kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алтын күз"ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балаларға күз тақырыбына арналған ертеңгілік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алтын күз"ертеңгілігі»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.


Жүргізуші:Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі–түсті жапырақтарға толы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма балалар? Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Күз мейрамы!

Жүргізуші:

- Күз айында қандай өзгерістер болады?

-Күз айын неліктен «Алтын күз», «Жомарт Күз» деп атаймыз ?

-Күз айы сендерге ұнай ма?

-Жарайсыңдар, ендеше «Білесің бе» ойынын ойнайықшы.

«Білесің бе ?» ойыны

Күзде гүлдер өсе?

Бұлттар күнді торлай ма?

Өткір желдер соға ма?

Жерді тұман баса ма?

Аңдар інге қаша ма?

Қамбаға өнім түсе ме?

Құстар ұшып кете ме?

Жаңбыр жиі жауа ма?

Етік киіп алармыз.

Күн ыстығын төге ме?

Балалар күнге қыздырына ма?

Не істейміз сонда біз,

Күрте, баскиім киерміз.

(Балалар «жоқ», «иа» деп жауап қайтарады.)


Ойын: «Сиқырлы орамал»

( Орамал астына көкөніс пен жемістер жасырылады,оның пішіні,дәмі жасырыла жұмбақтай айтылады,балалар шешуін табады .)

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, табайық?

(қызыл түсті, тәтті, дөңгелек пішінді) Бұл не? (алма)

(қабат-қабат жапырақ, жасыл түсті) Бұл не? (орамжапырақ)

(өзі қатты сопақша,сары түсті ) Бұл не? (сәбіз)


Ән: «Жаңбыр» Орындайтындар: Раяна, Айшабибі,Гүлім

1.Жаңбыр –жаңбыр жауа бер

Таудан асып ауа бер

Жадырасын туған жер

Күміс моншақ таға бер

2.Жаңбыр-жауды себелеп

Жасырынды көбелек

Аспан кетті күркіреп

Бұл не деген керемет!


Қимылды ойын: «Жаңбырдан қорықпаймыз»

Жүргізуші балалармен:Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жаңбыр келіп жауады

Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).


Жүргізуші:Балалар, Жомарт күздің бізге берген сыйлары өздері туралы не дейді екен, олардың адамдарға қандай пайдасы бар екен, қане ортаға шақырайық.

Нұртас : Нұриман:

Мен қызанақ, қызанақпын Мен, пиязбын,пиязбын

Қызарып-ақ пісемін. Балмен қосып өзімді

Дәмім тәтті болғасын Пайдалансаң жөтелге

Мені халық көп жейді. Емдермін мен де өзіңді.

Аяулым: Жарқынай:

Мен сәбізбін, сәбізбін, Мен, қызылшамын,қызылшамын

Емдік қасиет көп менде. Пісіріп жесең салатпын

Елнұр: Өттегі тасты жібіткен

Мен қауынмын,қауынмын Қызылшаң мен боламын.

Емделемін десең дәрімін Заңғар:

Бүйрек , асқазан, жүректі Мен, алмұртпын, алмұртпын

Жазамын жүйке ауруын. Аузындамын бар жұрттың.

Ақнұр: Рахман:

Мен қарбызбын, қарбызбын Мен, жүзіммін, жүзіммін

Күннің көзін сүйемін. Моншақ болып тізілдім.

Ауырса бауыр, бүйрегін Анеля:

Көмегімді беремін. Мен өрікпін, өрікпін

Марлен: Табиғатқа көрікпін.

Мен орамжапырақпын,

Толық адамдарға керекпін.

Көп ауруды жазамын,

Емделемін десең әзірмін.

Батырқайыр:

Мен картоппын, картоппын

Жер жүзінде мен көппін.

Тағамға көп қолдансаң,

Айығарсың кеселден.


Жүргізуші: Балалар, «Кім жапырақты көп жинайды»ойынын ойнайық.

(Жерде жатқан жапырақтарды әуен біткенше тездете жинап үлгеруі қажет.)

Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ Күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ – дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше Күз айналып!.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алтын күз"ертеңгілігі

Автор: Мурзагалиева Гулгайын Утегеновна

Дата: 20.11.2018

Номер свидетельства: 486638

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?асыр электриктері"
    ["seo_title"] => string(21) "g-asyr-eliektriktieri"
    ["file_id"] => string(6) "325737"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463035165"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства