Просмотр содержимого документа
«"Аяулы анам-жан анам!"»
«Аяулы анам- жан анам!»
Мақсаты: Балаларға көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз туралы түсінік беру. Балалардың бойындағы өнерлерін қысылмай көрсетіп,өздерін еркін ұстауға дағдыландыру,тілдерін дамыту. Аналарды сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
«Балдәурен» тобының «Аяулы анам-жан анам!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Балалар бүгін бізде аналардың,әжелердің,сүйкімді қыздарымыздың мерекесі.
Балалар бүгін барлықтарың сондай әдемісіңдер.
Жүргізуші: Құрметті аналар балалардың сіздерге арнаған әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Мамамның мерекесі»
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгіл?
Балалар: Көктем мезгілі
Жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің аналар мерекесіне қонаққа көктем аруы келіпті. Онда шапалақ қол соғып қонағымызды қарсы алайық.
Музыка ойнап ортаға көктем келеді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар?Бүгін сендер қандай әдемісіңдер.Сендерге қарап қызығып тұрмын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе көктем ,бүгінгі біздің аналарға арнаған мерекемізге қош келдің .
Жүргізуші: Көктем аруы сіз білесіз бе? Бүгінгі біздің аналарға арнаған мерекемізге әдемі қуыршақтар қонаққа келіп қалыпты.
Жүргізуші: Құрметті аналар сүйкімдіде,өнерлі қыздарымыздың сіздерге арнаған биін қабыл алыңыздар.
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші: Көктем біздің қыздар биді қалай билейді екен.
Көктем: Қыздар биді тамаша билейді екен
Жүргізуші: Балалар, біздің алаңқайға гүлдер өсіпті. осы гүлдерді ұлдар жинап, қыздарға сыйлайық.
Ойын: «Гүл жинау»
Жүргізуші: Құрметті аналар балаларыңыздың сіздерге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Айгерім: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған. Абдуллах: Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам.
Бегім: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың,
Айналаайын анашым, жұмысыңа барасың.
Таймас: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Нұрдәулет: Әженіде ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Алинұр: Мамам менің ақ мамам.
Бәрін маған сақтаған.
Зере: Алақай-ау, алқай!
Құстар сайрап,.
Бақтар жайнап,
Гүл атты.
Алуа: Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Мұса: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Мейіржан: Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап-күлем.
Арлан: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге бас иеміз біз!
Малика: Күн шықты күн бүгін,
Мерекелі күн осы.
Нұрали: Әлпештеген баласын
Ана- бақыт, ана- күн.
Айша: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз.
Саян: Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
С.Нұрали: Қуанамыз сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Катя: Мама, мамочка моя,
Я тебе люблю
Я тебе весеннюю
Песенку спою
Радион: Кто любимый всех на свете!
Это сразу скажут дети.
Саша: Обойти весь белый свет
Лучше мамы в мире нет!
Жүргізуші: Балалардың мерекеге арнаған әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Топ топ балақан»
Жүргізуші: Көктем сен сәндену білесің бе?
Көктем: Мен күшті сәндене аламын ғой.
Жүргізуші: Көктем сенің сәнденгенің жақсы бірақ біздің қыздар сияқты сәндене алмайсың.Кәзір біздің қыздар қалай сәндеу керек екенін көрсетеді.
Ойын: «Қуыршақты сәндеу»
Көктем: Балалар ойын ойнайық
Ойын: «Кішкентай көмекшілер»
Жүргізуші: Балалар көктемде аюлар қонжығымен ұйқыдан оянады ғой.Бүгін бізге қонаққа қонжықтар келіпті. Аналар балалардың мерекеге арнаған биін қабыл алыңыздар.
Би: «Аюлар»
Жүргізуші: Біздің топтың қыздары сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймыз. Ұлдар бүгінгі мерекеге сендерге өздері жинаған әдемі гүлдерін сыйлайды,қабыл алыңдар.(ұлдар қыздарға сыйлықтарын сыйлайды)
Жүргізуші:Сегізінші наурызға
Құттықтаймыз ананы
Теңеп оны жұлдызға
Сый тартамыз бағалы-қымбатты әжелер мен аналар балаларыңыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасындағы кәрің де
Сыйынатын болса өмірге құдірет
Сыйынар ем ана деген тәңірге- дей отырып бүгінгі «Аяулы анам- жан анам!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Құрметті аналар! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!