Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
– қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
бөлуді ешқашан естен шығармайық.
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
А.С.Макаренко
ІІ.Негізгі бөлім
1.“Мен үшін қымбат..”
2.“Бала деген кім?”
туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
А) «Мейірімділік шуағы»
Ғалымдардың айтуынша,
баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –
бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
1.«Балаңыз машина алып бер деп жылады.Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
2.«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, балабақшаға бармай ақ
қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
“Тілек шырағданы”
Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттаң да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Ой-толғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!