kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Тасилова Нагима 

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім,

Егер өмір теңіз болса, гауһары –мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,

Егер өмір ақын болса, сөзі -мұғалім

Шухрат.

Мамандық таңдау болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.Әйтсе де мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады. Себебі, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішіннен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділікті қажет ететін мұғалім мамандығының иесі атану бала кезгі арманым еді.

2004 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «педагогика және психология» мамандығы бойынша үздік аяқтап, кеншілер қаласына арнайы жолдама арқылы ұлы ағартушының есімін иеленген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжіне ұстаздық қызметке жұмысқа қабылдандым.

Бөтен қала, бөгде адамдар. Ең алғашында жаңа ортаға тез қалыптасып, ұжымға жылдам сіңісіп кету қиынның қиыны болды.

Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді шәкірт тәрбиелеу қызметін адал еңбекпен жүзеге асырғым келді.Жақсы ұстаз атану – әр жас маманның борышы.

Нағыз ұстаз болу бақыт әрі абырой.Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенмен,ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Кәсіби қызметімнің алғашқы күндерінде-ақ мені «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша оқыған қазақ тобына жетекші етіп бекітті. Барлығы өзім сияқты ауылдың қарапайым да аңғал, ак жүректі балалары.Бір қызығы, олардың арасында менімен қатарлас, тіпті менен бір-екі жас үлкен студент жастар бар еді.

Әр сабақты түсіндірген сайын бойымды қорқыныш сезімі билейтін. Әйтсе де ештенеге қарамастан болашаққа деген қызығушылықпен еңбек жолымды бастап та кеттім. Жақсы ұстаз - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орынын шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен шынайы сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады»деген сөздер жұмысқа келген сайын санамда жаңғырылып тұратын.

Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтейтіні баршаға мәлім. Ол «Ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.Тек жоғары сауатты,дарынды,дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»-деп бірегей тұлға- ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдірген болатын.

Сондықтан да «жас келсе іске»демекші өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын студент жастарға жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге тырыстым.

Бүгінгі білім мен білік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс.Орыс ақыны В. Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек»- деген екен.

Осыған байланысты менің ойымша жаңашыл ұстазға тән мына қасиеттерді даралап көрсетуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту сабағы»

Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту



Сабақтың тақырыбы: Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту
Сабақтың мақсаты:
Сауықтыру: оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту;
Білімдік: дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру;
Тәрбиелік: баланың күш қуатын, қимыл үйлесімін, төзімділігін тәрбиелеу;
Көрнекі құрал: Арқан, керме.

Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлімі: 8 минут.
1. Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. Даярлық жаттығуларды жасату:
- бұлшық етті жетілдіруге арналған барлық жаттығулар.
- иық буындарын қозғалысқа түсіретін қол қимылдары;
- ұсақ тастар мен үйеңкі жаңғақтарын (оң және сол қолмен) қашықтыққа лақтыру не нысанаға көздеу;

II. Негізгі бөлімі: 30 минут.
Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.
Арқанмен өрмелеудің негізгі екі тәсілі қолданылады. Біріншісі - арқанды орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу.
Негізгі жаттығуды орындамас бұрын мынандай дайындық жаттығулары орындалады:
1. арқанға асылып тұрып тербелу;
2. арқанға асылып тұрып аяқты алдына соза жоғары көтеру;
3. асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алдына соза жоғары көтеру) қолға тигізу.
Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.

Кермеде орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолмен асылып тұрып тербелу.
2. Екі аяқтың қылтасымен асылу.
3. Бір аяқты іліп алу арқылы кермеге шығу және екі қолға таянып тұру.
4. Кермеге таянып тұрып, алдына аударылып түсу.
5. Шалқадан жатып, кермеден ұстап тартылу.
6. Күшпен тартылу.

III. Қорытынды бөлімі: 5 минут.
1. Бағалау.
2. Үйге тапсырма: жалпы жаттығуларды орындау.
3. Денеге түскен салмақтың күшін жоюға арналған жаттығуларды жасату.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Арқанға өрмелеуді үйрету, дамыту сабағы

Автор: Тасилова Нагима

Дата: 13.10.2016

Номер свидетельства: 349003

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ар?ан?а еркін ?діспен ?рмелеу . Ая?ты ?айшылап ?рмелеу."
    ["seo_title"] => string(63) "ark-ang-a-ierkin-dispien-ormielieu-aiak-ty-k-aishylap-ormielieu"
    ["file_id"] => string(6) "276486"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452748173"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Арқанға әртүрлі тәсілмен өрмелеу."
    ["seo_title"] => string(36) "ark_ang_a_rturli_t_silmien_ormielieu"
    ["file_id"] => string(6) "451257"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516452516"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Гимнастикалы? жатты?улар "
    ["seo_title"] => string(26) "gimnastikalyk-zhattyg-ular"
    ["file_id"] => string(6) "160609"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422094317"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Гимнастика. Акробатика жаттығуларын меңгерту"
    ["seo_title"] => string(49) "gimnastika_akrobatika_zhattyg_ularyn_mien_ghiertu"
    ["file_id"] => string(6) "454017"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517465082"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства