Просмотр содержимого документа
«Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымда заттық дамыту ортасы сапасын бағалау моделі»
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
МКҚК №31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы
ЖОБА
«Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау моделі»
АҚТӨБЕ,2017ж.
Жоба орындаушысы туралы мағұлмат
Жобаның авторы: Тажиданова Алмажай Тажидановна
Мекенінің аты: МКҚК №31«Күншуақ»МДҰ
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы,Кленовая 1
Тел: 8(7132) 40 60 52
Жобаның тақырыбы: «Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді
есепке ала отырып,мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы
1.1.Этномәдени және аймақтық білім беру бағдарлмасының міндеттері және қолдану жолдары .................................................................................................5
1.2.Балаларды этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді еске ала отырып, ерте жаста дамытуға арналған заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар......................................................................8
1.3.Мектепке деінгі ұйымдардағы ерте жастағы балаларды жалпы дамуында этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,заттық дамытушылық ортаны құруды талдау және оның өзектілігі...........................9
1.4.Мектепке дейінгі ұйымдардың туғаннан бастап 3 жасқа деінгі( ерте жастың бірінші тобы,ерте жастың екінші тобы) жас кезеңдері бойынша ұйыдастыру жұмыстарының формулары мен әдістері.....................................12
1.5.Ерте жастағы балаларды дамытуға арналған этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыру бойынша қойылатын талаптар....................................................17
1.6.Аймақтық және этномәдени ерекеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау функциялары.......21
1.7.Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері және жүзеге асырылуы......................................................................22
1.8. Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалаудың әдіснамалық тұрғылары .............................................................................................................26
1.9.Заман талабына сай этномәдени білім беру сапасының қажетті факторлары...........................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................30
Кіріспе
Жобаның өзектілігі:
Туған өлке әркімнің өз үйінің табалдырығын аттап шыққанда табаны тиіп, қолымен ұстап,көзімен көріп жүрген жердің тарихы,географиясы,халқы, жеткен жетістіктері мен қиындықтары болып табылады.Әрбір адам неғұрлым өзінің туған жерінің табиғатымен,тарихымен,мәдениетімен етене жақын жүріп,оларды зерттеп білуге құштар болса,олардың жан дүниесі бай,көңіл күйі сергек болады,әр туған жердің,елдің қадір-қасиетін білген адам өзін оның перзенті санап оған жауапкершілік сезіммен қарайды.
Жоба жас бүлдіршінің бойында өзінің туған жеріне,атамекеніне сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді.
Мақсаты:
Мәдени-бұқаралық іс шаралар өткізу арқылы мектеп алды топ балаларының кіші Отанға,туған өлкесі Ақтөбе қаласына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.Балаа бойына өз жерінің табиғаты пайдалы қазбаларға өте бай,сұлу көркем екенін түсіндіру.Ақтөбе обылысында мекендейтін жан- жануарлар,өсімдіктер,құстар туралы толық мағұлмат беру.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекшеліктерін айыра білу,тәуелсіз ел екндігі туралы түсініктерін одан әрі дамыту.Қазақтың салт-дәстүрі,әдет-ғұрптары туралы мағұлмат беру.Салт дәстүрімізді,мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Балаларды өз қаласының және өз елінің халықтық мәдениет көзінің бастауына(шығар жеріне)араластыру.
-Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне деген төлернантты құрметті қарым-қатынасын қалыптастыру.
-Туған жеріне,туған үйіне,жанұясына деген баланың көңілін бұрғызу және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-Мектеп жасына дейінгі балаларды Отан қорғаушыларға деген қамқорлықпен құрмет сезімдеріне тәрбиелеу .
-Балаларды туған өлкесінің әсем табиғатына деген қызығшылықтарын арттыру.
-Табиғат туралы білімдерін одан әрі бекіту.Табиғат көрінісін бақылау,тіршілік иелерін тануда белсенді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
-Қаламыздың көрікті жерлеріне саяхатқа шығу.Қызықты танымдық тапсырмалар беру арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері:
1.Айналамен танысу сабақтарында қазақ халқының салт-дәстүрін таныстыру,әр лексикалық тақырыпқа сай келтіріп,(мысалы:жанұя тақырыбында-тұсау кесу,бесікке салу),жиһаз-ұлттфық жиһаздармен,бұйымдармен,дәстүрлерді қолдан білу.
2.Тіл дамыту саласында :бата,ертегілер,тиым сөздер,өлеңдер т.б үйрету,жаттау.
3.Сурет саласында:киіз үй,оюлар,текемет т.б салу
4.Мүсіндеу:ұлттық ыдыстар т.б жасау.
5.Көркем сөз: (ертегілер,жұмбақтар,тақпақтар,әндер)қазақ халқының шығармашылықтары арқылы тақырыптарды бекіту.
1.Балаларды өз мемлекеті,өз қаласының пайда болу тарихы,көз тартарлық жерлерді,табиғи байлықтары,туған қаласының рәмізі туралы қарапайым білімнің бар болуы.
2.Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне деген шыдамдылық құрметті қарым-қатынасы қалыптасады.
3.Туған жеріне,туған үйіне,жанұясына баланың көңілі бұрылуы қалыптасқан.
1.1.ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Жақын арада пайда болған,соңғы уақытта адамдардың басы бірікпеушілігінің ұлғаюы,оларды«жеке»,жекелену өмірге,тарихты қайтадан жазуға деген ұмтылыстары және үнемі Батысқа теңесуі біздің адамдардың өз еліне деген мақтаныш сезімінің бірте-бірте жоғалуына,оның ұлы өткен тарихын ұмытуына әкеліп соғады.
Сондықтан ,тәрбиелеу процессінің ең маңызы аспектісі заңдық, демокрациялық мемлекеттің азаматы,тұлғаның еркіндігі мен құқығын құрметтейтін,ұлтық және діндік шыдамдылық танытатын жоғары адамгершілік құндылықтың иегері басқа ұлттың мәдениетіне және салт-дәстүріне,тіліне деген құрметті қарым-қатынаста болатын Қазақстанның патриотын тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеттерінің бірі әр баланың шығармашылық қызыметін қамтамасыз ете отырып,аймақтық және ұлттық құндылықтар туралы мағұлмат беру.Балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балаға этномәдени тәрбие беріп,балалармен дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдірісті жетілдіруге мүмкіндік беру.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып заттық дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақтақталған: мектепе дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар дамытушы ұлттық ойыншықтар жүйесін құру; ересектермен балалар үшін ең қолайлы этникалық мәдени ортаны құру мақсатында мектепке дейінгі ұйымның ішкі архитектуралары-жоспарлық шешімін қалыптастыру;мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып,дамытушы ортаны құру қағидаты негізінде педагогикалық үдірісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Негізінде балалардың ұлттық дүниетанымын кеңейту-бала тәрбиесінде басқа салалармен байланыстыра отырып,балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көзделуі шар.Балабақшада балаларды қазақтың салт-дәстүрлері оларды қазақ халқының тарихын білуге,мәдениетін білуге,өнегелі,рухани құндылықтарын табуға екпін істейді.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру жұмыстары әртүрлі жағдайда жүзеге асырылады:әңгіме үстінде,ойын кезінде,сурет салғанда,театр іс-әрекетінде.Этномәдени білім беру бағдарламасының ерекшелігі-бағдарлама балабақшадағы әртүрлі пәндерде(сабақтарда) пайдалынады:айналамен танысу,тіл дамыту,сурет салу,дене шынықтыру,ән сабақтары,мүсіндеу,құрастару,көркем сөз.
Әр сабақтарда балаларды салт-дәстүрмен таныстыра отырып,олардың өнегелі-рухани ұсынымдардың қалыптасуына тәрбиелейміз,өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеміз.Осы орайда қойылған мақсат:салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу жұмысын нығайту,өз халқының дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.Аталмыш жобада біз аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау моделі тақырыбы аясында сөз етпекпіз.
Этномәдени және аймақтық білім беру бағдарламасының міндеттері:
1.Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру және білімдерін қалыптастыру.
2.Балалардың қазақ халқының өнегелі-рухани ұсынымдарын қалыптастыру.
3.Адамгершілік сезімдерін және жақсылық қайырылымдылық,әдептілік туралы көзқарастарын қалыптастыру.
4.Үлкен жастағы адамдарды сыйлауға тәрбиелеу,жанұяда таулыққа,әдептілік сақтауға тәрбиелеу.
5.Туған жеріне,өз халқына,тіліне,тарихына деген сүйіспеншілігін ояту.
6.Әр сабақтарға қызығушылығын арттыру.
