10.Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? Гүлмаржан
11.Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? Гүлжайна
Ұлдар: Апатайым анашым - анам!
Ән: "Көктем келді"
Гүлжайна: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық
Гүлмаржан: Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймыз анашым!
Екі жүргізуші: "Бәйтерек" тобының "Ана - өмір шуағы" атты мерекелік кешімізді бастаймыз.
Ән: "Көктем"
Гүлжайна: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Балалардың тақпақтарына кезек береміз.
Ақтоты: Бүгін көктем күнінде
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар
Нұрила: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Ғайни: Айқабақты анашым
Күн сәулелі анашым
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым
Нұрым Ерасыл: Ана - біздің күніміз
Ана - біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Муыка әуенімен Ана кіреді.
Ана: Сәлеметсіздерме балапандарым! Не сауық бұл жерде?
Балалар: Аналар мен әжелер, қыздардың мерекесі. Оларды мерекелерінмен құттықтап жатыр.
Ана: Немен құттықтап жатыр? Қандай мереке?Неге мен ештеңе білмеймін?
Балалар: Ия, бүгін 8наурыз әйелдер күні?
Ана: Ой, қандай бақыт! Ә мен де әдемімін ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!
Жүргізуші: Әрине, мерекеңізбен. Ал біздің балалар сізді мерекеңізбен құттықтайды.
Ана: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп қалды ғой!
Гүлмаржан: Аналар ақ тілекті сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып, қарсы алайық "Орыс" биі
Ана: Бәрекелді балалар әдемі билейді екенсіңдер. Ойын ойнағыларың келема?
Балалар: Ия
Ана: Сіздер аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді көреміз.Сіздерге ойын алып келдім.
Ойын: "Ананның алақанын сипап сезу"
Ойынның шарты:Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу
керек.
Балалардың тақпақтарға кезек береміз.
Әділет: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
Н.Інжу: Ай лав зэ уей ю лук
Ай лав зэ уей ю кук
Нау уат ай риали уонт тю сэй
Ис хәппи мазерс дэй
Бекзат: Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Гүлжайна: Ана дейміз, бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Ән: "Әкешім, анашым"
Би: "Микки маус"
Көрініс: "Ананың жұмбағы"
Автор: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті.
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер.
Сендердің бәріңді 9ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұлы:Мен ол адамды ұрамын.
Екінші ұлы: Мен ол адамның мұрнын бұзар едім.
Кенже: Жоқ, ана, мына екеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүниеге әкелуші адам. Ол - асыл ана. Сіз бізді 9ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз, қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым ақылды, әдепті, үлкен азамат болып өс.