Мотивациялық қозғаушылық | Тәрбиеші балаларды қатармен топқа кіргізіп,шаттық шеңберін құрғызады. -Балалар қараңдаршы,бүгін бізде ерекше күн.Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен,қане келген қонақтарға өзіміздің, әдепті ұғымтал бала екенімізді көрсетіп, келген қонақтармен амандасайықшы. -Жарайсыңдар балалар, -Балалар көңіл күйлерің қалай? Олай болса осы көтеріңкі көңіл –күйімізбен, шаттық шеңберін құрайық. | -Балалар қатармен топқа кіріп, шаттық шеңберіне тұрады. -Балалар келген қонақтармен амандасады. -Жақсы. Балалар шаттық шеңберін құрып,өздерінің көңіл күйлерін көрсетті. |
Ұйымдастырушы - ізденістік. | -Жарайсыңдар балалар,қане осы көтеріңкі көңіл- күйімізбен орындарымызға отырайық. -Балалар көңіл күйлерің қалай? Олай болса балалар, Күндей жадырап, Айдай арайлап. Жұлдыздай жарқырап. Судай мөлдір көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? | -Балалар орындарына жайғасып отырды. -Керемет. -Қыс мезгілі. -Қыс мезгілінде үш ай бар. |
| -Сол үш айды кім атап береді? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Өте жақсы жарайсыңдар балалар. Ал сендер қыс туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім маған қыс туралы тақпақ айтып береді? Өткен оқу іс әрекетін есімізге түсірейікші. Өткен сабақта біз не өтіп едік? Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз Экалогия сабағы. -Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, егер сендер жұмбақтың жауабын тапсаңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.Олай болса менің жұмбағымды мұқият тыңдаңдар. Жұмбақ: Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен -Бұл не ? Өте дұрыс айтасыңдар бұл су. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Су тіршілік көзі» деп аталады. Олай болса балалар барлығымыз тыныш отырып мені мұқыят тыңдаймыз.Біз бүгін сендермен «Су тіршілік көзі» жайында әңгімелесеміз. -Балалар мен сендерге сабағымызды бастамас бұрын, Тұрсынзар Есімжанов ағамыздың «Су тіршілік көзі»-деген өлеңін оқып бергім келіп отыр. | -Желтоқсан, қаңтар,ақпан. -Күн боран болады, айналаның бәрі аппақ қарға малынады, балалар қалың киінеді, терезелермен ағаштарға қырау түседі. Балалар қардан аққала жасап ойнайды. -Ия -Балалар қыс туралы тақпақ айтты. -«Көшедегі қауіпсіздік» жайында әңгімелескен едік. Балалар жұмбақтың жауабын , Су деп шешті. |
| Олай болса мені мұқыят тыңдаң. Тәрбиеші балаларға Тұрсынзар Есімжановтың өлеңін оқып береді. -Балалар жер бетінің көп бөлігін мұхыиттар,теңіздер, көлдер алып жатыр. -Сендер білесіңдерме балалар, -Адамдар сусыз өмір сүре алама? -Су өмірдің нәрі.Сусыз тіршілік болмайды. Суды ластауға,босқа төгуге болмайды.Кез келген көлдің, немесе теңіздерден, су ішуге болмайды.Өйткені олардың суы өте ащы.Оларға тек жаз мезгілінде шомылуға болады. Ол сулардан, жануарлармен құстар,жәндіктер су ішеді. -Балалар сендер білесіңдерме Су адамдарға не үшін қажет? -Өте дұрыс айтасыңдар. -Балалар сендер суда жүзгенді жақсы көресіңдерме? Онда бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық. Сергіту сәті: Ал, қанеки тұрайық, Мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық. Су ішінде қалықтап,Оңға солға,бір қарап. Жүзіп жүзіп алайық. Жарайсыңдар балалар,қане бір сергіп алған болсаңдар орындарымызға отырамыз. Балалар енді мен сендерге су туралы бір ертегі айтып бергім келіп отыр.Қане бәріміз бері қарайық. | Балалар тыныш отырып тәрбиешінің айтқанын тыңдады. -Су адамдарға беті қолдарын жуу үшін, шай қайнатып ішу үшін, жеміс жидектерді жуу, тамақ пісіру, кір жуу,гүлдерді бақшаларды суару үшін керек екен. Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
| Мені мұқият тыңдаймыз. Тәрбиеші балаларға «Су тіршілігі» деген ертегі айтып береді. Балалар су ауа температурасына байланысты өзгеріп отырды. Мысалы, қыста су қатып мұзға айналады,аспаннан қар болып жауады. Балалар бүгін біз сендермен су мен тәжрибе жасаймыз. Тәжрибеміз судың түсін ажырату деп аталады. -Тәрбиеші балалармен бірге тәжрибе жасайды. -Балалар енді кім маған Су жайлы тақпақ айтып береді? Жарайсыңдар балалар өте жақсы енді кім маған су туралы мақал-мәтел айтады. Жарайсыңдар балалар, сендер су туралы да мақал-мәтелді жақсы біледі екенсіңдер. | -Балалар зейін қойып ертегіні тыңдайды. -Балалар су туралы білетін тақпақтарын айтады. -Мақал-мәтелдер айтады. |
Рефлексиялық- түзетушілік | -Балалар бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды? -Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? -Суды не істеуіміз керек екен? -Су болмаса тіршілік болама екен? Өте жақсы балалар, жарайсыңдар. Бүгінгі сабаққа сендер өте жақсы қатыстыңдар, әсіресе Аңсар,Амина,Райынбек,Меруерт,өте жақсы қатыстыңдар.Келесі сабақтарға да осы балалар сияқты өте жақсы қатысатын боламыз. Міне балалар біздің осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, қане орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасамыз. | -Экалогия оқу іс-әрекеті болды. -Ия ұнады. -Үнемдеуіміз керек. -Жоқ тіршілік болмайды. -Балалар жартылай шеңбер құрып келген қонақтармен қоштасады. |