Қазақта тәрбие отбасынан,тал бесіктен басталады деп бекер айтылмаған.Бала біздің болашағымыз.Соған орай бағдарламаны айналамен таныстыру,көркем әдебиет,тіл дамыту,сурет саласында,дене шынықтыру,мүсіндеу,ән-би сабақтарында балаларды қазақ халқының өнегелі рухани ұсынымдарын қалыптастыру,адамгершілік сезімдерін,әдептілік туралы көзқарастарын қалыптастыру,туған жеріне,өз халқына,тіліне деген сүйіспеншілігін ояту барысында алып отырмыз.
«Аталар сөзі-ақылыдың көзі»демекші осы мәселелерді игергенде ғана Қазақстан болашағы яғни,балалар нағыз патриот,ұлттық құндылықтармен санасатаын тәрбиелі,өнегелі азамат екенін дәлелдей алады.Тал бесіктен,балабақшадаен ұлттық тәрбие алған нақтылы мақсатты көздеген балалар ұлттық дүниетанымын кеңейтуде жоғары болады деген сенімдеміз. Қазақ халқының салт-дәстүрлері жеткіншек жас ұрпаққа емес,бүкіл халыққа білім-тәрбие турала екені белгілі.Балалар сабақтарда салт-дәстүрді қолдану жолдарын тақырыпқа сай белгілеу керек.
Қазақ халқының өнегелі рухани ұсынымдарының қалыптасуына тәрбиеленуі. Отанына деген сүйіспеншілігін адамгершілік сезімдері артып, әдептілік көзқарастары оянады.
Бүгінгі таңда этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының заттық дамыту орталарына қолданылуы туралы сөз етіп кетпес бұрын,заттық дамыту орталығы туралы мағұлмат беруді жөн көрдік.
1.2.БАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР.
Ерте жастағы балаларды этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып дамытуда заттық-жамытушы орта маңызды фактор болып табылады. Бала толыққанды даму үшін балалар әлемді жарқын,қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет.Ерте жастағы балалар тобында этномәдени және аймақтық ерекшеліктер ескере отырып,заттық-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін қажетті жағдай болып табылады:ұлттық,танымдық және нәтежиелі іс-әрекет,заттық және сюжетті бейнелі әрі ұлттық ойындар.Ерте жастағы балалардың дамуына нормативтік құқықтық құжаттар және аймақтық ерекшеліктер ескерілген заттық-кеңістік дамытушы орта зор мәнге ие.
Бала-ұлы еліктегіш,толыққанды адам,өзінің дербестілігіне бірігей,әуесқой зерттеуші,қоршаған әлемді өзі үшін таңдана және қуанышпен ашушы,әртүрлі белсенді іс-әрекет түрлері үшін оған берілгендердің барлығын пайдалануға ұмтылушы.
Педагогтың мақсаты-әр балаға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру.Өз тобының табалдырығын аттаған және тәрбиешінің қолынан сенімді ұстаған әрбір бала әлемге ашылып өзінің әсем дарындылығымен ерескектерді таң қалдыратын сиқырлы сандық сияқты.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызыметкерлердің міндеті-этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау,өнер тілі мен әлемнің көркемдігін жаңғырту тәсілдерін тану,еркін таңдауда танымық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыру,заттық-кеңістік дамытушы ортаны модельдей алу шеберлігінен құралады.Заттық ортаны этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді еске ала отырып,модельдеу балалардың өзара білім алмасулары,бірлесулері ,өзара қарым-қатынастары үшін жағдай жасайды.Осы себепті,баланың,жан-жақты дамуына өзінің мазмұны және қасиеттері арқылы әсер ететін дамытушы ортаның ерекшеліктерін ұғыну бүгінде маңызды міндет болып табылады.Дамыту ортасы бала топта өзін және өзінің өмірін құрып,өзінің қуанышы мен уайымын өзгелермен бөлісе алатындай,балалар мен ересектердің өзара әрекетінде ең және дәнекер ретінде қызымет ету тиіс.Бұл орта бала қуанып бара алатындай және мейілінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек.Топта әрбір бала өзге тұлғалардың арасында өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай, өзінің жеке мүмкіндігін іске асыра алатындай,өзін жайлы сезінетіндей қоршаған кеңістікті құрастыру қажет.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,заттық дамыту ортасын құрудың мақсаты:балалардың ерте жастан психофизологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.
Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып,заттық дамыту ортасын құрудың міндеттері:
• балаларды ұлттық нақышта жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және
• балаларды этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып, ерте жаста дамытуға арналған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың педагогикалық барысын формалармен және әдістерімен жетілдіру;
•аталған бағыт бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды түрлі үлгілерді жасауға мүмкіндік беру,педагогтардфың ұлттық шығармашылық әл-ауқатын жетілдіру.
1.3.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ДАМЫУЫНДА ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП,ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰРУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Мектепке дейінгі балаларға ұлттық тәрбие берудің басты мақсаттарының бірі балаларда эмоционалдық жайлылық пен психологиялық қорғаныс сезімдерін ояту болып табылады.Балалбақшада балаға өзін жақсы көретіндігін және қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінуі маңызды. Сондықтан,тәрбие үрдісі жүретін орта қажетті және маңызды болып табылады.
Білім беру ортасы-ұғымы-психологиялық және педагогикалық ұғымдарының қалыптасуы үшін қазіргі таңда маңызды ұғымдардың бірі ретінде белсенді ретінде дамытылуда.Осы жерде психологтармен айқындалған қанағаттану мен дамудың негізгі қажеттіліктері мен мүмкіндіктері аса маңызды:физологиялфық қажеттіліктер:қауіпсіздіктегі қажеттіліктер ;топтық нормалармен мен идеаларды меңгерудегі қажеттіліктер және т.б.
Тәрбиелеу үрдісі екі бағыт бойынша жүзеге асырылады.Бірінші жағынан,тәрбиеші балалардың оны қоршаған (балабақшадағы,отбасындағы) адамдар туралы түсінігін байытады,олардың іс-әрекеттерін,сезімін түсінуге, оларға эмоционалдық ықыластылығын білдіруге көмеуктеседі.Екінші жағынан,тәрбиеші балағы өз сезімдері мен уайымын ұғынуға көмектеседі, бала өзінің әлеміне енуі үшін өзіндік тәжірбиеге ие болады.
Баланың дамуындағы қажетті жағдай оның психологиялық жай-күйі ған емес,сондай-ақ оның физикалық дамуы мен денсаулығының нығаюы болып табылады. Ол үшін топтың этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық- дамытушы ортасы балаларға ұлттық ойындар ойнау және жеке қосалқы топтармен сабақ өту мүмкіндіктерінің есебімен ұйымдастырылады, ал мәдени құралдар мен ұлттық ойыншықтар балалардың еркін қозғалуына кедергі жасамауы тиіс.
Тәрбиешінің міндеті- балаларға этно мәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,қолайлы жағдай жасау, ұтымды қозғалыс тәртібін ұйымдастыру,әртүрлі мәдени белсенді іс-әрекеттер мен демалыстың жүйелі алмасуымен баланың жалығуының алдын алу.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып, мектепке дейінгі білім беру деңгейін жаңарту педагоктың балалармен жеке тұлғаға бағдарланған өзара әрекеттерге өтуін, педпгокикалық үрдістердің дараландыруын қамтамасыз ететін оның вариативтілігін қарастырады.Әрбір баланың қайталанбастығы мен бірегейлігін ескеру,оның жеке қызығушылығы мен қажеттіліктеріне қолдау көрсету педагоктарға тәрбиелеу мен оқытуда жеке әдісті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Оның шарттарының бірі этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымдарға кеңімтікті құру болып табылады.
Мәселенің ғылыми-әдістемелік деңгейдегі өзектілігі этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балаларды дамыту үдерісін оңтайлы қамтамасыз ететін заттық-дамытушы ортаны құру моделін іздеу, дайындау жане меңгеру қажеттілігінен туындайды.Мәселеге қатысты зерттелген әдебиеттер таңдауы ерте жастағы балалардың балалабақшада өмірін ұымдастыру мәселесімен Н.М.Аксарина, К.Л.Печора,Э.Л.Фрухт және басқалары айналысқаның көрсетті.Ерте жастағы балаларды дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін Л.С.Выготский,М.П.Денисова,Л.Т.Журба. В. Запорожец,М.И.Лисина, Е.М.Мастюкова,С.Ю.Мещерякова,С. Мухина, Ж.Пиаже, Н.М.Щелованов, Д.Б.Эльконин және басқалары зерттеген.
Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру мәселені бірқатар белгілі психологтар мен педагогтармен дайындалады(О.В.Артамонова, Т. Н. Доронова,Л.М.Кларина,В.И.Логинова,С.Л.Новоселова,Г.Н.Пантелеев,Л.Н.Пантелеева,Л.А.Парамонова,В.А.Петровский,Л.А.Смывина,Л.П.Стрелкова).
Жүргізілген талдау бойынша төмендегілер арасындағы қарама-қайшылықтарды атап көрсетуге мүмкіндік береді:
Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып,мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық-дамытушы ортаның бала тұлғасының,дамуын әсер ету маңыздылығы мен мәселенің әдістемелік әдебиетте жеткілікті қарастырылмағандығы;
Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып,мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балаларды дамыту үдерісін оңтайлы қамтамасыз ететін заттық-дамытушы ортаны құру моделін іздеу,дайындау және меңгеру қажеттілігі мен тиісті әдістеменің болмауы.
Айқындалған мәселенің өзектілігі мен көрестілген қарама-қайшылықтар «Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,ерте жастағы балалар үшін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру» атты біздің әдістемелік ұсыныстар тақырыбын анықтады.
Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы орта-мектепке дейінгі тәрбие мен оқтудың жалпыға міндетті үлгілік бағдарламасының талааптарына сай баланың рухани және физикалық бейнесінің дамуын функционалдылығын модельдейтін бала іс-әрекетінің материалдық обьектілерін мен құралдарының жүйесі.
Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып,заттық-дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
•ортаның жартылай функционалдылығы: Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып,тәрбиелеу-білім беру үдерісінің барлық құраушылығын қамтамасыз ету тиіс;
•ортааның жартылай функционалдылығымен байланысты оның түрленуі-бұл жағдай бойынша бірінші ортаға Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып құрылған кеңістіктің қадай да бір функциясын шығаруға(белгілі бір кеңістікке функцияны бекітетін монофункционалды зоналауға қарағанда) мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;
• Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып құрылған вариативтік,заманауи білім беру үрдісінің сипатына педпгог-практиктермен дайындалатын ортаның нақты нұсқалары,түптұлға ретінде мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері үшін модельдік нұсқаларды нақтылайтын Этномәдени және аймақтық ерекшелікті есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортаның шекті жобас ұсынылуы тиіс;
1.4.МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТУҒАНАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ (ЕРТЕ ЖАСТЫҢ БІРІНШІ ТОБЫ,ЕРТЕ ЖАСТЫҢ ЕКІНШІ ТОБЫ) ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ БОЙНША БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Баланың дамуы педагогпен ұйымдастырылатын оның ерескетермен және қатарластарымен әртүрләі нысандағы қарым-қатынасының мазмұнды іс-әрекетінде жүзеге асатындығы мәлім.Ол үшін баланың айналасында этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып арнай педагогикалық орта құрылады.Осы ортада мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік физикалық функциясы дамиды, сенсорлық дағдылары қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйретеді, ересектермен, қатарластарымен өзара эмоцияналдық-партиялық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады, ұлттық құндылықтар туралы негізгі ұғым мағлұмат алып, этномәдени және аймақтық ерекшеліліктерді ескере отырып тәрбие алады.Мектепке деінгі ұйымдарда этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта (топта) әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге,жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді.Алайда, барлық ортада дамушы орта бола бермейді.Білім беру ұйымдардағы балалар үшін ұйымдастырылған кеңістік жеке шығармашылық қабілеттерін көрсетуге кедергі, не олардың дамуына ынта бола алады.Топтық кеңістікте этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып заттық ортаны ұйымдастыру кезінде педагогтағы әрбір баланың тұлғалық негізгі сипаттырының қалыптасуына, оның қызығушылықтары мен қабілеттерінің дамуына көмектесетін барлық жағдайды ескеруі тиіс.Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған Заттық-дамытушы орта тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, оқу кезеңі және педагогтармен іске асырылатын бағдарламаға байланысты өзгеру керектігін естен шығармау қажет.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді еске ала отырып құрылған заттық-дамытушы органы құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет :
•Орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырыушы, коммуникативтік функциясын атауға тиіс.Этномәдени жаәне аймақтық ерекешеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортаның топтасуы балалрдың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидасына сай болуы тиіс;
•Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Ортаның баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
• Ұлттық заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;
•Ұлттық декор элементтері оңай аусуы тиіс;
•Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;
•Топтық кеңістікте этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық ортаны ұйымдастыра отырып , психикалық даму заңдылықтарын, оларды денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;
•Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;
•Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;
•Топтың этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Балалардың өз бетімне іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған дамытушы-заттық ортаны құру қажет:
• ойын зонасы;
• оқшаулану зонасы;
• заманауи ұлттық ойыншықтар;
• дамытушы ұлттық ойындар;
• дидактикалық және көрнекті материалдар;
• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;
• шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;
• эксперимент жасау бұрышы;
• табиғат бұрышы
• логопедиалық бұрыш;
• фонотека, видеотека;
• ұлттық бұйымдар бұырышы;
• спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.
Топтар кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді:
• тыныш оқу, “ оқшаулану“, кітап бұрышы;
• орташа қорқынды: театрланған музыка, құрастыру зонасы;
• қарқынды қозғалыс зонасы:спорт бұрышы.
Топтар кеңістігі аясында шартты түрде баланың барлық қызығушылықтарын қамтитын ойын және тақырыптың зоналарын атап көрсетуге болады:
•көркем-эстетикалық даму зонсында сурет салу,балаларға арналған мәдени көркем әдебиеттер,ұлттық музыкалық аспаптар,шығармашылық «Қабырға»,ұлттық декоративті-қолданбалы өнер туындыларының үлгілері және т.б бар;
•«Зертханада»тәжірбие өткізге арналған материялдар бар;
•театрланған зонада әртүрлі театр қуыршақтары,маскалар ұлттық декорация,шиырмалар бар.
•әлеуметтік-эмоционалдық даму зонасы айна жүйесі,пиктограмма,ойын материялдарының қарапайым сюжет болады;
•мектепке дейінгі ұйымның негізгі білім беру бағдарламасының талаптарына сай этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған экологиялық тәрбиелеу зонасында өсімдіктер,жануарлар,табиғи зона макеттері көшірмелерді дайындауға арналған әртүрлі табиғи материал, экология дамытушы ойындар және т.б болады.
•ұлттық сюжеттік-рөлдік ойындарға арналған ойын зонасына ұлттық ойын кеңесінің модель-макеттері,сәндеу бұрышы кіреді;
•құрастыру зонасы ірі еден үсті,ұстақ үстел үсті құрастырғыштың,ұлттық ойын ойыншықтары,құрастыру сызбалары,жол қозғалысы,қауіпсіз өмір сүру ережелері бойынша материялдың болуы қарастырылады;
•«оқшаулану бұрышы»
Қозғалысты дамыту зонасы үшін ұлттық спорт кешені,балалардың физикалық даму үшін стандартты емес жабдықтар қажет.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортаны құра алау мүмкін емес.Бұл ашық,балалардың өсу үдерісінде үнемі өзгеретін үдеріс.Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық дамытушы орта егер балаға жастың генетикалық меңгеркге көмектессе,дамытушы болып табылады.
Ерте жастағы бірінші топтағы (туылғаннан 1 жасқа дейін) этномәдени және амақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы орта балалар үшін ұйымдастырылады,сондықтан ,барлық қоршаған ұлттық заттар олардың бойына,қолын және физологиялық мүмкіндіктеріне сай шамалас болуы тиіс.Ойын бөлмесі бір түс гаммасында(сары,жасыл,көк)рәсімделеді.
Туылғанана бір жасқа дейінгі балалар топтарында этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған кеңістік ортаны ұйымдастыру жеткілікті түрде кеңінен,жақсы қарастырылатын ету мүмкіндіктеріне есептелуі тиіс.
Туылғаннан бір жасқа дейінгі балаларға арналған топтарда келесіні қарастыру қажет;3-4 жазық баспалдағы мен еңісі бар,қоршаулануды қарастыратын,биіктен құлауды болдырмайтын (әдетте терезе жанында) төбешік.Төбешік астында қозғалтқыш ұлттық ойыншықтар орналастырылады(ірі машиналар жиынтығы);ленталы дидактикалық үстел (тік бұрышты,сопақ,кресттәрізді болуы мүмкін)-оған барлық жақтан жақындауға болатындай болуы тиіс;сондай-ақ,төбеде кеңістікте координацияны және орнықтылықты дамытатын әрә ұлттық ойыншықтарды, түрлі-түсті ленталарды,қоңыра,әткеншектіжәне т.б ілуге арналған топсалы құрылғы ұсынылады;биік емес сопақ шағын қақпалар(поролондық модельдерді де болады),аласа банкеткалар ұсынылады.
Ерте жастағы (туылғаннан 1 жасқа дейінгі )балалар этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық,ойнау кеңістігінің 2\3 бөлігі ұлттық дидактикалық ойыншықтармен толтырылған.Топтарда балалар үшін педагог ұлттық ойыншықтарды жайып қояды,бірақ жағдаяттық ойын көріністерін жасамай,балаға ұлттық ойын әрекеттерін орындауға,ойын жағдайын ашуға көмектеседі мысалы:аюды бесік арбаңға отырғызып оны қыдырту,немесе бесікке бөлеп тербету.
Ұлттық ойыншықтар:ірі,бала бойына жететін;біртиптік:5-6 бірдей үйрек балапандары,ұлттық киім киген қуршақтар және т.б ;орта мөлшері;көлемі, пішіні,түсі бойынша әртүрлі:үлкен аю,кішкентай аю,ақ мысық,қара мысық;ермек ойыншықтар.
Жылдың соңында енгізіледі:«Заманауи ұлттық ас үй» плита үстіндегі шәйнек,кастрөлмен қатар ұлттық нақышта безендірілген астаулар және ағаштан жасалған ұлтаймақтық ыдыс аяқ;қуыршақты шомылдыруға арналған ванна не аюлармен әрленген табақтар;баланың бойы жететін айнамен «киім-кешек» бұрышы (орамалдар,алжапқыштар,ленталар); жанында ұлттық музыкалық ойыншықтар орналастырылады:домбыра,қобыз, жетіген, қоңыраулар;табиғат бұрышы:2-3 ірі жапырақты өсімдіктер(бегония,фикус)
Ерте жастағы екінші топта этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-даму ортаны ұйымдастыру (1 жастан3 жасқа дейін ).
1 жастан 3 жасқа дейінігі балалар топтарында қоршаған қоршаған ортаға бірте-бірте өзгерулер енгізілуде.
Ойын бөлмесі үстелмен,ірі жиһазбен толып тұрмауы тиіс.Қабырғадағы суреттердің тақырыбы өзгертіледі :олар қандай да бір ұлттық сюжет көрсетуі мүмкін.Бастысы,сурет ұлттық сюжетті балаға түсінікті болуы тиіс,сурет ересек адамның түсіндірлуімен,салыстырмалармен қарастырылуы және көрінетіндей орналасуы тиіс.Мысалы,бала өмірінен ұлттық мәдени көрініс немесе ағымдағы жыл мезгіліне сәйкес келетін пейзаж.
Ерте жаста жеткінші әрекеттер сюжеттік-рөлдік ұлттық ойындар болып табылады.Бұл жаста орта көлемді ойыншықтардың бәрі сәбиді қоршаған кеңістікті әрқалай пайдалануға,ашық әрі мазмұнды ұлттық сюжет құруға мүмкіндік береді.
1.5.ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЭТНОМӘДЕНИ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы орта-бұл бала әрекетінің материалдық нысандар жүйесі,балалардың әртүрлі әрекет жасауды қамтамасыз ететін әлеуметтік, ұлттық және заттық құралдардың тұтастығы. Балабақшада этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтарының барлығына қызымкті қажет.Себебі ұлттық ұлттықт ойыншықтарының алуандығы бала дамуының негізгі шарты болып табылмайды.Педагогтар орта құру барысында ең алдымен оның дамытушы нгеізгі шарты болып табылмайды.Педагогтар орта құру барысында ең алдымен оның дамытушы сипатын мән беру керек.Заттық әлем балаға белсенді және жан-жақты әрекеттерінде қажеттіліктерін іске асыруын қамтамасыз ету тиіс.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы орта баланың құрдастарымен және педагогтармен ұлттық эмоционалдық және тәжірбиелік өзара әрекеттестік тәжірбиесін байытуға,белсенді танымдық әрекеттерге топтағы барлық балаларды тартуға мүмкіндік берді.Орта ұлтаймақтық дербестікті,бастамалықты дамытуды ынталандырады,онда балалар өз қабілеттерін жүзеге асырады.
Балалар қоршаған ортаның ыңғайлы әрі эстетикалық тұрғыдан әсем болуы этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып топтық дамытушы ортаны құруда өте маңызды.Әдемілік баланы қалыптастырады. Сондықтан,бұрыштардың ұлттық эстетикасына назар аударған жөн.Оның безендірілуі балалар үшін тартымды болып және оларды дербес әрекет жасауға ынтаны туғызуы керек.Сондай-ақ,балалар бұрышта тазалықты сақтауға және ұлттық ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйрету керек.
Баланың дамуы-тәрбиелеу мен оқыту үрдісі барысында,ересектермен және құрдастарымен алуан түрлі формадағы педагогтардың Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып ұйымдастыратын белсенді қарым-қатынаста ,мазмұндық әрекеттерде іске асырылады.Баланың айналасында,ол өмір сүретін және білім алатын арнайы Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке алына отырып заттық дамытушы ортасы құрылады.Бұл орта мектепке дейінгі жастағы бала өз физикалық қызыметтерін дамытады,ұлттық сезімталдық қабілеттерін қалыптастырады, өмірлік тәжірбие жинайды,түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға үйренеді,өзі тәжірбиеде үйренеді.
Балалар мен ересектердің тұлғалық-бағытталған өзара әрекеттестігі негізінді Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылғанзаттық-кеңістік дамытушы орта әр балаға тең бастамалық мүмкіндіктер беруі тиіс,оның шеңберінде тұлғаның жүйелік дамуы іске асырылады.Алайда түрлі мүмкіндіктер бірдей дегенді білдірмейді.Дамытушы орта оның құрылуынан бастап әр бала үшін нұсқалық,көпфункционалды, бейімделген және қолжетімді болуы керек.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық орта мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жобалаеуы тиіс.Бұл ретте педагог топтың ұлттық ерекшеліктерін ескеруі,жалпы балалар тобын және әр баланың дербес ерекшелігін,олардың қызығушылықтарын,қабілеттері мен тілектерін білуі тиіс.
Осылайша Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы ортаның маңыздылығын түсіне отырып біз оның ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды анықтадық:
•балаларды ұлттық құндылықтарды ескере отырып қызымет етуге,өзін жақсы сезінуге ,денсаулыққа және дүниені сезінуге,оң әрекеттер жасауға үйрету;
•баланың толық және уақытылы дамуын, бала мен аймақтық қоршаған орта арсында үйлесімді қатынасты,ыңғайлылылықты қамтамысыз ету;
•балалардың жас және жеке ерекшеліктерін барынша ескеру.
Топта қандай да бір нақты ұлттық бұрыштардың немесе дамытушы орталардың болуына нақты қатал талаптар,жабдықтардың бекілілген тізімі жоқ.Топтық ұлттық ойын бөлмесіндегі қоршаған орта педагог пен балалардың даралығын көрсетеді,ол қайталанбас және дербес.Заманауи этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру баланың тұтас дамуын қамтамасыз етеді.
Балалның этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық заттық әлемінде ұлттық ойыншық ерекше орынға ие.Ол ұлттық ойында дос,әріптес,әңгімелеуші болып келеді.Қуыршақ терапиясы сенімсіздікті,ұялшақты жеңі,эмоционалдық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу сияқты маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Ұлттық ойын және ойыншық өзара ажырамас бөліктер.Ұлттық ойыншық ұлттық ойынды өмірге келтіред,ал ойын дамып,жаңа ойыншықтарды талап етеді.Ұлттық ойыншық танымдық қатынаста бала үшін қоршаған материалдық шынайылық жалпылама эталоны ретінде шығады.Ұлттық ойыншықтар тақырыптық көркемдік мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін,бірақ олардың бәрі нақты педагогикалық талаптарға сай болуы тиіс.
Осы талаптардың бастылары жас ерекшеліктеріне және ұлттық ойыншықтардың,ойынның әр түрлілігіне,сәйкестігіне қатысты.Әр жаста балаға тақырыбы мен мақсаты бойынша алуан түрлі ұлттық ойыншықтар қажет:сюжеттік,техникалық,ойыншық еңбек құралдары,ермек ойыншықтар,театралдық,музыкалық,спорт ойыншықтары.Белсенділікті және дербестікті дамыту үшін шынайы заттардың арнайы функцияларын бөлуге мүмкіндік беретін ойыншықтар қажет,ойыншықтардың көлемі,олардың бала қолының өлшеміне (ұлттық нақышта әрленген қасық,тәрелке,үтік,астаулар және т.с.с. ойыншықтарға),оның бойына сәйкестігі (қуыршақ жиһазы,машиналар,бесік,домбыра,қобыз және т.б.),(ұлттық киім киген қуршақта,аюлар және т.б.)маңызды.
Этномәден және амақтық ерекшеліктерді ескере отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы ортаға келесілер кіреді:ірі ұйымдастырушы ұлттық ойындар ойнау алаңы,ұлттық жабдықтар,ұлттық ойыншықтар,түрлі атрибутта,күні бойы балалардың әрекеттеріне қажетті материалдар.Осы бойы балалардың әрекеттеріне қажетті материалдар .Осы құралдардың барлығы абстрактілі кеңістікте емес,топтық ойын бөлмесінде орналасқан.
Топтық ойын бөлмесінде келесілерді қарастырған жөн:
•дидактикалық материалдармен ойнауға арналған орын;
•қозғалғыштармен,құрылыс материалдармен (ұл балалардың жие ойнайтын ойындары үшін )ойнауға арналған орын;
•қуыршақтар мен сюжеттік ойыншықтармен (қыз балалардың жие ойнайтын ойындары үшін )ойнауға арналған ойнау кеңістігінің 2\3 бөлігі.
Бұл ретте келесі ережені есте сақтау қажет:балалардың назарында ұлттық ойындар,ұлттық ойыншықтар,әдістемелік құралдар мардымсыз болуы тиіс!
Әдістемелерді,жабдықтарды,ұлттық дидактикалық ойындарды, материалдарды шартты түрде үш санатқа бөлуге болады:
•«БҮГІН».Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныса бастайтын материал,ересектермен өзара қарым-қатынаста басқа формаларда болады.
(Ел символикасы,халықтардың алауындағы,жануарлармен өсімдіктер әлемі және т.б.)
•«КЕШЕ».Зерттелге,танитын,жеке тәжірбиеде қолданылға,күнднлікті өмірде жаңа білім алу үшін пайданылатын материал.
• «ЕРТЕҢ».Жақын арада танысуға тұратын мазмұн.
Осылайша этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған дамытушы орта білім беру,дамытушы,тәрбиелеуші ынталандырушы ұйымдастырушы,коммуникативтік функцияларды атқаруы тиіс.Бірақ ең бастысы-ол баланың дербестігін және өнерпаздығын дамытуға жұмыс жасауы тиіс.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістік дамытушы орта ерте жастағы балалардың дамуының маңызды факторы болып табылады.Баланың толықтай дамуы үшін балалар жарқын,көркем өмірді қабылдай алатындай жағдай туғыз қажет.
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық ортаны модельдеу балалардың өзара әрекетесуіне,ынтымақтасуына, өзара білім алуына жағдай туғызады.Егер ортада жанында мәдени-танымды; дамудың жоғары деңгейі бар балалар болса,онда олар шығармашылық импровизацияға айналдырып,қызық модедельдер,көріністер құрастыра алады,немесе керісінше,егер онда сенсорлық тәжірибенін даму деңгейі төмен балалар болса,онда ортада шоғырланған элементтік көріністер оларға дәл солай сәтті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаның балаға әсер етудің нәтижесі оның бұл ортадағы белсенділігімен түсіндіріледі.Мектепке дейінгі ұйымның педгогиялық үдерісін ұйымдастыру баланың тек топтық бөлмеде емес,бүкіл балабақша бойынша еркін қозғалуын қарастырады.Балалардың кеңістікпен уақытты еркін уйрену қабілет оларға мектеп өмірінің ерекшеліктеріне бейімделуіне көмектеседі.
Ерте жастағы балалар тобында этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру баланың жан-жақты дамуы,жетекші әрекет түрлерін дамыту үшін маңызды шарты:заттық жан сюжеттік-бейнелі ұлттық ойындар,танымды;және жемісті әрекеттер болып табылады.
Балабақшада этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында мектепке дейін ұйым педагогтарының күрделі,көп жоспарлы және жоғары шығармашылық қызмет қажет
Мақсатта бағытталып ұйымдастырылған этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы орта баланы үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде маңызды рөл атқарады.
Құрылған эстетикалық орта мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезім оятып,балабақшаға деген жағымды эмоцмен білімдерінионалдық қатынасты, оған бару ниет
Тудырады,жана әсерлері мен білімдерін байытады,белсенді шығармашылық қызметке шақырады балалардын зианкерлік дамуына көмектеседі.
1.6.АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘНЕДИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУ ОРТАСЫ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Аймақтық және этномәдини ерешіліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның затық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімінің қызметі іс-тәжірибелік түрде іске асыруылуы,мектепке дейінгі ұйымда білім беру сапасын бақылау мен бағалау жайлы барлық рәсімдерді жүзеге асырутәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлгінің және Құрлық Әскери инстутының норматмвтік құқықтық келісімдеріне сәйкес құрылады.
Аймақтық және этномәдини ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасың бағалауға;мәліметтерді жинау жүйесі және алғашқы өндеу,білім беру сапасың талдау және бағалау, білім беру сапасың талдау және бағалау білім беру ұйымдарының барлық субьектілерін статистиқалық және талдаулық ақпаратпен қамту жүйесі жатады.Қызмет әр компонент бойынша аймақтық және этномәдини ерекшіліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалауды іске асыру уақыт тәртібмен анықталады.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімі қызметінің негізгі мақсаты:білім беру сапасының ахуалы,оның өзгеру үдерісі және оның деңгейіне әсер тигізетін себептері туралы әділ ақпарат алу,және ұлттық білім беру сапасын жақсарту мен әртүрлі пайдаланушы топтардың хабардар және тұнық болу деңгейін жақсарту мақсатында басқару шешімдедрі қабылдауға арналған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жіне өтуізу,оқу-әдістемелік және құрылымдық бөлікшелердің бақылау-бағалау қызметін үйлестіру болып табылады.
1.7.АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУ ОРТАСЫ САПАСЫН БАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері:
•мектепке дейінгі ұйымдардың барлық субьектілері тарапынан ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапсының мемлекеттік стандартын қамыту және сапалы білім алуға мұқтаждығын қанағаттандыру;
•мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасын басқаруын бақылыу және талдап сүймелдеу;
•ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың дамыуының негізгі үрдісінің ахуалын анықтау,сараптау,бағалау және болжау;
•ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасын жақсарту мәселелері жайлы басқару шешімдерді ақпараттық қамту;
•аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепкеи дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау жүйесінің біркелкі ақпараттық-технологиялық базасын әзірлеу;
•жинаған ақпараттардың бағын айқындау және оны басқару шешімдерді қабылдаудағы ақпараттық негізі ретінде пйдалану технологиясын әзірлеу;
•оқу және басқа да құрылымдық бөлікшелердің,қолбасшлық және тәрбиешілер құрамының рейтенгісін айқындау.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау қазіргі қолда бар бақылау рәсімдер және сараптамалық мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бақылау арқылы жүзеге асады:
•әр қилы үйрету сатыларындағы балалардың білім алу жетістіктерін бақылау жүргізумен;
•балалардың шығармашылық жетістіктерін талдаумен;
•қолбасшылық және тәрбиешілер құрамын аттестаттау нәтежиелерімен;
•балабақшаны мемлекеттік атестаттау барысындағы өзіндік талдау нәтежиелерімен;
•балабақшаның ішкі бақылау жүйесімен (құрылымдық бөлшектер,жанжақты,жекеше,ағымдық және қызыметтік тексеру);
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімі мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалаудың нақты тұжырымдамасын құрады,аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау мен бақылау рәсімінің жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау мәселелермен байланысты әр түрлі құрылымдардың жұмыстарын үйлестіреді,білім беру дамуының ахуалы мен үрдісін анықтайды,білім беру сапасын жетілдіру бойынша басқарушылық шешім қабылдайды.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілер балалардың жетістігінің сапасын бағалауының өздеріне меншікті жүйесін қалыптастыруын көмекпен қамтиды,тәрбиешілер қолданысындағы мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалаудың жекеше жүйесінің сараптамасын жүргізеді.
Мақсатты талдау топтары (комиссиялар) қолбасшылық және тәрбиешілер құрамын аттестаттау барысында олардың өнімділігі мен кәсіпқойлығын бағалауға қатысады.
