Сабақтың барысы:
І кезең
Ынталандыру кезеңі (Тосын сый)
-Балалар,көңіл-күйлерің қалай?
-Жақсы
-Сабаққа дайынсыңдар ма?
-Иә
-Қоян,қоян.
-Ой,сәлеметсіңдер ме?
-Сәлеметсіз бе?!
-Мен сендерді көрмей қалыппын ғой.
Негізгі бөлім
Әңгімелесу
-Мен тоңып қалдым. Далаға не болған? Айналада жатқан аппақ не екен? Өзі сұп-суық,қолыма ұстасам су болып еріп кетеді. Бұның не екенін кімнен сұрарымды білмей далаға шыққам? Сендер білесіңдер ме?
-Онда кел,қоян.Төрлет. Сенің біздің сабағымызға келгенің дұрыс болды.Біз бүгін айналада жатқан қармен танысамыз.