Мотивациялық қызығушылық Motivational Engine | – Балалар, келген қонақтармен сәлемдесейік. Шаттық шеңбері: Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Балалар: Сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге... Балалар: Сәлем! - Балалар, бізге ертегідегі Маша хат жолдапты. Машаның хаты: - Сәлем, балалар! Маған сендердің көмектерін қажет. Мен Аюға лимонад апара жатып, тасқа сүрініп, лимонадымды сындырып алдым. Енді Аю бұл ғажайып сусынның дәмін тата алмайды. Мен лимонад жасау білмеймін. Маған көмектесіңдерші! – Балалар, Машаға көмектесеміз бе? Қалай көмектесеміз? Дұрыс айтасыңдар балалар. Лимонадты жасау үшін мен сендерді біздің зертханаға шақырамын. | Қонақтармен сәлемдеседі: «Сәлеметсіздер ме!», «Здравствуйте!», «Hello!» Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, сөздерді қайталайды. Машаның хатын мұқият тыңдайды. Көмектесуге ниет білдіреді. Ия көмектесеміз. Лимонад жасап береміз. | | |
Ұйымдастыру- ізденушілік Organizational research | - Тәжірибе жасамас бұрын біз сендермен зертхана, зерттеуші деген ұғымдарды еске түсірейікші. Зертхана – тәжірибелер жасайтын арнайы орын, ал зерттеуші – бұл осы тәжірибелерді жасаушы адам, яғни сендер бүгін зерттеуші боласыңдар! Зерттеушілер жұмысты арнайы алжапқыш киіп орындайды. Кәне, алжапқыштарымызды киейік. - Балалар, мына сызбаға назар аударындаршы, мұнда зертханадағы тәртіп ережелері белгіленген. Кәне, кім маған зертханадағы тәртіп ережелерін атап береді? Дұрыс. Ал енді мына сызбаға назар аударайық, мұнда лимонадтың құрамы қандай болатыны белгіленген (су, қант, лимон, бояғыш). Лимонадтың неден жасалатынын білдік, енді жұмысқа кірісейік. Менімен бірге мына үстелге жақындайық. 1-тәжірибе. бейне суретімен таныстыру. Көзімізбен біз не істейміз? Дұрыс, қазір біз сендермен бірінші тәжірибені көзбен көру арқылы жасаймыз. Балалар, стакандағы суға қараңдаршы, судың түсі бар ма? Кәне, сұрақ қою арқылы мақсат қойып, көрейікші. Менің білгім келеді, судың түсі болады ма? Балалар, енді алдарында жатқан қасықты стаканға салып қарайықшы, қасық көріне ме? Қандай қорытынды жасаймыз? Судың түсі болмайды, яғни су түссіз. Кім маған су сөзін орыс және ағылшын тілдерінде атайды? 2-тәжірибе. бейне суретімен таныстыру. Ауызбен біз дәм сеземіз. Біз келесі тәжірибені судың дәмін тату арқылы жасаймыз. Мақсат қояйық: Менің білгім келеді: судың дәмі болады ма? Қасықпен судың дәмін татып көріңдерші. Не сездіңдер? Судың дәмі бар ма? Қорытынды: Судың дәмі болмайды. Ал енді, суға қант қосып көрейік, дәмін көріндер. Өзгеріс бар ма? Қорытынды: суға қант қосқанда оның дәмі өзгереді. Қант сөзін орыс және ағылшын тілдерінде атайық. Жарайсыңдар, балалар! Біраз бой сергітіп алайық. Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Мөлдір суға тамаша Бетіңді жу жараса. Жуынсаң сен әрдайым Таза денең, маңдайың, Тазалықтың досы – Су дегенің осы! 3-тәжірибе. бейне суретімен таныстыру. Мұрынмен біз иіс сеземіз, яғни иіскейміз. Келесі тәжірибемізді иіскеу арқылы жасаймыз. Мақсат қояйық: Менің білгім келеді: судың иісі болады ма? Стакандағы суды иіскеп көрейікші. Не сездіңдер? Қорытынды жасайық: судың иісі болмайды. Ал енді, суға тарелкада жатқан лимонды абайлап салайық, біраз тосайық, лимон сөзінің орыс және ағылшынша атауын кім айтады? Ал енді, суды тағы иіскеп көрейік. Не сездіңдер? Қорытынды: суға лимонды қосқанда, ол лимонның дәмін өзіне алды. 4-тәжірибе. бейне суретімен таныстыру. Бұл бейне сурет заттың түсін білдіреді, естеріңе сақтаңдар. Естеріңде ме, біз стаканға қасықты салып оны қарап көрдік те, судың түсі болмайтынын білдік. Алдымызда тұрған стакандағы судың түсін өзгертуге болады ма? Қалай ойлайсыңдар? Енді келесі тәжірибеге мақсат қойып көрейік: Менің білгім келеді: судың түсі болады ма? Алдарыңда тұрған кішкентай стакандағы бояғышты суы бар стаканға құяйық. Судың түсі өзгерді ме? Қорытынды: судың түсін бояғышпен бояуға болады. Міне, біздің Аюға жасаған лимонадымыз дайын. Жарайсыңдар, балалар! - Балалар, кәне, лимонадты неден жасауға болатынын еске түсірейікші.   | Зертхана, зерттеуші сөздеріне анықтама береді. Алжапқыштарын киеді. Балалар зертханадағы жұмыс тәртібін атайды. Сызбаны оқиды. Көзбен біз көреміз. Стакандағы суды қарайды, мақсат қойып үйренеді. Тәрбиешінің үлгісі, нұсқауы бойынша тәжірибе жасайды. Көрінеді. Тәрбиешімен бірге қорытынды шығарады. Су – вода – water Ауызбен біз дәм сеземіз. Стакандағы судың дәмін татады, мақсат қояды. Тәрбиешінің үлгісі, нұсқауы бойынша тәжірибе жасайды. Тәрбиешімен бірге қорытынды шығарады. Қант – сахар – sugar. Сөздер бойынша қимылдарды орындайды. Мұрынмен иіс сеземіз, иіскейміз. Стакандағы суды иіскейді, мақсат қояды. Тәрбиешінің үлгісі, нұсқауы бойынша тәжірибе жасайды. Тәрбиешімен бірге қорытынды шығарады. Лимонды суға салады, сөздерді атайды: лимон – лимон – lemon. Суды иіскеп, қорытынды жасайды. Тәрбиешіні тыңдайды. Тәжірибені еске түсіреді. Мақсат қояды. Тәжірибе жасайды. Қорытынды шығарады. Сызба арқылы лимонадтың неден жасалатынын айтады. | | |
Рефлексивті-түзетуші Reflective correction | Бейне суреттер арқылы судың құрамын қорытындылайық. - судың түсі болмайтынын білдік. - судың дәмі болмайтынын білдік - судың иісі болмайтынын білдік.   - судың түсі болмайтынын білдік. Бірақ суға қандай да бір затты қоссақ ол дәмін, иісін, түсін өзгертеді. Ал енді, өзімізді бағалайтын кез келді. Егер сабақ қызықты болып сендерге ұнаса, көңілді тамшыны таңдап, орнына қоясындар, ал егер сабақ қызықсыз болып, қиындықтарын болған болса, көңілсіз тамшыны алып, орнына қоясындар. | Бейне суреттер арқылы сабақты қорытады. Сұрақтарға толық жауап береді. Өздерін бағалайды. | | |