Мотивациялық – қозғаушылық | Балалармен амандасып, бүгін Наурыз мейрамы туралы әңгімелесетіндерін хабарлайды. | Балалар мұғаліммен амандасып, Наурыз мейрамы туралы әңгімелесетіндеріне қызығушылық танытады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Сурет бойынша әңгімелейді. Балалар, Наурыз Ұлыстың Ұлы күні жаңа жыл мерекесі. Наурызды шығыс халықтары Жаңа жыл деп санап 22 наурызда тойлайды. Бұл күні түн мен күн теңеледі. Табиғат құбылып, жаңадан шөп шығады, ағаштар жаңадан бүр жарады. Құстар балапан басып шығарады. Наурыз мерекесі амандасудан басталады. Бұл күні адамдар бір –бірімен төс қағысып амандасып, тілектер айтады: «Наурыз құтты болсын!» «Ақ мол болсын!» «Деніміз сау болсын!» «Қыдыр ата қолдасын!» «Пәле-жала жерге кірсін!» Енді біріміз осы тілектерді қайталап, амандасайық. керек. Бұл мейрам «Наурыз көжесіз» өтпейді. Оны жеті түрлі тағамнан жасайды: ет, құрт, сүт, бидай, тұз, жүгері, күріштен жасайды. Наурыз көжені тоя ішу керек, ол бұл жылы тоқшылық, молшылық болады дегенді білдірген. Бұл күні ән айтады, би билейді, ойындар ойнайды. Біз де қазір Наурыз келді інін жаттайық. Наурыз келді далама, Көктеді қыр жағалар. Наурыз тойын тойлайық. Жаңа жылда ағалар. Наурыз, Наурыз келді біздің жаңа жыл. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Керегені жазамыз Шаңырақты құрамыз. Уық болып иіліп, Киіз үйді құрамыз. -Наурыз тойында әр түрлі ұлттық ойындар ойналады. Мен сендерге «Тақия тастамақ» ойынын ойнауды ұсынамын. Мұғалім санамақтың көме-гімен ойыншы баланы сайлап, қалған балаларға шеңбер жасап отыруды ұсынады. Ойыншы балаға білдіртпей шеңберде отырған бір баланың артына тақияны қою керектігін және отырған бала тақияны алып, ойыншы қуып жету керек екендігін түсіндіреді. «Сақина салмақ» ойынын ұйымдастырады. | Балалар суретке қарап мұғалімнің әңгімесін тыңдайды. Тілектерді қайталап, бір-бірімен амандасады. «Наурыз құтты болсын!» «Ақ мол болсын!» «Деніміз сау болсын!» Наурыз көженің құрамын қайталайды. Әнді тыңдап, жаттайды. Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, қайталайды. Керегені жазамыз Шаңырақты құрамыз. Уық болып иіліп, Киіз үйді құрамыз. Балалар шеңбер жасап отырады. Ойыншы бала білдіртпей шеңберде отырған бір баланың артына тақияны қояды. Отырған бала тақияны алып, ойыншыны қуады, егер де жете алмаса ойыншы бала оның орнына отырады. «Сақина салмақ» ойынын ойнайды. |
Рефлексиялық – түзетушілік | -Балалар, бүгін сендермен қандай мейрам туралы әңгімелестік? - Наурызды шығыс халқы қай күні тойлайды? - Наурыз мейрамында қандай тағам дайындайды? - Наурыз көжеге неше тағам қосады? | -Наурыз мейрамы туралы әңгімеледік. -22 наурызда тойлайды. - Наурыз көже! -Жеті түрлі тағам қосады. |