Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы»
ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасы
Магрупова Кырмызы Жумагелдыовна
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясында белгілеген мына ұстанымдар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру қызметінің сапасын арттыру мәселесін шешу жолын айқындайды: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» [1]. Осыған орай, мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұр.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» [2] деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші роль атқарады.
Жас бала дегеніміз ол-ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де, ал балабақшадағы тәрбиеші болса жаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті. Балабақшада әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктерін қалыптастырады.
Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында көрсетілген [3].
Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқыы үлгілеріқалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты- білімде. «Білім бір құрал.Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды»,-дейді А. Байтұрсынов[4].
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына
үлкен әсер ететінін атап өту;
Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары
2.Психологиялық-педогогикалық кеңес беру жұмыстары
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс
4.Диогностикалық талдау жұмысы
1.Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру, ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау.
2.Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы - ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез - құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету. Олар: лекциялар мен әңгімелер, жеке кездесу, психологиялық тест.
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс - ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару. Мұндай бағытқа: ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару, маман дәрігерлермен кездесу, балалардың (ашық есік күні) сабақтарына қатысу.т.б жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
4.Диагностикалық талдау жұмыстары - ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналарын жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата- аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс -пікірлермен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Ұнайды;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
Ата-аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
Ата-аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Тәрбиешілер ата-аналарға ақыл-кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Бір-біріне көңіл бөлу
Тыңдау
Сыйлау
Көзбе-көз қарау
Тиімді орынды таңдау
Әзілді сезіну
Ұрыс-керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Ата-ана жұмысын осылайша ұйымдастырудан қандай нәтижеге қол жеткізуге болады:
Ата-ананың өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білуі.
Балабақшада педагогикалық сенімнің күшейуі.
Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқылы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығының оянуы.
Оқу тәрбие жұмысының ата-анамен бірлескен әрекетінің негізінде одан әрі дамуы.
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін артуы.
Осы жұмыстар іске асқан жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Қорытындылай келгенде «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге» деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай ата-анамен тәрбиеші арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана 2012 ж.
Әбиев Ж.Ә. Педагогика Алматы, 2004
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. -Астана 2013ж .