Білім беру саласы: «Коммуникация»,«Шығармашылық», «Денсаулық».
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ас атасы – Нан»
Максаты: Нанның маңыздылығын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетінін түсіндіру. Ас атасы нан туралы түсініктерін бекіту.Нанды қастерлеуге және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Баланың бақылағыштығын, қиялын дамыту.
Пән аралық байланыс.Мүсіндеу, денсаулық
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер, .
Билингвальді комонент: Бидай – пшеница, ұн – мука, қамыр – тесто, нан – хлеб
Жүрек жылуы шеңбері:
Үлкендерге де сіз,
Кішілерге де сіз
Баршаңызды құрметтеп ,
Бас иеміз біз.
Сабақ барысы:
Балалар, бүгінгі іс – ірекетімізді мынадай жұмбақтардан бастағым келіп отыр. Жауаптарынан сабақтың тақырыбын табамыз.
Аласағанабойы бар,
Қойнынатыққаннаны бар.(Бидай )
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз. ( Қамыр )
Үстітас, астытас,
Ортасындапіскен ас. (Н ан )
Әр жауабы бойынша слайдарқылы суреттері көрсетіледі.
Балалар, дәл осылай біздің дастарханымызға нан келеді.
Алдымен көктемде дән егеді, жаздай күтіп баптайды,
күзде бидай писеді. Бидайды диірменге апарып ұн тартады.
Ұнды наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан,ұн дүкендерге түседі. Ал содан соң дастарханымызға тәтті нан келеді.
Балалар, бүгінгі оқу іс –әрекетінің тақырыбы «Ас атасы нан».
Ал сендер нан туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Көктемде жерді жыртамыз
Тегістейміз тырмалап
Дәндерді оған егеміз
Жайқалып көктеп шықсын деп
Күз болғанда орамыз
Нанға біздер тоямыз
Нан туралы мақал–мәтелді де білесіңдер , айтып беріңдерші.
Жалқаудың жаны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
Ғажайып сәт:
Есік қағылып әже келеді.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Кім келді бізге қонаққа?
Әже
Мен бауырсқ ертегіндегі әжемін,сендерден көмек сұрап келдім.Менің пісірген бауырсағым қашып кеттіпті. Мен оны табалмай жүрмін Сендер маған көмектесесіндер ма? Бауырсақты табуға.
Ия әрине көмектесеміз
Алдымен әже сіз жолдан шаршап қалған шығарсыз,біздің балалармен бірге сергіту сәтәін жасап алайық.
Сергіту сәті.
Массажды доптармен ойын ұйымдастыру.
Допты қолға аламыз
Алақанға саламыз.
Оңға қарай дөңгелетіп,
Солға қарай дөңгелетіп,
Оң қолымен бір қысып,
Сол қолымен бір қысып,
Бір лақтырып алып біз
Орныны қоямыз.
Мнематехника
«Бауырсақ» Орыс халық ертегісі.
Ааа менің бауырсағымды түлкішек жеп қойған екенғой. Енді не стеймін?
Балалар біз әжеге көмектесеміз бе?
Ол үшін бізге бауырсақ пісіру үшін қамыр керек болады.
Бауырсақтың түсі қандай? Пішіні қандай?
Балалар, алдарыңда дайын тұзды қамыр тұр.Сол қамырдан әжеге бауырсақ пісіріп береміз бе?
Алдымен мен көрсетемін, содан соң сендержұмысты бастайсңдар.
Тұзды қамырдан дөңгелек пішін жасаймыз.
Бауырсақ пісіреміз.
Мінекей әже сізге біздің балалардың пісірген бауырсағы унады ма?
Ой керемет рахмет сендерге балаларым.
Менде жай құр қол келген жоқпын сендерге менің сыйлығым бар,алағойыңдар балаларым.
Енді мен өз үйіме барайын
Сау болыңдар балалар
Сау болыңыз әже
Қорытынды:
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Нанды қастерлеу керек екенін біледі.
Меңгерді: Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға еңбекпен келетінін меңгерді.
Жасай алады: Ұннан әртүрлі тағам әзірленетінін біледі.
ЖШС «Бэй –Бум» «Мансур» балабақшасы
№ 4 «Бал бала»Ортаңғы тобы
«Ашық сабақ»
Тақырыбы: «Ас атасы –нан»
Тәрбиеші:Исхакова Г.А
Красный яр 2019ж