Просмотр содержимого документа
«"1-7 сандары және апта күндері"»
БЕКІТЕМІН
Балабақша менгерушісі
Г .Иргебекова
Күні: 25.01.2018 жыл
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1-7 сандары жәнеапта күндері
Мақсаты: . Балаларды 7-ге дейін тура және кері санау дағдыларын артыра отырып апта күндерін ретімен атай білуге және жылдам есептеуге дағдыландыру. Балаларды байқампаздық , есте сақтай қабілеттерін дамыту.
Тапсырмаларды ұқыпты орындауға, әдемі бояуға, бір –біріне кедергі жасамауға ,достыққа,қайрымдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету,түсіндіру
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайд ,Деньеш блоктары, математикалық жұмыс дәптер.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
балалар, «Сәлем - сөздің анасы» деген - адамдар бір-бірімен сөйлеспес бұрын сөзді амандық білісуден бастау қажет деген сөз. Амандасудың да көптеген түрі бар. Қазір біз бірнеше амандасу түрімен амандасып көрейік.
Тәрбиеші балаларға қолдың, жүректің, еріннің, күннің суретін көрсетеді, ал балалар суретке байланысты қимыл білдіріп, амандасады.
Қол - қолдарын беріп амандасу.
Жүрек – құшақтасып амандасу.
Ерін - бір –бірін сүйіп амандасу.
Күн - бір-біріне қолдарын көтеріп бұлғап амандасу.
(Интерактивті тақтадан Ақ сұлу ханшайым туралы фота слайд көрсету.)
Мотивациялық кезең:
Балалар Ақ сүлу ханшайымның көңіл-күйі қалай екен?
Ақ сүлу ханшайым кішкентай құртақан достарымен бірге бақытты өмір сүріп жатқан болатын.Бірақ мыстан ханым Ақ сұлудың құртақан достарын өзінің қамалында қамап ұстап отыр екен. Ақ сұлу достарын мыстаннан құтқарғысы келеді.
Құртақандарды босату үшін мыстаның тапсырмаларын орындау қажет екен. Ақ сұлуға көмектескілерің келе ма?
Ұйымдастырылған оқу қызмет барысы
1-тапсырма: Жасырынған санды тауып жаз.
Үш-тілділікті жүзеге асыру: Бір-один-one
Екі-два-two
Үш-три -there
Төрт-четре-four
Бес-пять-five
Алты-шест-sex
Жеті-сем-seven
Тапсырма орындалып балалар бірінші құртақанмен танысады
Бүл құртақанң аты Дүйсенбі. Қане бірге қайталайық
2-тапсырма: Шарты белгі бойынша пішінді тап.(Дьенеш блок)
Дөңгелек және шаршы пішінің ортасында қандай пішін тұр?
Сопақша пішінің оң жағында қандай пішін орналасқан?
Шаршы және дөңгелек пішінің ортасында қандай пішін орналасқан?
3-тапсырма: Апта күндері(Дәптермен жұмыс жасау)
Тапсырма орындалып балалар 2,3 құртақанмен танысады
Бүл құртақандардың аты Сейсенбі және Сәрсенбі. Қане бірге қайталайық
Суретке қара. Қыз әр аптада немен айналасқанын айт.
Тапсырма орындалып балалар 4 және 5 құртақанмен танысады
Бүл құртақандардың аты Бейсенбі және Жұма. Қане бірге қайталайық
Сергіту сәті: «Қосыл қосыл шеңбер» ойынын ойнау
Қосыл қосыл шеңберге ,
Ең адал дос болып.
Қосыл,қосыл шеңберге
Ең жаман дос болып.
Қосыл қосыл шеңберге,
Ең мейрімді дос болып.
Қосыл қосыл шеңберге
Ең өтрікші дос болып.
4-тапсырма: Апта күндерін ата.Апта күндерін өз үйлеріне орналастырып тиісті номерлерін жапсыр.Апта күндерін сәйкес түстермен боя .(Дәптермен жұмыс жасау)
Тапсырма орындалып балалар 6 және 7 құртақанмен танысады
Бүл құртақандардың аты Сенбі және Жексенбі . Қане бірге қайталайық
Рефлекция: Ақ сұлу ханшайымның құртақандары нешеу екен?