс жағында мекендейді.Түнде тіршілік етеді. Қыста жиі күндіз белсенді. Күшті және епті жыртқыш.Сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Орта Азия мен Қазақстан - эндемигі. 1995 жылға дейін Қазақстан Қызыл енгізілген болатын. Ала жертесер- құмды дала мекендеушісі. Негізінен жәндіктермен, кейде ұсақ кесірткелермен қоректенеді. Басқа ұсақ жертеселер сияқты өте қомағай: күніне өз салмағынан 1,5 есе артық жем жейді.
Мықты, кішілеу келген ат. 50-ші жылдарға дейін бұл жануар Қазақстанда болмаған. Тек 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Оңтүстік Түркімениядан құланның басқа түрінің бірнешеуі әкелінген. Құлан Қазақстан және Халықаралық Қызыл кітаптарға енгізілген.
Қазақстан шөлінің эндемигі. Сирек эндемик, әрі зерттелмеген түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Мұның атымен Қазақстан зоология журналы аталып отыр, онда жаңа және аз зерттелген жануарлар туралы мақалалар жарияланады.
Жекдуадақтың ең сүйікті мекендейтін жері – балшықты жазықтың құммен шектескен жиегі, бірақ ол құмның ортасында. Қыста Арабия, Иран, Ирак, Пакистан шөлдеріне ұшып кетеді. Ол жақта олар атақты араб қыран аң аулауының қызығушылық нысаны болады. Осы аулаудың зардабынан бұл құстың саны азайып, Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. 2001 жылы – Қазақстанда арнайы мұндай аң аулауға арнайы ерекше жер бөлініп берілген, олар “қорықты аймақтар” деп аталады. Бұл жерде жекдуадақтар көбейеді және басқа аңшылардан қорғалады.
Бұлдырықтар – нағыз шөл құстары, сусыз, әрі ыстық жағдайларға үйренген. Ешқандай төсенішсіз, жердегі шұңқырға 2-3 шұбар жұмыртқаларын салады. Балапандарына ата – анасы тек қорек емес, құрсақ қауырсындармен су да әкеледі. Суды бірнеше километрден тасиды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бұлдырықтың саны азайып кетті, сондықтан сақтап қалу мақсатында Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген
Өте жақсы ұшады. Аяғы қысқа, тіпті жерде жүре алмайды, ұшқанда сымдар мен ағаштардың бұтағында қонақтап дем алады. Ұшып жүріп, жарқанаттыларды ұстайды. Ол омарта орналасқан бар араларын жеп, омарта шаруашылығына үлкен зиянын келтіреді. Қазақстанда оңтүстік пен шығыстағы шөл – шөлейтті аласа тауларда кездеседі. Қазақстанда 4 ай – мамырдан қыркүйекке дейін болады.