Білім сапасын арттыру және нтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік станарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,ақпараттық-коммуниктивті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады.Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес,іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытуың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жасқсаруы қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,ең алдымен,педагог кадрлардың мәртебесін арттыру,олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі,оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету,сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыдарлы саясаттар,өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,өөткені мен бүгіні,келешегі мен болашағы жайлы толғануына,жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.Олай болса,білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім бру жүйесіндегі пеагогтердің,зиялылар қауымының деңгейіне байланысты Дәстүрлі білім беру жүйесінде педагогтердің,зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беру оқыту орындарының басты мақсаты-мамандарды игерту ғана болса,ао қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып,бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтежиеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.Жалпы алғанда «Құзырлылық»ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова«Құзырлылық ұғымы -соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтежиесінде ендіріліп отырылған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан-жақаты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып,қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді»деп көрсетеді.Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «...өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын-құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса,Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз-педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы».
Латын тіліндегі «компетенс»сөзін ғалым К.Құдайберенова «Құзырлылықты білімін,біліктілігін,дағдысын,тұлға мінез-құлқын,ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толыққ аша алады.Олай болса,құзырлылық ,нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалы критерий ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет»деп жазса,Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа баытталған оқыту үрдісіне тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды.Осы жағдай біліктілігі арттырудаға екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады.Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру -басты мақсаты»деп көрсетеді.
К.Құдайбергенов «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілетті,білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретіндеал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне,даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық,теориялық,практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады»деген тоқтам жасайды.
Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамытуды бірден бір жолы-балалардың оқу іс-әрекеті нәтижесін бағалауда жаңа инновациялық тәсілдерді тиімді қолдану болып табылады.Тәрбиешілерді бағалау дағдысының дамуы педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді.Егер бала ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қызығушылықпен,ынтамен жұмыс істейтін болса,бала өз іс-әрекетін өзі бағалай алатын болса,онда оқу іс-әрекетінің сапасы да артады,алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндіктер ашылады.Мектепке дейінгі ұйыда баланы жан-жақты дамытудың кез келген бағдарламасы түптеп келгенде білімнің сапасын арттыру мәселесіне бағыттлаған.Қазіргі уақытта балалардың оқу іс-әрекеттерінің жетістіктерін бағалау,білім нәтижесін анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылып жүр.
Осы уақытқа дейін бала білімі шынайы бағаланбаған.Яғни,бала жұмысын өзара салыстыру арқылы өлшеп келгеніміз шындық.Оқу әрекеттерін осылайша бағалау нәтижесінде,балалардың сыни тұрғыдан ойлай алмайтындығына әкелді және алған білімін кеңінен қолдана алмай,бәсекелестікке қабілетсіз болып отырғаны бәрімізге аян.Қазіргі таңда оқудағы жетістік деп отырғанымыз-білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде әрекетке негізделінген оқыту танымдық белсенділігі жоғары,кез келген тапсырмааны орындуға қабілетті құзырлы тұлғаның қалыптасуы.Балалардың білімдегі жетістіктерін бағалаудың басты мақсаты -оқу бағдарламасын игеру деңгейіне қойылатын талаптардың орындалуын анықтау болып табылады.Балалар өз жұмыстарын бағалау үшін параметрлерді,яғни табыс қадамдарын белгілеу қажет.Жұмыстарды бағалау талаптарын алдын-ала айқындап алатын болсақ,балалардың өз жұмысын «қалай» орындау керек екендігін біліп,табыс қадамына жетуге талпынатынын сабақ барысында көруге болады.Бұл оқу іс-әрекетін үдерісінде балалар жұмысының сапасын арттра бастайды.
[балалардың түрлі ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің орындауының қадағалау]
Қазіргі таңда әлемдік педагогига мойындаған бағалаудың алты қағиғасы критиреалды бағалау жүйесінде де кеңінен сақталады;
Маңыздылық
Бағалау үшін күтілетін нәтижелердің ең маңыздысын таңдап алу қажет,өйткені бағалауа уақыт,күш және басқа да ресустар шағындалады,
Дәлдік
Балалар меңгерген білім,білік дағды қалай бағаланатының алдын-алу білу керек,бағалау құралы дұрыс таңдау қажет
Обьективтік (Дәлелдік)
Бағалаудағы шынайылықадалдық,дәлдікке нақты талаптар,критерийлер арқылы жетуге болады.
Жариялық
Бағалаудың талаптары мен тәсілдрі тәрбиешілерге алдын-ала хабарлануы
Керек.Тәрбиешілер қандай білім және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.Яғни,басшылар бағаау жүйесін алдын-ала ойластырып,олар тәрбиешілерге түсінікті болу керек.
1.8 АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ИЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУ ОРТАСЫ САПАСЫН БАҒАЛАУ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТҰРҒЫЛАРЫ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру жолдарын қарастырған ғалым О.А.Сафанова:Мұнда пән аралық байланысты:кибернетика,синертгетика,ситауациялық және кешенділік тұрғыда пайдаланған.Мектепкемдейінгі білім беру сапасын арттыруды басқару обьектісіретіндегі кіріктірілген моделін жасаған.Мектеепке дейінгі ұйымдарды басқару сапасын арттырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеген. Сондай-ақ,білім мазмұнын қамтамасыз ететін ұйым ретінде жаңа білім мазмұнымен және оның негізгі принциптерін айқындаған.Осы принциптерді басшылыққа ала отырып ,білім мазмұны заман ағымына,қоғам дамуына сәйкес үнемі өзгеріс үстінде болып,жаңартылып отыруы заңды құбылыс.Бұл һзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуға ықпал ететіп,педагогикалық,ұжым тарапынан өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі,маңызды факторларды атап айтуға болады:
-баларға арналған арнай дамытушы ортаның жабдықталуы және оңтайлы мүмкіндіктердің жасалуы,білім беруде жеке тұлғаның қажеттіліктерінің ескерілуі;
-білім берудің жалпы адамзаттық құндылықтары мен гуманитарлық бағыттарының тереңдетілуі оның әмбебаптылығы,қоғамдағы білім берудің ингерациялануы нарықтық эканомиканың дамуы әлеуметтік қажеттіліктің көбеюі білім берудің азаматтық қызметінің рөлінің көтерілуі жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талптың жоғарылығы білім беру мазмұны мен оны меңгерутәсілдері педагогтің балалармен өзара әрекеттерінің типтері мектеп жасына дейінгі балалардың қмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы мамандармен қамтамасыз ету және материалдық базаны жабдықтау,оқу әдістемелік,қаржылық қорларды нығайтуы білім беру үдерісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік сауықтыру бағыттары білім беру үдерісіне психалогиялық қолдау көрсетілуі педагогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі педагогикалық ұжымның әлеуметтік инститтутармен өзара әрекеттері балаларды тәрбиелеу,оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі ұйымдармен отбасының бірлескен әрекеттері мектепке дейінгі ұйымдарыды иновациялық басқарудың ұйымдастыруы,
Мектепкедейігі білім мазмұнын жаңарту-негізінен білім мазмұнының мәнін ашу және оны дұрыс таңдай білу,білім мазмұнын жүйелеу ,білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс-тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана білумен де тығыз байланысты.Қазақстан Республикасында білім мазмұнын ізгілендіру тенденцияларны айқындай отырып, соңғы жылдардағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім мазмұнын жүзеге асыру барысыа байланысты ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе,білім беру құрылымы мен мазмұны этномәдени бағыт ала бастағандығы байқалады.Ақпараттар ағымы дәуірінде білім мазмұны тез ескіріп, үнемі жаңартуды және оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін жаңартуды талап етеді.Бұл білім беру саласындағы шешімін табуда кезек күттірмейтін негізгі мәселелердің бірі.Білім мазмұны оқу материалдарының мазмұнын ғана емес оны балаға жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларына және тәрбиелеу мен білім беруде баланың ақыл-ойының дамуына тікелей де жанама да әсер ететіндей сипатының болуымен маңызды болмақ.
1.9 ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ ФАКТОРЛАРЫ
Этномәдени білім беру-заман талабы.Қазіргі білім беру салсында заман ағымына орай этномәдени білім берудің әр түрлі жолдары іздестірілуде. «Педагогикалық құрамның сапасын көтеру,мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарына күшйту қажет»деген елбасы жолдауына орай мемлекетімізде қолға алынған ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсн аяқтап,білім беру саласында бірқатар оң өзгерістерді қабылдаушы,жинақтаушы болса,ал жаңа талап бойынша жеке тұлға бұрын білімді қабылдауша,жинақтаушы болса,л жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы үйрене білуші ретінде танылады.
Қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесінің реформалаудың басты мақсаты-білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу.Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысады.Жеке адамның дамуы белгілі қоғамдвқ қолдау мен әлеуметтік қажетсінуі керек етеді. Б ұл бағытта американ ғалымы А.Маслудың идеяларына жүгінеміз.Адамның өзін-өзі өзектендіруі жетінші деңгейде қарастырылады.Яғни,бала өз ақылына,сезіміне сүйене отырып,шешім қабылдауға үйрену керек.
ҚОРЫТЫНДА
Біздер ХХI ғасырда,яғни адам санасын шарықтап дамыған техниканың барынша жетілген уақытында өмір сүріп жатырмыз.Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді,мәдениетті кәсіби құзыреттілікті бойына сіңірген,рухани бай болуды қажет етеді.
Сондықтан осы өзгермелі заманның түрлі өзгерістермен тең басатын,ұлттық құндылықтарды қайта жандандырып,күнделікті өмірінде қолданып,келер ұрпаққа ирас етіп қалдыратын тұлғаны қалыптастыру бүгінгі таңдағы барлық саналы адамдардың өмірінің өзекті мақсаты болуы керек.
Бүгінгі бүлдіршін ертеңгі күннің иегері болмақ.Балабақша ұйымдарын жаңа философияға негіздей басқару ,яғни жеке тұлғаға бағдарланған этномәдени білім беру мотивациялы жүйелік тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілсе,болашақ мамандарды даярлауда теория мен тәжірибені тең игеріп,іс-әрекетті қолдана білуге көңіл бөлінсе құба-құп.Балабақшаны қалпына келтіруде, оны басқаруда педагогикалық менеджментті қолдану,жаңашыл тың көзқарастармен еңбек ету алынса артық емес.
Әр бала өзінің дамуында отбасының,оның тұрмысының,мәдени таңдаулардың ықпалын сезеді.Балабақшаның барлық жағдайында баланың ұжымда тәрбиеленуі мен дамуы үшін бір мақсатта бағытталған.Мұндаай жағымды жағдай құру-өз ішіне саналы және кеңістік пен оның элементтерін әсем ұйымдастырылуын қамтитын үлкен өнер.Баланы қоршаған дамытушы ортада бала да өзінің заттық әлемінде шығармашыл бола алатындац мүмкіндік туығызу керек,сонда ғана ересектермен,құрдастармен өзара әрекеттестік үдерісінде өзінің жеке басынын тұлғалық-дамытушы шығармашылығы қалыптасады.
Қорыта келе,этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңестіктің дамытушы ортаның маңыздылығын түсіне отырып біз оның ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды анықтадық:
•балаларды ұлттық құндылықтарды ескере отырып қызмет етуге,өзін жақсы сезінуге,денсаулыққа және дүниені сезінуге,оң әрекеттер жасауға үйрету;
•баланың толық және уақытылы дамуын,баламен аймақтық қоршаған орта арасында үйлесміді қатынасты,ыңғайлылықты қамтамасыз ету;
•балалардың жас және жеке ерекшеліктерін барынша ескеру
Топта қандай да бір нақты ұлттық бұрыштардың немесе дамытушы орталардың болуына нақты қатал талаптар,жабдықтардың бекітілген тізімі жоқ.Топтық ұлттық ойын бөлмесіндегі қоршаған орта педагог пен балалардың даралығын көрсетеді,ол қайталанбас және дербес.Заманауи этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру баланың тұтас дамуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық ойын және ұлттық ойыншық өзара ажырамас бөліктер.Ұлттық ойыншық ұлттық ойынды өмірге келтіреді,ал ойын дамып, жаңа ойыншықтарды талап етеді.Ұлттық ойыншық танымдық қатынаста бала үшін қоршаған материалдық шынайлықтың жалпылама эталоны ретінде шығады.Ұлттық ойыншықтар тақырыптық және көркемдік мазмұны бойынша әртүрлі болуы мүмкін,бірақ олардың бәрі нақты педагогиялық талаптарға сай болуы тиіс.
Осы талаптардың бастылары жас ерекшеліктеріне және ұлттық ойыншықтардың, ойынынның әр түрлілігіне, сәйкестігіне қатысты.Әр жаста балаға тақырыбы мен мақсаты бойынша алуан түрлі ұлттық ойыншықтар қажет: сюжеттік, техникалық,ойыншық еңбек құралдары, ермек ойыншықтар, театралдық,музыкалық,спорт арнайы функцияларын бөлуге мүмкіндік беретін ойыншықтар қажет,ойыншықтардың көлемі,олардың бала қолынан өлшеміне (ұлттық нақышта әрленген қасық,тәрелке,үтік,астаулар және т.с.с. ойыншықтарға), онын бойына сәйкестігі (қуыршақ жиһазы, машиналар,бесік,домбыра,қобыз жаәне т.б.), (ұлттық киім киген қуыршақтар,аюлар және т.б.) маңызды.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау моделі нақты критериилермен белгіленбегендіктен,педагог пен балалардың жайлылығымен қатар білім стандартына сайлығымен ғана баға беруге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
С.Қалиев Қазақ этнопедагогикасы – 1999
С.Қалиев,Қ.Жарықбаев Қазақтың салт-дәстүр,әдет-ғұрыптары.Алматы, 2000
Қ.Ж.Қожахметова Қазақ этнопедагогикасының методологиясы.Алматы,2000
Республикалық басылымдар.Алматы,2002
Әдістемелік нұсқаулық.Алматы,2002
Журн. Бастауыш мектеп.Алматы,1990
В.А.Георгиевский, Л.М. Шитинова.Проведение в начальных классах.
Аралбаева Г.К.Мектепке дейінгі педагогика.-Алматы,2012-220б.
Жұмабекова Ф.Балабақшадағы көркемдік тәрбие.-Алматы 2000-151б.
Жұмабекова Ф.Мектепке дейінгі педагогика.-Астана,2012-336б.
Аймағамбетова Қ.А. Мектепке дейінгі және бастауыш білім курсы бойынша семинарлық,практикалық сабақтар.-Алматы,2002-262б.
Родинова Ж.Н.Формирование эстического воспрятия художественного текста у детей дошкольного возраста.-Барнаул, 2010.-90б.
Балаларды міндетті мектепалды даярлау тұжырымдамасы -Алматы,1999
Едігенова А.Ж.Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық кеңес: даярлық және өткізу.-Алматты,2006.-60бет.
Едігенова А.Ж. Ойната отырып тәрбиелейміз.-Семей,2011.
Баймұратова Б.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы.-Алматы,1990-144б.
Дүкенбаева Г.Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгерілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992-59б.
Дүкенбаева Г.Дамашева А.Шағын (құрама) балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.-Алматы,1991-106б.
Жұмабекова Ф. Балабақшадағы тұрмыстық талғам.-Алматы,1994-30б.
Қасымжанова М.Жол және бала.-Алматы,1992-69б.
Жүнісбек Ә.Қазақ тілі балабақшаға бастауыш мектептеріне арналған ойын құралы.-Алматы,1992-23б.
Бакраденова А.Баймұратова Б.Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы,1992-208б.
Баймұратова Г.Балабақшада оқыту және тәрбилеу бағыты бойынша (әдістемелік нұсқау).-Алматы,1992-208б.
Күребаева Г.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойлау әрекетінің диагностикасы.-Семей,1999-46б.
Адашкявичине Э.И. Спортивные игры и упражнения в детском саду.-Москва,1992-159с.
Артемова Л.В. Окружающий мир в дидактических гирах дошкольников.-Москва,1992-96с.
Кереева А.Ерте жастан үш тілге қатар үйрету //Отбасы және балабақша,2012,№6,4-5б.
Данашева А. Заттың дамытушы ортаның мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіруге орны //Бастауыш мектеп, 2009,№10,9-12б.
Жұсқабаев О.Балабақша бүлдіршіндерді әлеуметтендіру институты ретінде //Ұлт тағылымы, 2010,№3,60-63 б.
Өтеген Б.Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық процестерін анықтау әдістері //Білім=Оброзование, 2010,№2,71-73б.
Пірашев С. Ұлтжандылыққа ұрпаққа салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу ережелері //Білім=Оброзование,2010,№2,51-57б.
Жиенбаева С. Балабақшасының еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесін қалыптастыруда даралығын ескеру //Қазақстан орта мектебі,2008,№5-10,7-15б.
Метербаева К.М. дәріс «Заттық дамытушы орта», Алматы,2016 жыл.
