-Балалар айтындаршы қазір жылдың қай мезгілі? -Қыста не жауады? Балалар, мен сендерге қар алып келдім. Енді балалар осы қарды ұстап көрейікші. -Қар қандай екен? -Түсі қандай екен? Балалар қармен тәжірибе жасайық. Қар бөлмеде неліктен ериді? -Балалар жақында бізде қандай мереке болды? -Қыс туралы тақпақ білесіңдер ме? - Балалар біз қардан не жасадық? -Қар неге айналды? Қар-снег Жұмбақ Қанаты жоқ ұшады. Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ ұлиды. (Боран) Бұл не екен? -Қыста күн қандай болады? -Қыс мезгілінде үстімізге қандай киім киеміз? -Балалар тобымызға Айгул қуыршақ келіпті -Кәне Айгүл қуыршақпен амандасып, қандай өтініші бар екенін тыңдайық. Сендермен ойнап серуенге барсам дейді. -Айгүл нені киюді ұмытыпты? -Қыстыкүні далаға жалаңбас шығуға болады ма? -Айгүл бізбен бірге серуенге шыға алады ма? -Балалар Айгүлге бас киім жасап берейік. Бір саусағым тіпті де Ұстай алмайды жіпті де Екі саусақ бірікте Ермексаз қолға ілікті Шебер екен он саусақ Ендеше Айгүл қуыршаққа бас киім жасайық. Бас киім – головной убор Ермексазды жұмсартып екі бөлікке бөлеміз -Алақанға салып айналдыра отырып домалақтаймыз. -Домалақты жалпақтап, бас бармақпен ортасынан бастап, қуыс жасаймыз. -Екіншісін домалақ пішінге келтіріп біріктіреміз. |