Просмотр содержимого документа
«"Алыс -жақын арасында"»
Білім беру саласы:Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Алыс – жақын, арасында»
Мақсаты: Балаларға өзінің айналасындағы заттардың орналасуын анықтауға үйретуді жалғастыру. Алыс-жақын, арасында ұғымдарын мағына жағына айыра білуге үйрету. ойлау, сезу, көру қабілеттерін дамыту Адамгершілікке, еңбеккорлыққа, татулықа, тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: Интрактивтік тақта, жұмыс дәптері.
Мотивациялық қозғаушылық.
‑Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Олай болса қонақтарға өзіміздің ақылды, тәртіпті бала екендерімізді көрсетейік. Бәріміз орнымыздан тұрып достарымызға жылулық лебізімізді білдірейік.
Шаттық еңбері:
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
-Өте жақсы балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар. (тақтамен жұмыс)
-Балалар қараңдаршы мұнда не көріп тұрсыңдар?
Бұл сандар қаласы. Мұнда сандар дұрыс тұрма?
-Балалар қай саны алыста тұр, қай саны жақында тұр?Сандарды рет ретімен қойайық. Сандарды рет ретімен қойып шықтық, енді осы сандарымызды санайық. Ал енді кері санайық.
-Балалар айтыңдаршы қай сан ортасында тұр?
(Хабарламаның дауысы шығады.слайдты көрсетеді)
Балалар сендер естідіңдер ме? Бұл ненің дауысы. (Балалардың жауаптары)
Дұрыс айтасыңдар балалар бізге хабарлама келіпті оқып көрейікші, ол кімнен келді екен. Бұл ормандағы қояннан келген екен. Сендер мұқият тыңдаңдар мен сендерге оқып берйін. Сәлеметсіңдерме менің кішкентай достарым. Мен үйімнен алыстап бір орманда адасып кеттім. Маған көмектерің қажет. Маған көлігімді, достарымды, үйімді, табуға көмектесіңіздерші.
Балалар қоянға көмектесемізбе?
Дәптермен жұмыс:
1.Қайсысы ненің ойыншығы, сызып көрсет.
Балалар қараңдаршы мұнда ненің суретін көріп тұрсыңдар? Ойыншықтарға көмектесеміз ба? Қалай көмектессек болады? Ойыншықтарда сандар тұр, сол сандармен қай көлікте қанша дөнгелек бар болса, сол көлікті ойыншыққа сызып көрсетеміз. Қоянның көлігі қайсы екен?
Қоянға көлігін тауып бердік, енді достарын табуға көмектесейік.
2. Алаңқайда қанша қоян болса, сонша дөңгелекті боя.
-Балалар қараңдаршы қоянның достары алаңқайда жүр екен. Қанша қоян көріп тұрсыңдар, санайықшы. Қоянның қанша досы бар екен? Қанша дөңгелек бояймыз?
Дұрыс айтасыңдар?
Сергіту сәті:
Сұр қояным,
Ақ түске бояндым.
Сытыр еткен бұтақтан
Селт етіп қорқамын.
Отырамыз!
Тұрамыз!
Бір,екі үш.
Біз жинаймыз күш.
3.Қоянның үйі кірпі мен тиіннің үйінің арасында. Тиіннің үйінен кейін ненің үйі бар – кірпінің бе, әлде қоянның ба? Үйді және оның иесін боя.
Ал, балалар суретке қараңдар. Қоянға үйін табуға көмектесейік.
Дұрыс айтасыңдар?
Билингвальды ком: Алыс - , Жақын - , ортасында - ,
‑Жарайсыңдар балалар, Қоянға Жақсы көмектестіңдер?
4. Суретте қанша айырмашылық тапсаң, сонша дөңгелек боя.
-Балалар бұл қоян адасып жүрген орман ағаштары.
Қараңдаршы қанша айырмашылқ көріп тұрсыңдар? Қанша дөңгелек бояймыз?
Дұрыс айтасыңдар.
Қортынды:
-балалар бүгін біз кімге көмектестік?
-Қоянға қалай көмектестік
‑Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма? (хабарламаның дауысы шығады)
-балалар бұл неің дауысы. Бізге тағыда бір хабарлама келген екен оқып көрейікші. Бұл тағыда қояннан келіпті. Оқып берейін. Рахмет сендерге менің кішкентай достарым. Сендер маған көп көмектестіңдер, сендер өте ақылды, тапқыр екенсіңдер. Сендерге алғысым шексіз. Сау болыңдар.
Сендерге қоян көмектескендерің үшін көп көп алғыс айтып жатыр.
Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Айналасындағы заттардың орналасуын.
Қандай түсініктерді игерді: Алыс – жақын, ортасында ұғымдарын мағынасы жағынан айыра білуді.