ЖОБА
«Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау моделі»
Орындаған:Тажиданова А.Т
АҚТӨБЕ,2017ж
Мақсаты:
-Әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз ете отырып,аймақтық және ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат беру;
-Балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,этномәдени тәрбие беріп,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін және педагогикалық үдерісті жетілдіру;
Міндеті:
-Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру және білімдерін қалыптастыру;
-Балаларды қазақ халқының өнегелі-рухани ұстанымдарын қалыптастыру;
-Адамгершілік сезімдерін және жақсылық қайырымдылық,әдептілік туралы көзқарастарын қалыптастыру;
-Үлкен жастағы адамдарды сыйлауға тәрбиелеу,жанұяда татулыққа,әдептілік сақтауға тәрбиелеу;
-Туған жеріне,өз халқына,тіліне,тари хына деген сүйіспеншілігін ояту;
-Балалардың аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық дамыту ортасына деген қызығушылығын арттыру;
Күтілетін нәтиже:
-Мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық және дамытушы ұлттық ойыншықтар жүйесін құру;
-Ересектер мен балалар үшін ең қолайлы этникалық мәдени ортаны құру мақсатында мектепке дейінгі ішкі архитектуралы-жоспарлық шешімін қалыптастыру;
-Мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдени және аймақтық ерешеліктерді ескере отырып,дамытушы ортаны құру қағидаты негізінде педагогикалық үдерісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ-БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ! Халық мақалы
Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,балаларды ерте жастан амытуға арналған заттық дамтушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Балаларды ұлттық нақышта жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастағын қамтамасыз ету
Аталған бағыт бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда түрлі түрліт
үлгілерді жасауға мүмкіндік беру,педагогтардың ұлттық шығармашылық әл-ауқатын жетілдіру
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің міндеті-этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау,өнер тілі мен әлемнің көркемдігін жаңғырту тәсілдерін тану,еркін таңдауда танымдық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыру,заттық-кеңістікті дамытушы ортаны модельдей алу шеберлігінен құралады.Заттық ортаны этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып,модельдеу балалардың өзара білім алмасулары,бірлесулері,өзара қарым-қатынастары үшін жағдай жасайды.Осы себепті,баланың жан-жақты дамуына өзінің мазмұны және қасиеттері арқылы әсер ететін дамытушы отаның ерекшеліктерін ұғыну бүгінде маңызды міндет болып табылады.Дамыту ортасы бала топта өзін және өзінің өмірін құрып,өзінің қуанышы мен уайымын өзгелермен бөлісе алатындай,балалар мен ресектердің өзара әрекетінде ең және дәнекер ретінде қызмет етуі тиіс.Бұл орта бала қуанып бара алатындай және мелінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек.Топта әрбір бала өзге тұлғалардың арасында өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай,өзінің жеке мүмкіндігін іске асыра алатындай,өзін жайлы сезінетіндей қоршаған кеңістікті құрастыру қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі жас кезеңдері бойынша балаларға арналған этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала тоырып заттық-дамытушылық ортаны құру бойынша ұйымдастыру жұмыстарының формалары мен әдістері
Этномәдени және аймақтық еркшеліктерді есепке ала құрылған заттық-дамытушы ортаны құрылған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет. Орта білімберу,дамытушы,тәрбиелеуші,ынталандырушы,ұйымдастырушы,коммууникативті функциясын атқаруы тиіс. Этномәдини және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық-дамытушы ортасы балалардың жас балалардың жан жақты дамуын қамтамасыз ету қажет,білім беру үдерісінің
біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістңкті құру ерекшеліктерін,оқу кезеңі мен білім беру кезінде бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.
Кеңістік икемді және вариативті қолдану қажет.Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;
Ұлттық заттардың мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс.Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;
Әрбір топта балалардың эксперименттік әрекеттеріне арналған орынды қарастырылуы қажет;
Топтық кеңістіктке этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған заттық ортаны ұйымдастыра отырып,психикалық даму заңдылықтарын,олардың денсаулық көрсеткіштерін,психофизологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін жалпы және сөйлеудің жалпы деңгейін,сонымен қатар,эмоционалдық қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет
Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған дамытушы-заттық ортаны құру қажет:
•ойын зонасы; •эксперимент жасау бұрышы; •оқшаулану зонасы;
•табиғат бұрышы;
•заманауи ұлттық ойындар; •логопедиялық бұрышы;
•дамытушы ұлттық ойындар
•ұлттық бұйымдар бұрышы
•дидактикалық және көрнекі материалдар; •фонетека,видеотека;
• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;
•спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.
•шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағдарлауың әдіснамалық тұрғылары
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуға ықпал етіп,педагогикалық ұжым тарапынан өзгеріс жасауға болатын төмендегідей ішкі маңызды факторларды атап айтуға болады:
•балаларға арналған
•арнайы дамытушыортаның жабдықталуы және оңтайлы мүмкіндіктердің жасалу,білім беруде жеке тұлғаның қажеттіліктерінің ескерілуі;
•білім берудіңжалпыадамзаттыққұндылықтары мен гуманитарлық бағыттарының тереңдетілуі;
•оның әбебаптылығы,қоғамдық білім берудің интеграциялануы;нарықтық экономиканың дамуы;
• әлеуметтік қажеттіліктердің көбеюі;
•білім берудің азаматтық қызыметінің рөлінің көтерілуі;
• жеке тұлғаның кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптың жоғарлығы;
•білім берумазмұны мен оның меңгеру тәсілдері;
•педагогтің балалармен өзара әрекеттерінің типтері;
•мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен әрекеттерін ұйымдастыруы;
• мамандармен қамтамасыз етку және материалдық базаны жабдықтау,оқу әдістемелік,қаржылық қорларды нығайту;
• білім үрдісінің санитарлық-гигиеналық шарттары мен дәрігерлік сауықтыру бағыттары;
• білім беру үрдісіне психологиялық қолдану көрсетілуі;
• педаогтар мен жетекшілердің кәсіби құзыреттілігі;
•педагогикалық ұжымның әлеуметтік институттармен өзара әрекеттері;
• балаларды тәрбиелеу,оқыту мен дамыту мәселесінде мектепке дейінгі ұйымдармен отбасының бірлескен әрекеттері;
• мектепке дейінгі ұйымдарды инновациялық басқарудың ұйымдастыруы;
Білім мазмұны зама ағымына,қоғам дамуына сәйкес үнемі өзгеріс үстінде болып,жаңартылып отыруы заңды құбылыс.Бұл өзгерістерге сәкес мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуға ықпал етіп,педагогикалық ұжым тарапынан өзгеріс жасауға болады.
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері және жүзеге асырылуы
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту
Ортасы сапасын бағалау бөлімнің негізгі міндеттері:
•мектепке дейінгіұйымдардың барлық субьектілері тарапыннан ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасын мемлекеттік стандартын қамыту және сапалы білім алуға мұқтаждығын қанағаттандыру;
• мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасын басқаруын бақылау және талдап сүймелдеу;•
• ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың дамуының негізгі үрдісінің ахуалын анықтау,сараптау,бағалау және болжау;
• ұлттық құндылығымыз туралы білім беру сапасын жақсарту мәселелері жайлы басқару шешімдерді ақпараттық қамыту ;
•аймақтықжәне этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамту ортасы сапасын бағалау жүйесінің біркелкі ақпараттық-технологиялық базасын әзірлеу;
• жинаған ақпараттардың бағын айқындау және оны басқару шешімдерді қабылдаудағы ақпараттық негізгі ретінде пайдалану технологиясын әзірлеу;
• оқу және басқа да құрылымдық бөлшектердің,қолбасшылық және тәрбиешілер құрылымының рейтингісін айқындау;
Аймақтық және этномәдени ерекшеліктерді есепке ала отырып мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау қазіргі қолда бар бақылау рәсімдеу және сараптамалық мектепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалау арқылы жүзеге асады:
• әр қилы үйрету сатыларындағы балалардың білім алу жетістіктеріне бақылау жүргізмен;
• балалардың шығармашылық жетістіктерін талдаумен;
• қолбасшылық және тәрбиешілер құрамын аттестатау нәтежиелерімен;
• балабақшаны мемлекеттік аттестатау барысындағы өзіндік талдау нәтежиелерімен;
• балабақшаның ішкі бақылау жүйесімен
Аймақтық және этномәдени еркешеліктерді есепке ала отырып мкетепке дейінгі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалаудың жекеше өздерне меншікті жүйесін қалыптастыруын көмекпен қамтиды,тәрбиешілер қолданысындағы мектепке дейінігі ұйымнның заттық дамыту ортасы сапасын бағалаудың жекеше жүйесінің сараптамасын жүрізеді.
Мақсаты талдау топтары қолбасшылық және тәрбиешілер құрамын аттестатау барысында олардың өнімділігі мен кәсәпқойлығын бағалауға қатысады.