Просмотр содержимого документа
«"Ана тілім - дана тілім"»
Тақырыбы: «Ана тілім - дана тілім»
Мақсаты: Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тілінің мән – маңызын түсіндіру, ән – би арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриот болуға тәрбиелеу.
Балалар сапқа тұрып «Атамекен» әуенінің ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Бейбарыс: Сәлем бердім, саған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге,
«Қазақ тілі» - дегендердің.
М.Дильназ: Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің солай болмақ бағамыз.
Ақтілек: Қазақстан халқының,
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар
Әнұраны – жүрегі.
Әнұран тыңдалады.
Б.Дильназ: Мәртебесі тілімнің,
Биік болсын халайық.
Достығымыз жарасып
Қосылып ән салайық.
Ән: «Ана тілі» Ш.Смаханұлы.
Осы кезде күй ойналып, атқа мінген бала кіреді.
Аслан: - Сүйінші, сүйінші! Алақай сүйінші!
Аянат: Сүйіншіңді берейін,
Айтшы тыңдап көрейін,
Қандай хабар әкелдің?
Аслан: Той басталды, тойға келіңдер. Ана тіліміздің мәртебесі артқан күн, еркіндігіміз бен теңдігіміздің бағы жанған күн.
Тәрбиеші: Тіліміздің даңқы ассын!
Тойымыз тойға ұлассын!
Би: «Қаражорға»
Нұрила: Өсірген ой, білімді,
Сүйемін туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Нұртас: Әркім тілін сүйеді,
Қадірлейміз мұны біз.
Қазақ тілі киелі –
Мемлекеттік тіліміз.
Нұргүл: Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Әмина: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мейіржан: Қазақ тілі – ана тілім,
Тамыры терең баба тілім.
Құтты болсын мереке,
Бал татыған бала тілім.
Сабина: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, елдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Тәрбиеші: Өмірімізді, өнерімізді көріп – бұл «қазақ» дейді.
Әнімізді, жырымызды тыңдап – бұл «қазақ» дейді.
Ерлігімізді, тірлігімізді көріп – бұл «қазақ» дейді.
Дархандығымызды, дастарханымызды көріп – бұл «қазақ» дейді.
Әдет – ғұрпымызды көріп – бқл «қазақ» дейді.
Әсем: Қазақ деген – ғажап дейді, сол үшін қазақ болғаныма мақтанамын, шаттанамын!