Просмотр содержимого документа
«"Армысың, әз- Наурыз!"»
БЕКІТЕМІН
Балабақша меңгерушісі
Г.Иргебекова_________
«Армысың, әз – Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Мерекелік көңілдерін көтеру. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт – дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн-Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жүргізуші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал, наурыз – қазақ халқының шың мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтан да халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жайпай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулысы жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Армысың әз – Наурыз!» деп айтайық.
Ортаға бүлдіршіндеріміз кіріп, бір-бірімен амандасып, көріседі. Әжеміз келіп шашу шашады.
Жүргізуші: Ал, халайық тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашушашайық, деп – кезекті әнге берсек.
Ән: «Наурызым Армысың!»
Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік.
Айғаным: Ұлыс бақыт әкелсін
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын
Білім өнер серік болсын.
Ұлыс оң болсын!
Бестік баға мол болсын!
Айсұлу: Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап жерді.
Халқымның салт-дәстүрін аялаған.
Арманы асқақтады көптен бері.
Едіге: Күн емн түн теңелді
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз.
Алдияр Д: Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Мансұр: Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Нұрхаят: Бата беріп атамыз.
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз.
Дария: Арпа бидай тары бар
Қатық малта тағы бар,
Ішілетін жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ясмина: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Иван: Бақта құстар сайрайды
Жайнап көктем нұрыммен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел Наурызды тойлайды.
Алдияр К: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің,
Береке ырыс сыйлашы.
Жүргізуші: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық дей келе, кезекті қыздардың орындауындағы биге берейік.
Би: «Домбыра биі»
Ойын: «Орамал тастамақ»
Жүргізуші: Кезекті балалардың тақпағына берейік.
Айым: Туа берсін жаңа жыл.
Дүр сілкінсін дала бір,
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз-той!
Құтты болсын жаңа жыл!
Исламбек: Құрт, бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірімен мына жұрт,
Көрімдігін асырсын.
Арина: Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан
Су бұрқырап қатар қалған тастардан
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған.
Ибрахим: Бәйшешек гүл ашады.
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көп,
Кемерінен асады.
Әлілмансұр: Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық.
Ахмад: Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар.
Жанерке: Бақ дарысын бәріне,
Ой қосылсын ойыңа.
Бой қосылсын бойыңа,
Аман есен жетейік,
Келер Наурыз тойына.
Маржан: Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой,
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді.
Арай: Наурызда күлімдеп
Күн көзі жылынды.
Өзгеше бүгін леп,
Қыстауға тығылды.
Інжу: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды.
Ажар: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз
Қызыл даулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Елнұр: Би биледік бәріміз.
Егін өнін толқытқан.
Елдің көңілін толқытқан,
Бас иеміз Наурыз!
Аруна: Сені тойлап, қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге.
Арсен: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін!
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Халқамаздың ұлттық өнерінің бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысыболып отырған. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда.. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп ортаға шақырайық.
Әділмансұр: Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз.
«Айтыс» десе сәнденіп,
Қыздар іздей бастаймыз.
Айғаным: Біржан болып сен келген
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң,
Аққу құсың мен болам.
Исламбек: Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды-ақ,
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға,
Айтып берер тақылдап.
Жанерке: Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәндеді,
Қонақ күтіп, ән салды,
Ұлдарынан кембе еді.
Алдияр Д: Түрлендіріп қамшы өрем.
Қыздары таң қалады,
Күмбірлетіп күй шертіп,
Мұнда думан болады.
Інжу: Мақтандың ғой жігітім,
Өнеріңді көрейін.
Көрсет сәнді қамшыңды,
Біздер баға берейік.
Арын: Тойға барам деген соң.
Домыра ұстап жетіп ем,
Шашақтанған қамшымды,
Үйге тастап кетіп ем.
Інжу: Қалып қойса қамшыңыз
Тағы тойға келіңіз.
Сол қамшыны мына бізге,
Сонда бізге беріңіз.
Алдияр К: Қоштасайық халықпен
Ақылдарын пір тұтқан,
Сөз өненрін шөлдегенде,
Рахаттана бір жұтқан.
Ойын: «Теңге алу»
Жүргізуші: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Әже көженің қалай дайындалатыны жайлы айтып берсеңіз..
Жүргізуші: Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер, -дегендей аталардан бата күтеміз.